«Қазақстан 2000 жылдардан бастап білім берудің желілік жүйесінен кредиттік жүйеге сатылап көшті. Оған формалды түрде көшкенімен ол классикалық кредитік жүйеге онша ұқсамайды. Батыс елдері мен АҚШ-та қолданылатын. Ондағы басты айырмашылық - мемлекеттік білім стандартының жоқтығы. Қазақстанда мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бакалавр мен магистрдің білім мазмұнының жартысынан көбін анықтайды. Ал АҚШ-та ол мүлде жоқ», - дейді Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университінің PhD Жақсылық Сәбитов. Оның айтуынша, американдық кредиттік білім беру жүйесінде бәсекелестік өте күшті дамыған. Ол негізінен оқытушылардың арасында студенттерге, студенттер арасында бағаға, университеттер арасында абитуренттерге, PhD арасында Профессор ассистенті лауазымына бәсекелестігі және тағы басқалар.
20:02, 25 Желтоқсан 2012
Қазақстандағы білім берудің кредиттік жүйесі классикалық жүйеден өзгеше - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университінің философия докторы
АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда білім берудің кредиттік жүйесіне көшуді 2000 жылдары бастады. Бұл туралы бүгін «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының жанынан құрылған «ASPANDAU» Think Tank Club»-тың «Қазақстан Республикасындағы білім проблемалары» деп аталатын алқалы жиынында айтылды.