Қазақстандағы гендерлік саясатты дамыту жөніндегі жобаның нәтижесі көңіл тоярлықтай

анның 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның БҰҰ Даму бағдарламасымен және  Швецияның халықаралық даму агенттігімен (СИДА)  бірлесіп жүзеге асырған Қазақстандағы гендерлік саясатты  дамыту жөніндегі жобаның нәтижесіне көңілі толады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БҰҰ Даму бағдарламасы және СИДО-мен бірлескен жұмыстың нәтижесі қуантады. Өзімнің оптимизмімді мына дәлелдермен қуаттағым келеді. Атап айтқанда, 1999 жылы орталықтағы шешім қабылдау деңгейіндегі жағдай мынадай болатын: 1999 жылы Парламент Мәжілісіне 9 әйел сайланды, бұл депуттардың 13 пайызын құрады. Ал бүгінгі күнде биліктің осы органында еліміз заңнамасын 19 әйел табысты жетілдіруде, бұл 18 пайызды құрайды. Ал, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттардың 17 пайыздан астамы әйелдер. Көріп отырғанымыздай, прогресс айқын», деді Г. Әбдіхалықова бүгін Астанада өткен «Қазақстандағы әйелдер мен еркектерге арналған тең мүмкіндіктер: бүгінгі болмысы мен келешегі» атты конференцияда. 

Сонымен қатар, Г. Әбдіхалықова елімізде билік органдарына қатыстыру үшін әйелдердің кандидатурасын дайындайтын Әйелдер көшбасшылығының республикалық мектептер желісі құрылғанын атап көрсетті. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 59 үкіметтік емес ұйымдар кіреді. «Ұлттық комиссия, әйелдердің қоғамдық бірлестіктері, көптеген үкіметтік емес ұйымдар гендерлік мейнстримингті мүмкіндігінше ілгерілету жөнінде көзге көрінбейтін ауқымды жұмыстар жүргізуде», деді ол. Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру 2016 жылы аяқталатынын айтқан министр: «Сондықтан да біз осы құжатта көрініс тапқан индикаторларға қол жеткізуге ұмтыламыз», деді.