Оның атап өтуінше, Ұлттық энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы даму институты энергияны үнемдеудегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Мәселен, Дүниежүзілік банк гранты аясында институт Қазақстан Үкіметі атынан «Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасының атқарушы агенті ретінде айқындалған.
«Жоба аясында бүкіл республика бойынша шамамен 100-ге жуық әлеуметтік нысанды жаңғырту жоспарланып отыр. 2015-2016 жылдардың өзінде-ақ 44 әлеуметтік нысан (балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен көшелерді жарықтандыру) іріктеп алынған. Оның 19-ы бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, биыл-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын қолға алу жоспарланған», - деді Ә.Исекешев.
Айта кетейік, елордада «Бюджеттік сектор мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарында энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру жобаларына инвестициялар тарту» тақырыбында дөңгелек үсте отырысы өтуде.