«Трансформация жоспары - бұл ұзақмерзімді бағдарлама. 10, 15 тіпті 20 жыл осыған кетуі мүмкін. Бұның өзі біз үшін ағымдағы жоғары менеджмент қазір орын алып жатқан өзгерістердің, бағдарлама барысында орын алатынның әрбірін бақылай алмайтынын аңғартады. Сондықтан да, трансформация жұмысының негізгі ауқымы бүгінгі менеджерлер буынының емес, келешектегі жас ұрпақтың мойнына түсуі мүмкін. Сол себептен біз дәл осы келешек өрендер үшін, оларды трансформация мақсат-міндетін орындауға даярлауымыз керек», - деді Сэр Ричард Эванс.
Оның айтуынша, Қазақстандағы ең үздік инвестицияның бірі - «Болашақ» стипендиясын енгізу. Сонымен қатар, Директорлар кеңесінің мүшесі Назарбаев Университетінің дүниеге келуін де инвестицияның озық үлгісі деп атап өтті. «Біз осындай инвестициялардан жеңіске жете аламыз», - дей келе мұндай бағыттағы стпендиялар, тренинг компаниялардың маңызы зор екенін атап өтті. «Бізде мұндай бағдарламалар баршылық. Ірі жеткізушілер тарапынан да ұсынылып жатыр. Солардың бірі Қашағанмен байланысты болатын, алайда ол әлі жүзеге аспай отыр. Бізге жоғары сапалы даму бағдарламаларын құру қажет, сол арқылы даму мен тәжірибе аса жағымды базаны қалыптастырады», - деді ол.