«Қазақстанда меритократия ұстанымын толықтай жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалды. Өткен жылы әрбір мемлекеттік органның ішінде төменнен жоғары лауазымға көтерілгендердің саны үш есеге артты»,-деді ол форум аясындағы «Мүмкіндіктерді басқару: көшбасшылықтың жаһандық мәселелері» атты сессия жұмысында.
Бұдан бөлек Шайымова әлемдік үрдістерді ескере отырып, қазіргі кезде көшбасшылық мәселелерін айқындау өзекті болып отырғандығын айтты.
«Бұл адамдар туындайтын сын-қатарлерді еңсеруге қауқарлы. Адамзат тарихында шынымен де көшбасшы деп атауға лайықты адамдар аз болмады, яғни Уинстон Черчилль, Индира Ганди, Джон Кеннеди, Нельсон Мандела секілді қайраткерлердің орны бөлек. Біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық қасиеті мен көрегендігі ядролық қарудың дамуының жаһандық қатерін алдын ала болжауға мүмкіндік берді. Өздеріңіз білесіздер, біздің елдің әлеуеті Франция, Ұлыбриатания және Қытай секілді мемлекеттердің ядролық әлеуетінен басым болды. Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан сынақ полигонын жауып, қару арсеналынан бас тартты, сондай-ақ төмен байытылған уранның банкін құрып, қауіпсіз әлемді қолдауға елеулі үлесін қосты»,-деді ол.
Айта кетейік, бүгін басталған Астана экономикалық форумына 100 елден 4 мың делегат қатысуда. Олардың арасында саясаткерлер, экономистер, қаржылық және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.