деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Еуропалық қайта құру және даму банкінің BAS бағдарламасының қолдаумен «BISAM Central Asia» бизнес-ақпарат, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығы» жүргізді. Оған тапсырыс берген «National Business» іскерлік журналы, Қазақстан-Жапония адам қорларын дамыту орталығы, «Лекс» консалтинг орталығы (Павлодар) және «Бизнес-инкубатор СодБи» (Шымкент) аймақтық қоғамдық қорлары.
«Бұл шағын және орта бизнестің консалтинг арқылы дамуына қолдау көрсету үшін жасалып отыр. Өйткені нарықтың жай-күйін анықтаудың маңызы өте зор. Біз үшін консалтинг кәсіпорындардың дамуына қажетті әртүрлі қызметтер. Біз соңғы 8-9 жылда бұл нарықта бірқатар іс-шаралар атқардық. Арнайы жобалар жасап, түрлі тренингтер өткіздік. Бұл консалтингтік және тренингтік нарықтағы ұсыныс пен сұранысты, оның мәселелері мен даму ағымдарын талдаған республикадағы алғашқы ауқымды зерттеу болып отыр. Зерттеу нысаны консалтингтік және бизнес тренинг қызметін қамтамасыз етушілер, кеңес берушілердің кәсіби қауымдастықтары, экономиканың түрлі салаларында қызмет ететін консалтингтік қызмет көрсетудің әлеуетті тұтынушалары болып табылды», BAS бағдарламасының Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Габриэль әл-Салем. Оның айтуынша, бизнесті ақылсыз жүргізу қиын емес. Оны ақылмен жүргізушілер ресурстарының шектеулі екенін жақсы біледі. Бизнес қауымдастық қандай қызмет түрлері мен кеңесшілер бар екенін білуі керек. Сондықтан зерттеу қорытындысы біз үшін өте қызықты болды. Мәселен, нарықта 1500-дей компания мен 2 мыңнан астам кеңесші бар екені анықталды. Алайда сан мен сапаның арасындағы айырмашылық өте үлкен.