«Наурыз айында көп жылғы лидер, мызғымас саяси бедел иесі Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті лауазымынан кетуі әлемде, әсіресе, Қазақстанның жақын көршілерінің арасында қызу талқыға түсті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды» деген сөзімен келісемін», - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіндегі Қазақстан Республикасында кезектен тыс сайлау өткізу туралы қабылданған шешімнің дұрыс екендігі туралы сөздерге мән берген жөн.
«Мен Қазақстанның бұрыннан келе жатқан, еліңіздің ішкі және сыртқы саясатын үзбей бақылап отыратын досы ретінде Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», - деді ол.
Авторы: Мирас Қуандықов