Қазақстандағы барлық түрмеде шайхана бар – ҚАЖК төрағасы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылары еліміз түрмелерінде жайлы жағдай жасау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда әрбір колонияда – отрядтарда шайханабар. Барлық колонияларда тоңазытқыштар, микроволновкалар, шайнек дейсіз бе –бәрі баршылық», - дейді ҚАЖК төрағасы Дархан Қанатбеков ІІМ-де өткен баспасөзмәслихатында.

Ал ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары ТеңізжанЖәнібеков болса, Алматы облысындағы түрмеде тіркелген азаптау оқиғасына қарап,барлық түзеу мекемелерінде солай болып жатыр деп ойламау керектігін айтады.

«Жалпы, ондай жағдайларды болдырмау үшін жақындаминистр өзінің орынбасарларын инспекциялауға жіберді. Қазір біз жан-жақты іс-шаралардыжүргіземіз. Азаптау оқиғалары болса, сол мезетте шара қабылдаймыз. Қазіргітаңда заңға өзгеріс енгізу бағытында көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Біз бүкілҚазақстандағы түрме саласындағы ең білікті мамандарды және ҮЕҰ мүшелерін,халықаралық ұйымдардың мүшелерін шақыртып, ұсыныстарын сұрадық. Себебі,өзіміздің жасап жатқан қызметімізде кем-кетік бар шығар. Соның барлығыназаматтық қоғаммен жинақтап, 200-ге жуық ұсыныс алдық. Жұмыс тобы құрылды.Мынадай жайттарды болдырмау үшін жан-жақты іс-шараларды қолданамыз», - дедіТеңізжан Жәнібеков.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасыДархан Қанатбеков Қазақстанда түрмедегі адамдардың саны 100мыңнан 29 мыңға азайғанын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар