Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,8% артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар-сәуірде 105,4% құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

2017 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 7135,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 7,1% өсті.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 7,8%, өңдеу өнеркәсібінде 6,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 4,8% артты.

Алайда, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,7% төмендеді.