Мәселен, «Экзит-пол» қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясы жеңіске жетті» деген тақырыпта Bloomberg агенттігі мақала жариялаған. Онда алдын ала мәліметтер бойынша, сайлаушылардың 82%-ы «Нұр Отан» партиясын қолдап дауыс бергені айтылған, деп хабарлайды 24.kz.
Халықаралық танымал басылымның сарапшылары Қазақстанда мерзімінен бұрын өткізілген Парламент сайлауының әлемді жайлаған экономикалық дағдарысқа қарсы уақтылы әрекет етуге септігін тигізетінін атап өткен.