Қазақстандағы президенттiк сайлау қазақстандық қоғамның кемелденуiн көрсетедi - Б.Майлыбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы президенттiк сайлау қазақстандық қоғамның кемелдену көрсеткiшi болмақ. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi Әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев мәлiм еттi.

Оның атап көрсеткендей, Қазақстанда электоралды компанияның үлкен тәжiрибесi бар. Соның iшiнде халықтың еркiн дауыс беру құқығы әрқашан бiрiншi орында тұрады.

"Тәуелсiз Қазақстан тарихында барлық сайлаулар халықаралық стандарттарға және ұлттық заңнамаға сай өткiзiлiп келдi. Барлық саяси додаларды әлемдiк қауымдастық мойындады. Қазақстандағы президенттiк сайлау қазақстандық қоғамның қалыптасу көрсеткiшi болатынына сенiмдiмiн және кезектi рет Қазақстанның демократиялық принциптер мен нормаларды ұстанатындығын дәлелдейдi", - дедi ол "Президент сайлауы-2015: ел дамуындағы жаңа кезең" деген тақырыптағы саясаттанушылардың II Астана форумында.

"Бiздiң басты мақсатымыз - ҚР азаматтарының құқықтары мен еркiндiктерiн жан-жақты сақтай отырып, президент сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету", - дедi ол.

Еске сала кетейiк, ҚР Президентiн сайлау 26 сәуiрге белгiленiп отыр.