Қазақстандағы босқындар саны 606 адамды құрайды
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, еліміздегі босқындардың ұлттық құрамы бойынша хазарлар - 107 адам, пуштундар - 146 адам, тәжіктер - 314 адам, өзбектер - 27 адам, басқа ұлттар - 12 адам болып отыр. Ал олардың шыққан елдері бойынша 602 адам Ауғанстаннан келгендер болса, 2-еуі Сомалиден, 2-еуі Эфиопиядан келгендер. Жалпы республика бойынша босқындар еліміздің 5 аумағында тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңы ағымдағы жылғы қаңтардың 1-інде күшіне енген болатын. Заңның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетіне жүктелген және Қазақтан Республикасындағы босқындар құқығы бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссары Басқармасының аумақтық өкілдігімен бірлесіп атқарылуда. Осыған орай, Көші-қон комитеті мен БҰҰ Жоғары Комиссар Басқармасы Қазақстанда жүрген барлық босқындарды қайта тіркеп, оларға Қазақстан билігіндегі мандатты беру жөніндегі мәселелерді жүргізуде. Сондықтан да, Көші-қон органының басшылығы және БҰҰ Комиссариатының өкілдері Қазақстанда босқын ретінде қорғау іздеп жүрген барлық адамдарды Көші-қон комитетінің аумақтық департаменттеріне кешеуілдетпей тіркелуге үндеген болатын.