Қазақстандағы инфляция деңгейі шілдеде 0,2%, ал жыл басынан бері - 2,8% құраған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы инфляция деңгейі өткен айлармен салыстырғанда шілдеде 0,2%, ал 2018 жылдың желтоқсан айынан бері 2,8% құраған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Өткен айдаазық-түлік тауарлары - 0,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,3%, ал ақылықызметтер бағасы - 0,1% қымбаттаған.

Жыл басынан 1 тамызаралығындағы жағдай бойынша, азық-түлік тауарларының бағасы 6%-ға, азық-түліккежатпайтын тауарлардың бағасы 2,4%-ғаөсті, ақылы қызметтер 0,7%-ға арзандады.

Жыл басынан берітары - 43,9%, күріш - 15,7%, ұн - 15,4%, қой еті - 11,1%, мұздатылған балық -9,7%, нан - 9%, жемістер мен көкөністер - 8,9%, жылқы еті - 8,8%, макаронөнімдері - 7,9%, сиыр еті - 7,4%, құс, шошқа еті - 6,8%, ірімшік - 6,2%, етөнімдері - 5,7%, бөлке және ұннан жасалған өнімдер - 5,2%, шұжық - 4,4%, шай -4,3%, кондитерлік өнімдер - 3,7%-ға қымбаттаған.

Темекі өнімдері10%, алкогольсіз сусындар 8,9%, алкогольді ішімдіктер 5,6%-ға қымбаттады. Қияр- 56,2%, қызанақ - 28,7%, қырыққабат - 14,5%, жұмыртқа - 12,1%, сүт - 4,6%,түйіршіктелген қант - 2,7%, сүзбе - 2,4%,қарақұмық - 2%-ға арзандаған.

Фармацевтикалықөнімдердің бағасы 4,9%-ға өскен.Сондай-ақ, автомобильдер - 4,8%, құрылыс материалдары - 4,5%, жиһаз жәнетұрмыстық заттар - 3,8%, тоқыма бұйымдары - 3,7%, тұрмыстық техника - 3, 6%,киім және аяқ киім - 3,5%, жеке заттар - 3,3%, жуғыш және тазалағыш заттар -3,2%-ға қымбаттаған.

Бензин - 4,6%,дизель отыны - 1,2%, баллондардағы сұйытылған газ - 0,9%-ға арзандаған.

Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласында орталықтан жылыту тарифтері - 11%, ыстық су- 10,1%, суық су - 7,8%, кәріз желілерін пайдалану - 7,2%, электр қуаты - 5,6%,қоқыс жинау - 3,6%, тасымалданатын газ тарифтері - 4,1%-ға төмендеген.

Санаторийқызметтері - 9,9%, заңгерлік қызметтер және жеке көлік құралдарын сақтандыру -5%, медициналық қызметтер - 4,2%, экскурсиялар мен демалыс орындарына бару -3,7%, қоғамдық тамақтану қызметтері - 3,5%, шаштараз және жеке қызмет көрсетуорындары - 3,3%, қонақ үй қызметі - 2,2%-ға қымбаттаған.


Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар