Министрлік ұсынған құжатта жыл басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының саны 19 млн 122 мың адамды құраған. Оның басым бөлігі, яғни 69 пайыздан астамы қазақ ұлтының өкілдері.
«2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі ең көп ұлт өкілі - қазақтар. Қазақтар (69,03%), орыстар (18,47%), өзбектер (3,29 %), ұйғырлар (1,5%), украиндар (1,3%), татарлар (1,06%), немістер (0,92%), түріктер (0,61%), кәрістер (0,57%), әзербайжандар (0,61%), дүнгендер (0,40%), белорустар (0,28%), тәжіктер (0,27%), күрдтер (0,25%), шешендер (0,18 %), поляктар (0,15 %), башқұрттар (0,09 %), басқа этнос өкілдері 1,04 %-ды құрады», - делінген даму жоспары баяндалған құжатта.
Ведомство мәліметінше, 2018-2021 жылдар аралығында біршама демографиялық өсім байқалған. Атап айтқанда, соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ға артты.