АҚШ пен Канада халқы жыл сайын 2 ақпан күні «суыр күнін» атап өтеді. Суыр суық күннің қашан аяқталып, көктемнің қашан келетінін болжайды.
Аталған елдердегі дәстүрге сәйкес, Пенсильвания штатының Панксатони қаласында тұратын Фил есімді суырды оятып, оның іс-әрекетін бақылау керек. Егер жануар өз көлеңкесін көргенде қорқып үйге кірсе, қыс алты аптаға созылады. Ал көлеңкесінен қорықпаса, көктем ерте келеді деп болжайды.
Халықтың бұл дәстүрге сенетіні соншалық, 2013 жылы халық Филдың болжамына сәйкес, күн ерте жылынады деп күткен болатын. Алайда қыс ұзаққа созылып, халық оны өлім жазасына кесу керек деп дүрлігіп, кейін кеміргішке рақымшылық жасаған.