Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулардың қатысушылары мемлекеттің жеңілдігін бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алу шараларына қатысқанда отандық өндірушілерге ұсынылатын жеңілдіктерді респонденттердің 80%-ы тиімді екенін айтты, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы «NADLoC» Жергілікті үлесті дамыту бойынша Ұлттық агенттік» АҚ баспасөз қызметінен.

«NADLoC» мемлекеттік сатып алу шараларында отандық өндірушілерге  ұсынылатын жеңілдіктердің тиімділігін бағалады. NADLoC сауалнамасына сәйкес, 2015 жылдың қорытындысы бойынша, респонденттердің 80,8%-ы отандық өндірушілерге көрсетілетін қолдау шаралары тиімді деп санайды», - делінген хабарламада.

2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, өткізілген конкурстарда жеңілдіктердің пайдалануын қосқандағы қызметтер құны 12,2 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы көрсеткіштен асты. Яғни отандық компаниялар қызметті көбірек ұсынатын болды.  

Преференциялық режімді пайдаланатын компаниялардың басым бөлігі  (42%) ірі аймақтарда - Астана, Ақмола облысы, Алматы және Алматы облысында тіркелген.