Қазақстандағы сайлау әділ әрі ашық өтетіндігіне үміт артамыз - ГФР байқаушысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сайлау әділ әрі ашық өтетіндігіне үміт артамыз. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК-де өткен брифингте ГФР-дің Ресейдегі бұрынғы Елшісі Бертольд Ханс - Фридрих фон Плетц айтты.

«Мен Германиядан келген тәуелсіз байқаушылардың бірімін. Біз сайлау үдерісіне дайындықтың қиын екендігін жақсы түсінеміз. Қазақстандағы сайлау әділ әрі ашық өтетіндігіне үміт артамыз. Сайлау қорытындысы бойынша біз өз бағамызды беретін боламыз», - деді Бертольд Ханс - Фридрих фон Плетц.

Сонымен қатар ол өз сөзінде Қазақстанның сайлау заңнамасы халықаралық стандартқа толық сай келетіндігін ерекше атап өтті.

«Бұл тұрғыда кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына қол жетімділігі өте маңызды», - дейді ол.

Сөз соңында ГФР байқаушысы қазақстандықтарға дұрыс таңдау жасауда табыс тіледі.