«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы Елбасымыздың тапсырмасын және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халыққа Жолдауында және 2011 жылдың 11 қаңтарындағы «Нұр-Отан» партиясының ХІІІ съезінде қойылған міндеттерді орындау мақсатында алдағы 20 жылға арналған салалық өркендеуге байланысты 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық форсайт жайлы конференция өткізбек.
Ғылыми-технологиялық форсайт ұлттық инновациялық жүйенің әртүрлі субъектілерімен ортақ пікірге келу негізінде аса қажетті технологиялар мен басқа да салаларды жетілдіруге бағытталған еліміздің одан әрі дамуын анықтауды алға тартады.
Конференцияға ғылым және бизнес саласындағы, сонымен қатар, түрлі қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері және халықаралық сарапшылар - барлығы 300-ден астам адам қатысады деп күтілуде.