Мәжілісте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері ағымдағы жылғы 9-10 шілдеде Үфа қаласында жоспарланған кезекті Мемлекет басшыларының саммитіне және 2015 жылғы басқа да іс-шараларын дайындау мәселелерін қарастырды.Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясының жобасын әзірлеу және Ұйымды кеңейту туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, тараптар 2015 жылғы 29 наурыздағы Өзбекстан Республикасы және 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысатын ШЫҰ-дан Бақылаушылар миссиясын құру мәселелерін талқылады. ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев Қазақстандағы Президент сайлауында ШЫҰ-ның бақылаушылар миссиясын басқарады.
Отырыстың қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспсөз қызметі.