Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан бүгінде айтарлықтай белсенді эволюциялық үдерісте тұр. Сондай-ақ, демократия жолындағы жетістіктерді дамыта түсудегі әл-ауқатының ынтасы зор. Осы орайда ол сайлау барысында Қазақстан халқы тарапынан дауыс берушілердің қатары айтарлықтай көп болғанын айтып өтті.
14:53, 04 Сәуір 2011
Қазақстандағы Президент сайлауында дауыс берушілердің қатары айтарлықтай жоғары болды - ЕҚЫҰ миссиясының мүшесі Дэн Эдвардс
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандағы Президент сайлауында дауыс берушілердің қатары айтарлықтай жоғары болды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы байқаушылар миссиясының мүшесі Дэн Эдвардс мәлім етті.