Мәлім етілгендей, Чжан Ханьхуэй Қазақстандағы елші қызметін аяқтағаннан кейін, ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі болып тағайындалды.
Чжан Ханьхуэй 1963 жылы Ляонин провинциясында дүниеге келген. Еңбек жолын 1988-1992 жылдар аралығында Бейжің қаласындағы дипломаттарға қызмет көрсету бюросында аудармашы лауазымынан бастаған.
1992-1995 жылдары Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінің үшінші хатшысы; 1995-2001 жылдары ҚХР Сыртқы істер министрлігі Еуразия департаментінің үшінші хатшысы, директорының орынбасары және директор қызметтерін атқарған.
2001-2014 жылдары ҚХР-дың Украинадағы елшілігінің кеңесшісі, ҚХР Сыртқы істер министрлігі Еуразия департаменті кеңесшісі және Еуразия департаментінің басшысы болды.
2014-2018 жылдары ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі миссиясын атқарды.