Қазақстандағы неке саны 2,3 пайызға көбейді
19:05, 11 Шілде 2013
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-мамырда АХАТ органдарында 56,7 (55,4) мың неке тіркелді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
- «Олардың саны 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға көбейді. Некенің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,1-ді құрады», - деді бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.
- Атап айтқанда, 20,6 мың ажырасулар тіркеліп, олардың саны 7,3 пайызға өсті. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,9-ды құрады.