Қазақстандағы этникаралық қатынастар тарихы, патриотизм туралы арнайы бағдарлама әзірлеу керек- Елбасы

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстандағы этникаралық қатынастардың тарихы, патриотизм туралы арнайы бағдарлама әзірлеу қажет.

Бұл туралы Президент бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясында айтты.

«Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім беру мекемелерінде балабақшадан бастап жоғары оқу орындарын қамтитын Қазақстандағы этникааралық қатынастар тарихы, патриотизм туралы арнайы бағдарламаларды әзірлеп, енгізу керек»,- деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы өз сөзінде Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның құрылу тарихын жазу бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.