Қазақстандағы осы президенттік сайлау келесі парламенттік сайлау қалай өтеді деген тұрғыдан алғанда маңызды - АҚШ-тан келген тәуелсіз бақылаушы

АҒАНДЫ. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - "Қазақстанда өтіп өтіп жатқан ҚР Президентінің кезектен тыс осы сайлауы елдегі келесі парламенттік сайлау қалай өтеді деген тұрғыдан алып қарағанда маңызды", - дейді АҚШ-тан келген тәуелсіз бақылаушылар тобының өкілі Януш Бугайский.

«Жиырма бес жыл бойы мен әртүрлі елдердегі сайлау, бақылау мониторингтеріне қатысып жүрмін. Оның ішінде 22 жыл бойы посткоммунистік елдерде болдым. Ал Қазақстанға алғаш рет сайлауға бақылаушы болып келдім», - дейді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Я. Бугайский.

АҚШ-тан келген тәуелсіз сарапшының ойынша, Қазақстандағы сайлау ашық және еркін түрде өтіп жатыр. «Таңертеңнен бері мен 6 сайлау учаскесінде болдым. Сайлаушылардың көбі таңғы сағат 10 мен 12 арасында дауыс беруге келді. Ал сайлау үрдісінің өзі жақсы, тиімді ұйымдастырылған. Сайлау құқығын бұзуға жол беретін ешқандай құбылыстар болған жоқ. Азаматтардың сайлаушылар тізімінен өз аты-жөндерін таппай қалған жағдайда, ол мәселе бірден сол орнында шешіліп жатты», - деп атап өтті Я. Бугайский.

Дауыс беру үрдісі аяқталған соң шетелдік бақылаушы сайлау учаскесі қалай жабылып, дауыс қалай саналатындығын көруге қатысады.