Бұл жайлы бүгін Алматада өткен Қайырымдылық қорлары қауымдастығының алқалы жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шараны «Аяла» және «Дара» қайырымдылық қорлары ұйымдастырды. Осында Қайырымдылық қорлары қауымдастығының көмегімен Италияның Бергамо қаласының кардиоорталығында білімдерін жетілдірген А. Сызғанов атындағы хирургиялық ұлттық ғылыми орталықтың екі дәрігерінің баяндамасы тыңдалды. Қазақстандағы қайырымдылық қорларының «Шын жүректен қауымдастығы» қоғамдық қорының басшысы Михаил Филоновтың айтуынша, олар енді желтоқсан айында "қазақстандағы қайырымдылық" ақпараттық сайтын ашпақ. Ол халыққа қайырымдылық қорлары жайлы деректер ұсынады және еліміздегі осындай қорлар арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бұл өзара тәжірибе алмасуға және қайырымдылық қорлары жұмысының сапасы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік тудырмақ.