Қазақстандағы кәсіпорындар мен мекемелерге биыл қазанда 75,2 мың адам қабылданды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кәсіпорындар мен мекемелерге ағымдағы жылдың қазан айында 75,2 мың адам қабылданды. Ал түрлі себептермен осы ұжымдардан шығып қалған азаматтар саны -75,2 мың адамды құрап отыр.

Статистика агенттігі таратқан мәліметтер бойынша, бір ай ішінде өз еркімен жұмыстан босатылған азаматтар саны 78,0 пайызды құрады. Ал қысқартуға ұшырағандары -3,2 пайыз, сондай-ақ түрлі себептермен жұмыстан босатылғандары - 18,8 пайыз болып отыр.

Осылайша қазан айында қабылдау және босату коэффиценттері 2,5 пайызға жетті. Кадрлардың тұрақсыздығы - 2,0 пайыз. Қазан айында жұмыстан босаған азаматтардың 100,1 пайызы жұмысқа қабылданған азаматтармен қайта толықтырылды.