Қазақстандағы металл қоры 300 жылға жетеді - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның металл қоры 300 жылға жетеді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ашылған VI Халықаралық тау-кен металлургия конгресі барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Министр атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстанның металлургия саласында 20-ға жуық ірі жоба бар. Алдағы уақытта ондай өндірістердің саны артатын болады. «Бұл сала әлі ұзақ уақыт бойы отандық экономиканың негізі болып қала бермек. Себебі бізде темір шикізатының қоры шамамен 300 жылға жетеді. Демек, бұл сала ел экономикасына әлі де қыруар пайда әкеледі», - деп атап көрсетті Ә.Исекешев.