Қазақстандағы барлық республикалық жолдар ашық - «Қазақавтожол» РМК

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандағы барлық республикалық маңызы бар жолдар ашық. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысындағы боранға байланысты кешеден бері
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" жолының 780-900 шақырымындағы "Тарбағатай-Аксуат" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Бүгін сағат 17.00-ден бастап бұл жолда көлік қозғалысы жанданды.