Қазақстандағы ЕҚЫҰ саммитіне дейін біз Қарабақ проблемасын реттеудің ортақ қағидаларының келісілген нұсқасына шыға алар едік - Д.Медведев

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев Таулы Қарабақ проблемасын реттеу жөніндегі келіссөздердің аясындағы Ресей, Әзірбайжан және Армения президенттерінің кездесуін пайдалы деп санайды. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлап отыр.

Кремльдің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Д.Медведев: «Келіссөзге қос тараптың да қатысу факті, Қарабақ жанжалының белсенді фазасынан жақсырақ», - деп мәлім етті. Оған қоса, президент, «бұл тек келіссөз емес, алға ілгерілеушілік екенін» атап көрсетті.

Қарабақ жанжалын талқылаудың қорытындысы бойынша Д.Медведев, проблеманы реттеудің ортақ қағидаларының келісілген нұсқасы желтоқсанның 1-2-сінде пайда болуы мүмкін екенін айтты. «Біз біраз жұмыстар атқардық, егер тараптар алдағы айларда жақсы жұмыс істесе, сыртқы істер министрлеріне біз ондай тапсырма міндетті түрде береміз, Қазақстанда желтоқсанның 1-2-сінде өтетін ЕҚЫҰ саммитіне біз проблеманы реттеудің ортақ қағидаларының келісілген нұсқасымен бара алар едік», деп санайды РФ Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Президенті Д.Медведев, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев және Армения Президенті Серж Саргсян сәрсенбі күні Астраханда өткен үшжақты кездесуде Таулы қарабақ проблемасын реттеудің жолдары талқыланды.