Оның сөзіне қарағанда, осы салада бүгінде Қазақстанда өте жақсы заңдық негіз құрылған. «Құқықтық негіз бар. Алайда техикалық тұрғыда біз қалыс келеміз. Ақпараттың жайылып кетпеуін тіркейтін құралы бар кәсіпорындар өте аз. Атап айтқанда, кибер қылмысқа, ақпараттық деректер ұрлығына қарсы тұратын жеткілікті жүйемен қамтылғандар шамалы», - деді С. Муминов.
Оның айтуынша, бұл тұрғыда коммерциялық құрылымдарға қарағанда ақпараттық қауіпсіздік мемлекеттік органдарда жақсы жетілдірілген. Сонымен қатар ол Қазақстанда кибер қылмыстар жайында статистика әзірге жүргізілмей отырғандығын сөз етті.