Қазақстандағы IРho жоғары бағаға лайық - IРho-ның болгариялық қатысушысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұйымдастырған физикадан 45-ші халықаралық олимпиада (IРho) тек қана жоғары бағаға лайық деп есептейді Болгариядан келген олимпиадаға қатысушы Катерина Найденова.

Болгариядан келген өкілдің айтуына қарағанда, ол физикадан осы тектес олимиадаға төртінші рет қатысып отыр. Алайда Астанадағы IРho менің маған ерекше әсер берді дейді.

«Астанада өткен олимпиада - мен қатысқандардың ішіндегі ең кереметі. Шара өте жақсы ұйымдастырылған», - деп атап өтті ол.

К. Найденованың айтуынша, Қазақстан оған қонақжайлығымен, көркемдігімен ерекша әсер қалдырды.

«Астана - өте әсем қала. Сондай-ақ мен көрген қалалардың ішіндегі ең сәндісі. Мен көп саяхат жасағанмын. Бұндай таза, әсем қаланы көрмеппін», - деп айтып кетті олимпиаданың болгариялық қатысушысы.