Жаңа басшы Қазақстан, Армения, Беларусь, Моңғолия, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді 9 мемлекет кіретін ТМД аймағындағы бизнесті дамытуға жауап береді. Осы лауазымға дейін Роналд 4 жыл бойы Польшадағы Microsoft кеңсесін, ал оның алдында 2,5 жыл бойы Румыниядағы кеңсені басқарып келген.
«Бүгінгі және келешектегі даму әлеуеті зор осы аймақтың, елдің бір бөлшегіне айналып отырғаныма аса қуаныштымын. Бүкіл бизнес салалары мен жалпы өмірдің сандық өзгерістерге ұшыраған дәуірінде біз клиенттеріміз бен серіктестерімізге адал қызмет етіп, оларға технологияларды ендіріп, дамуға көмектесуді командаммен бірге жалғастырмақпыз», - дейді ол.
Роналд Бинкофски "Microsoft" компаниясында 10 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыттың ішінде бизнесті басқару, сатылым, маркетинг, операциялық басқару және өзгерістерді басқару ісінде кең тәжірибе жинақтап үлгерген. Ол Software AG компаниясында Орталық және Шығыс Еуропадағы аймақтық менеджер болып мансабын бастаған, осыған дейін өз бизнесін басқарып келген. Роналд жаңа қызметте соңғы бір жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Константин Назаровтың орнына келіп отыр.