Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандар - күзетшілер мен санитарлар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындары санының арақатынасы бойынша ең тапшы мамандықтар тізімін күзетшілер бастап тұр. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығыныңсарапшылары атап өткендей, биылғы 6 ай қорытындысы бойынша еңбек нарығында 4,4 мыңнан астамкүзетші бос лауазымына сұраныс жоқ. Тапшы мамандықтар бестігіне санитарлар (2,6 мыңнан астам бос жұмысорны),тазалаушылар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тиеушілер (2,1 мың) кірді.

Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығынажол салушылар, балабақша тәрбиешілері, мейіргерлер,такси жүргізушілері мен промоутерлер енеді.

Айта кететін жайт,республика өңірлерінде еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді.Мәселен, Шымкентте - тазалаушылар (300-ден астам бос жұмыс орны), Алматыда - такси жүргізушілерінің жетіспеушілігібайқалады (2 мыңнан астам бос жұмыс орны). Нұр-Сұлтанда күзетшілержетіспейді (1,1 мың бос жұмыс орны).

2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағыэлектрондық еңбек биржасында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарыныңталдауымен толығырақ мына сілтемеде танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар