Қазақстандағы кедейлік соңғы 10 жылда 4 есеге қысқарды - Елбасы

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кедейлік соңғы 10 жылда 4 есеге қысқарды.

Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты тақырыпта интерактивті дәріс оқу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Президенттің айтуынша, соңғы 10 жылда Қазақстандағы кедейлік деңгейі 4 есеге қысқарды. Азаматтардың табысы 45 есеге өсті. Экономика 16 есеге артты. «Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13 мың долларға жетіп, Қазақстан бүгінгі күні Түркия, Мексика, Малайзия, Словения секілді мемелкеттер қатарында тұр. Осыдан он жыл бұрын бұл туралы армандай да алмас едік», - деді Н. Назарбаев.

Теңдестірілген сыртқы саясат та әлемдік деңгейде үлкен табысқа жеткізді.