Семинар мемлекеттік басқару жүйесі мәселелері туралы жазатын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған. Іс-шараның мақсаты - журналистердің мемлекеттік органдардың және мемелекеттік қызметшілердің жұмысын бағалауына қатысты мәселелерді қарастыру барысында біліктілік деңгейін арттыру.
Семинар-тренинг барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры, профессор Серік Қапаров мемлекеттік басқару жүйесіне және мемлекеттік қызметті реформалаудың дүниежүзілік тәжірибесіне шолу жасады. Сонымен қатар БАҚ саласындағы тәжірибелі маман Маржан Елшібаева журналистер этикасы және ақпараттың қол жетімділігі мәселелері бойынша дәріс өткізді.
БҰҰ Даму бағдарламасы мен Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға Астанада шығатын газет, журнал және электрондық басылымдардың журналистері қатысты.