Қазақстандағы ең ұзын питон жаңа вольерге көшірілді (ФОТО)
13:28, 11 Ақпан 2016
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында Қазақстандағы ең ұзын жылан торлы питон мекен етеді. Оның ұзындығы 4 метр 79 сантиметр.
Зообақ басшылығы жануардың одан әрі өсуіне баспананың тарлығы кедергі келтіріп отырғанын айтқан еді. Бұл туралы тілшіміздің өткен жылғы сәуір айындағы материалында айтылып өткен болатын.
Зооба-тың баспасөз қызметінің хабарлауынша, торлы питон жаңа вольерге көшті. Жануардың баспана мәселесі қала тұрғындарының көмегімен шешілген.