Қазақстандағы индустриалдық аймақтарды «Болашақтың» түлектері басқарады

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Индустриалдық аймақтарды басқару жұмысына «Болашақ» бағдарламасының түлектері тартылады. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстандағы индустриалдық аймақтарды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар басқарады. «Былайша айтқанда, олар басқарушы компаниялар болмақ. Ал жаңа тұжырымдамаға сәйкес, орта деңгейдегі басқарушылар санатына «Болашақ» бағдарламасының түлектері кіреді», - деп атап көрсетті С. Жұманғарин.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде республика бойынша бес индустриалдық аймақ жұмыс жасап жатыр. Болашақта оның саны артатын болады.