Қазақстандағы мемлекеттік қызмет үлгісі жетілдіруді қажет етеді - Д. Кәлетаев

None
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстандағы қазіргі мемлекеттік қызмет моделі жетілдіруді қажет етеді. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның атқарушы директоры  Дархан Кәлетаев Халықаралық бизнес академиясының студенттерімен кездесуі барысында айтты,

         деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         «Конкурстық негізде іріктеу үлгісі бастапқыда дұрыс болған, алайда уақыт өте келе бұл жүйенің кемшіліктері шыға бастады. Бүгінгі таңда біз оны сараптап, оң бағыттарын қалдырып, ары қарай дамытуымыз керек», дейді Д.Кәлетаев. Ол бұл тұрғыда 2008 жылы Астанада өткен халықаралық конференция барысында Елбасының мемлекеттік қызметтің жаңа принциптері туралы айтқанын еске салды. «Қазіргі таңда Елбасы былтырғы жылы айтап көрсеткен шыншылдық-тиімділікке негізделген мемлекеттік қызмет үлгісі бізге қажет. Бұл  сингапурлық үлгі  оңай, әрі айқын. Сондай-ақ бұл үлгі саяси қызмет пен әкімшілік қызметтің айырмашылығын айқын анықтап береді», деді  ол.

         Д.Кәлетаев  кездесу барысында бәсекеге қабілетті мемлекеттік кадрларды дайындау, дайын мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері туралы өз ойын ортаға салды.