«Қазақстандағы энергия жинақтау» жобасы аясында 25 мың жылу энергиясын есептеу құралы іске асырылды

None
АЛМАТЫ. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы жылу есептеу жүйесіндегі бірден-бір өндіруші саналатын «Дасу» АҚ «Қазақстандағы энергия жинақтау» жобасы аясында 25 мың жылу энергиясын есептеу жабдығын жүзеге асырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары бұл бағытта көп нәрсе жасалды, алайда алдымызда жасалуға тиісті істер одан да көп. Өкінішке орай ел тұрғындарының көпшілігі әлі энергия және жылу жинақтау құралдарынының құндылығын білмейді немесе түсінбейді. Энергияны сақтау арқылы біз оны тек үнемдеп қана қоймай, табиғат ресурстарын да сақтаймыз», дейді «Дасу» АҚ-ның сату департаментінің директоры Мұхтар Бегманов. Акционерлік қоғам 2008 жылдың ақпан айында Парламентке «Қазақстандағы энергия жинақтау» жобасы тұжырымдамасын ұсынып, ол қолдау тапқан болатын. Онда бүкіл Қазақстан бойынша жалпыүйлік жылу есептеу жүйесін, жылу реттеу жүйесін, ал пәтерлерге ыстық және суық суды есептеу құралдарын орнату жоспарланған еді.