Қазақстандағы балалар үйлерінен қамқоршылық кеңестер құрылады
«Ағымдағы жылы балалар үйлерінде қоғамдық бақылау орнатуды жоспарлаудамыз. Біз барлық балалар үйлерінде қамқоршылық кеңестерін құруды бастадық. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, мәслихаттардың өкілдері кіріп отыр. Ендігі уақытта балалар үйлерінде орын алып жатқан барлық жайт жергілікті қоғамдық ұйымдар мен баспасөздің бақылауымен қамқоршылық кеңестері отырысында тұрақты түрде талқыланатын болады», - деді Сағадиев.
Оның атап өтуінше, 1 наурызға дейін қамқоршылық кеңесіне қатысуға ниет білдірушілердің аты-жөндері мен тізімі жасақталуы тиіс.
«Мұнан ары кеңестер құрылып, бірден бірінші отырыстары басталады. Баспасөзге бұл іске белсене қатысуды өтінемін. Біз бұл жобаға қатты сеніп отырмыз. Жалпы, балалар үйлерінің, болашақта мектептердің директорлары бір адаммен тағайындалмауы қажет есептеймін. Жергілікті қоғамдастық қатысуы тиіс», - деді министр.
Осы ретте ол өткен жылдың жазында барлық әлеуетті ата-аналар мен балалар туралы ақпараттар жинақталған республикалық мәліметтер базасы құрылғанын атап өтті. Нәтижесінде тағы 6 балалар үйі қысқарып, балалар үйлерінде адам саны бір мыңға қысқарды.