«Бізде мұрағаттар тек жақсы бір қоймалар секілді, яғни құжаттарды жинап, оларды жауып қояды. Мұрағаттарда дүниежүзілік тәжірибеге сай ғылыми орталық болуы керек. Мысалы, Ватиканның мұрағатына барсаңыз, ол жерде бірнеше күн бұрын тіркеліп, қомақты қаржыны төлегеннен кейін ғана кіргізеді. Біздің мақсатымыз да еліміздегі мұрағаттарды осындай деңгейге жеткізу»,-деді министр.
Осы орайда ол Қазақстанда көптеген құнды құжаттар бар екендігін және олармен жұмыс істеу керектігін атап өтті.