«Бұдан бөлек, осы нарықтағы айналым ауқымды болғанымен, айтарлықтай проблемалар баршылық. Өйткені, саланы реттеудің нақты тетіктері қамтылған емес. Жекелеген жағдайларда алаяқтық та орын алуда. Осының өзі халықтың лотереяға сенімін төмендетіп отыр. Ал халық сенімін қалпына келтіру үшін бірқатар әкімшіліктік жүйелі шаралар қабылдауды қажет етеді», - деді Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов.
Тоқтала кететін жайт, лотереялар әлемдегі жыл сайынғы он пайыздық көрсеткішпен өсіп келе жатқан ауқымды динамикалық сала. Ал Ұлыбританияның ұлттық лотереясы әлемдегі лотерея нарығының ең тиімдісі болып табылады, оны өткізуден Үкімет пен қайырымдылық ұйымдардың табысы 5 млрд. долларға жетеді.
Салыстырмалы түрде алғанда шет елдердегі жыл сайынғы лотерея айналымы АҚШ-та - 30 млрд доллар, Қытайда - 15 млрд долларды, Ұлыбританияда - 9,5 млрд долларды, Жапонияда - 8 млрд долларды, Германияда - 6 млрд долларды құрайды. Ал адам басына шаққандағы сатулар жылдық есеппен Сингапурде - 1000 доллар, Грекияда - 600 доллар, АҚШ-та 200 доллар, Ресейде 10 долларды құрап отыр.