Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылдағанын еске салды. Бидай квотасының көлемі 1 млн тонна, ұн шығаруға – 300 мың тонна белгіленген.
«Қазір бізде өндірушілер де, бидай өңдеушілер де балансқа келді. Сондықтан нарық тұрақты, жұмыс істеп жатырмыз. Біздің қорымыз жаңа егінге дейін жеткілікті», - деді Ербол Қарашөкеев Үкіметте өткен брифингте.
Сонымен бірге Е. Қарашөкеев бидайдың әлемдік бағасының өсуіне байланысты ұн тапшылығы бола ма деген сұраққа жауап берді.
«Ұн тапшылығы жоқ және болмайды», - деді министр.
Бұған дейін Ербол Қарашөкеев Қазақстанда нан бағасы тұрақты болатынын, оның қымбаттауына еш себеп жоғын айтқан еді.