АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда еңбекақы қалыпты қарқынмен өсуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаңтар-маусымдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрдің дерегінше, жоғары өндірістік белсенділік еңбек нарығының көрсеткіштеріне оң әсер етті. Ағымдағы жылдың басынан бері 178,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылғы мамырда жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды және 4,9 пайызды құрады.
«Еңбекақы қалыпты қарқынмен өсуде. Ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда орташа айлық еңбекақы 152,8 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 0,8 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде нақты ақшалай кірістер 1,2 артты өсті», - деді Тимур Сүлейменов.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.