Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, атаған зерттеу барысында білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланып, сондай-ақ оқушының оқу кезінде алған білімін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана алу қабілеттері зерделенеді.
PISA-2012 Халықаралық негізгі зерттеуіне Қазақстаннның барлық 16-аймақтарындағы 218 білім беру ұйымдарынан 5000-нан аса білім алушылар қатысады. Зерттеу облыстық және Алматы, Астана қалаларының білім басқармаларымен қоса жасалған кестеге сәйкес өткізілуде.