Қазақстандағы барлық кітап қоры электронды форматқа көшіріледі - Арыстанбек Мұхамедиұлы
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Рухани қазына» фестивалінің ашылу салтанатында мәлім етті.
«Кітапханаларды жандандыру ісінде бастапқы нәтижелер өз жемісін бере бастады. Бүгінде интернетке қолжетімді кітапханалар саны өсіп, кітап қорлары қайта жаңарып, сандық форматқа көшірілуде. Министрлік пен «Нұр отан» партиясының бірлесуімен отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, жандандыру ісі де жолға қойылмақ. Нәтижесінде бірыңғай онлайн кітапхана жүйесі қалыптасып, еліміздегі барлық кітап қоры электронды форматқа көшіріледі», - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, фестивальге Семей полигонының құрбандарына арналған «Заман-ай» әнін жапон тілінде шырқайтын Хиросима әншісі Мичида Риокко арнайы келді.