деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, қалалық атқарушы органдардың өкілдері мен білім саласының қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев баяндама жасап, қазіргі білім саласының ахуалына тоқталды.Оның айтуынша, қазіргі дағдарыс уақытына қарамастан еліміздегі білім саласы тұрақты түрде дамып келеді.Бұл ретте Қазақстанның білім дамуының көрсеткіші бойынша 121 елдің арасында 1-ші орынды иеленуі дәлел.
«Біздің еліміз халықаралық салыстырмалы зерттеу бойынша АҚШ, Германия, Қытайдың алдында 7-ші орында тұр.Айта кетерлігі Қазақстан бұл зерттеуге бірінші рет қатысты.Жыл сайын халықаралық олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлерінің саны артып отыр.Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып 51-ші Халықаралық математика олимпиадасын өткізу эстафетасын алды.2010 жылы бұл шарамен қатар Астанада ТМД елдерінің бірінші педагогтар сьезін өткізу көзделіп отыр», деді ҚР Білім және ғылым министрі.Ол сондай-ақ елімізде балабақшалар мен кәсіптік-техникалық лицей, колледждердің саны артып отырғанын жеткізді.Мәселен, биылғы жылдың соңына дейін 105 мектептің құрылысы аяқталады.Биылғы жылы тұңғыш рет мектептерді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 27 миллиард теңге бөлінген.Сондай-ақ мектептердің материалдық техникалық базасы жаңартылуда.Биылға дейін 2900 мультимедиялық лингофондық кабинеттер алынған.Биылғы жылы осындай жабдықпен 3820 мектеп жабдықталған.Мектептерді интернетпен қамтамасыз ету 98 пайыз, оның 31 пайызы жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосылған.1 компьютерге 20 оқушыдан келеді.Ыстық тамақпен мектептердің 71 пайызы қамтылған.Сөз соңында Жансейіт Түймебаев алдағы жаңа оқу жылында осы жетістіктерді жалғастыру қажет екендігін атап өтіп, ұстаздар қауымын құттықтады.