ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУ КҮНІ

Фото: None
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы және ҚР мәслихаттары депутттарының кезекті сайлау өтті.

15.01.2012 / 06:42

Қазақстан халқы бүгін ел болашағы үшін маңызды таңдау жасайды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Қазақстан халқы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін дауыс беруді бастайды.

Дауыс беру шарасы таңғы 7-00-ден бастап, кешкі 20-00-ге дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, елде Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтетіндігі жарияланысымен Орталық сайлау комиссиясы саяси додаға түсуге ниет білдірген құрамында 389 мүшесі бар 8 партияны тіркеген болатын. Алайда «Руханият» партиясының партиялық тізімді жасақтау барысында біршама заңбұзушылықтарға жол беруіне байланысты бұл партия сайлаудан  тыс қалды. Сонымен қатар Орталық  сайлау комиссиясы декларацияда көрсеткен мәліметтері шындыққа сәйкеспейтіндіктен тағы 24 азаматты партиялық тізімнен шығарды.

 Осылайша, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында  құрамында 335 өкілі бар 7 саяси партия өзара бақ сынасатын болды.

Олар «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның Патриоттар партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы және «Әділет» демократиялық партиясы.

 Осы уақытта елдегі барлық 9 мың 764 учаскелік сайлау комиссиялары бүгін өтетін сайлауға сақадай сай отыр. Сайлаудың ашық әрі демократия талаптарына сай өтуі үшін қажетті мүмкіндіктердің барлығы қарастырылды. Бүгін өтетін сайлауды 974 халықаралық, шетелдік байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қадағалап отырады. Байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сонымен қатар төтенше жағдай жарияланған Жаңаөзендегі сайлауды да қадағалайды. Сайлау заңнамаларына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы аймақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Мәжіліс депутаттары сайлауының қорытындысын 22-ші қаңтардан кешіктірмей шығарып, тиісті қаулы қабылдаулары керек. Ал сайлау қорытындысы биылғы жылдың 25-ші қаңтарынан кешіктірілмей жариялануы тиіс.

 Қазақстан азаматтары бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттарымен қатар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін де дауыс береді. Мәслихат депутаттарының сайлауы 3 мың  335 округ бойынша өтеді. Аталған округтер бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген  8 мың 475 адам өзара бақ сынасады.

15.01.2012 / 06:46

Түркияда шамамен 900 Қазақстан азаматы ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысады

ЫСТАМБҰЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау өтеді.

ҚР елшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлаушылар алдын ала жасалған тізім бойынша 900-ге жеткен. Олардың 286-ы Анкарада, 614-і Ыстамбұлда тіркелген болатын. Сайлаушылардың барлығы Қазақстан Елшілігі тарапынан өткізілетін Парламенттік сайлау туралы хабардар етілген.

Сайлаушыларға партиялық тізім бойынша барлық ақпарат берілген. Сайлау құқығына ие студенттер, уақытша іссапарда жүрген Қазақстан азаматтары, Түркияда келісім-шартпен жұмыс жасайтындар, сондай-ақ оқу-жаттығу ойындарында жүрген футбол топтарының спортшылары бар.

Анкарадағы №230 және Стамбұлдағы №133 сайлау учаскелері барлық заң нормаларына сай жабдықталған және жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Түркияның Измир, Бурса, Эскишехир, Кония, Кайсери сияқты қалалардағы Қазақстан азаматтары сайлауға келеді деп күтілуде.

Сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, Түркияда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына барлық жағдай жасалғандықтан сайлау жоғары дәрежеде өтетініне сенімді.

Сонымен қатар Түркияның басқа қалаларында оқитын студенттерді сайлау учаскелеріне жеткізу үшін арнайы көлікпен қамтамасыз етілген.

Ыстамбұл сайлау учаскісіне қатысты Анталия қаласында  оқу-жатығу ойындарда жүрген Қарағанды, Атырау және Астана сияқты футбол клубтарының мүшелеріне сайлау комиссиясы өкілдері арнайы жылжымалы сайлау жәшігін жеткізеді.

15.01.2012 / 07:00

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды

  АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін дауыс беру басталды.

Бүгін таңертең 7-00-де Орталық сайлау комиссиясының баспасөз-орталығы ашылып, өз міндетіне кірісті. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін Орталық сайлау комиссиясы мен өзге де құзырлы орган өкілдері әр сағат сайын сайлаудың барысы жөнінде ақпарат беріп отырады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерінше, бүгінгі сайлауда Астана мен Алматы қалаларында сайлаушыларға 2 бюллетеньнен ал республиканың қалған аймақтарындағы сайлау учаскелерінде 3 бюллетеньнен беріледі. Бюллетеньдердің бірінде сайлаушылар Мәжіліс депутаттарының сайлауына түсетін саяси партиялардың атауы көрсетілсе, екінші бюллетеньде азаматтар облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары үшін, үшінші бюллетеньде аудандық мәслихат депутаттары үшін дауыс береді.  Осы уақытта елімізде 9 мың 764 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында құрамында 335 өкілі бар 7 саяси партия өзара бақ сынасуда. Олар «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның Патриоттар партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы және «Әділет» демократиялық партиясы.

Бүгінгі сайлауды 974 халықаралық, шетелдік байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қадағалауда. Байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сонымен қатар төтенше жағдай жарияланған Жаңаөзендегі сайлауды да қадағалауда. Сайлау заңнамаларына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы аймақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Мәжіліс депутаттары сайлауының қорытындысын 22-ші қаңтардан кешіктірмей шығарып, тиісті қаулы қабылдаулары керек. Ал сайлау қорытындысы биылғы жылдың 25-ші қаңтарынан кешіктірілмей жариялануы тиіс.

Қазақстан азаматтары бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттарымен қатар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін де дауыс береді. Мәслихат депутаттарының сайлауы 3 мың 335 округ бойынша өтеді. Аталған округтер бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген 8 мың 475 адам өзара бақ сынасуда.

15.01.2012 / 07:21

Бейжіңде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына дауыс беру үшін сайлау уческесі ашылды

БЕЙЖІҢ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де ҚХР-дағы ҚР Елшілігінде №135 сайлау учаскесі ашылды.

Дауыс беру таңғы сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Қытай астанасында тұратын Қазақстан азаматтары ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатыса алады.

Сайлау учаскесі ашылғаннан кейін бірінші болып ҚХР-дағы ҚР уақытша сенімді өкілі Қазбек Сәрсембаев, Елшілік дипломаттары, сонымен қатар Бейжіңде уақытша тұрып жатқан Қазақстан ұлттық компанияларының өкілдері дауыс берді. Таңнан бастап дауыс беру үшін сайлау учаскесіне қазақстандықтар келіп жатыр.

Дауыс беру нәтижесінің қорытындысы сағат түнгі 12-де дайын болады. Сайлаушылардың дауысын санау сағат 22. 00 -ден басталады.

Сайлау учаскесінің төрағасы, ҚХР-дағы ҚР-ның Уақытша сенімді өкілі, Қазақстан Елшілігінің консулы Қазбек Сәрсенбаев дауыс берудің қорытынды құжаттары арнайы поштамен Бейжіңнен Астанаға жөнелтілетінін атап өтті. 

ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз хатшысы Арсен Әбілдиннің сөзіне қарағанда, осы жылы сайлаушылардың белсенділігі 2011 жылдың сәуір айында Қазақстан  Республикасы  Президентінің кезектен тыс  сайлауына қарағанда төмен болады. Естеріңізге сала кетейік, ол кезде 1961 қазақстандық азамат дауыс беруге қатысқан еді.

15.01.2012 / 07:29

Атырауда 236 сайлау учаскесі ашылды

АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында 236 сайлау учаскесі ашылды. Қазірден бастап оларда дауыс беру басталды.

Атырау облысы аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Ануарбек Тәшенов дауыс беру тізіміне 290 мыңнан астам сайлаушылар кіргенін мәлім етті. Олардың көбісі дауыс беру үшін шақырту алды. Қандай да бір себептермен шақырту алмағандар сайлау учаскесіне келіп,  өзінің аты-жөнін айтып, заңды түрде  дауыс бере алады.

15.01.2012 / 07:48

Қызылорда облысында сайлау жоғары белсенділікпен басталды

  ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін таңертең ерте Қызылорда облысындағы барлық сайлау учаскелерінде үстіміздегі жылдың ең басты саяси оқиғаларының бірі - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы басталды.

Сыр бойының жұртшылығы әдеттегідей бұл саяси маңызы зор науқанға үлкен белсенділікпен атсалысуға кірісті.

Барлық сайлау учаскелерінде бюллетеньдер сайлау комиссиясы мүшелерінің толық қатысуымен ашылды. Бұл үдеріске барлық саяси партиялардың өкілдері мен бақылаушылар қатысты. Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаевтың баяндауынша, бұл күні облыста 343 учаскелік, 147 округтік және 9 аймақтық сайлау комиссиялары жұмыстарын бастап кеткен. Оларға 390 915 бюллетень сайлауға жақын қалғанда таратылып берілді. Сонымен бірге облыста сайлау өткізу үшін республикалық бюджеттен үш жүз миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, олар депутаттыққа кандидаттардың сайлауалды үгіт жұмыстары үшін жаратылған. Ал облыстық мәслихатқа 24, қалалық мәслихатқа 47, аудандық мәслихатқа 234 үміткер түсіп жатыр.

Облыстағы сайлау барысын ЕҚҰЫ-ның демократиялық институты және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясын екі ұзақ мерзімді, он екі қысқа мерзімді бақылаушылары, сондай-ақ ТМД елдерінің бір бақылаушысы қадағалайтын болады. Сайлау учаскелеріне дауыс беру басталған сәттен келген олар мұнда  толық  аяқталғанша болып, тиісті қорытынды шығарады.

15.01.2012 / 07:58

Атырау облысында Каспий теңізіндегі аралға сайлау комиссиясының мүшелері ұшақпен барады

АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында бүгін барлық сайлаушылар дауыс бере алады, сонымен қатар Каспий теңізі жасанды аралында вахтада тұратын 3 қазақстандық  дауыс беретін болады.

«Аджип ККО» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, таңертең Қашаған кен-орнында мұнай өндірілетін жасанды аралға сайлау комиссиясының мүшелері ұшақпен барады. Дауыс беру ең үлкен «Д» аралынан бастау алады. Содан кейін сайлау комиссиясының мүшелері тағы да басқа 4 шағын жасанды аралға ұшақпен ұшып барады деп күтілуде.

15.01.2012 / 09:01

Дауыс беру шарасы осы уақытта белсенді түрде, қалыпты жағдайда өтіп жатыр - ОСК

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бүгін жергілікті уақыт бойынша, сағат 6-00-де республика бойынша, сайлау учаскелері ашылды»,

деп мәлімдеді бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының ұйымдастырылуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында.

 Оның айтуынша, дауыс беру шарасы 7-00-де басталды және 20-00-ге дейін жалғасады. Еліміздің батысындағы 4 аймақта дауыс беру Астана уақыты бойынша 21-00-де аяқталады. «Дауыс беру барлығы  9 мың 764 сайлау уачскесінде өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы бұқаралық ақпарат құралдарына, республикада тіркелген байқаушыларға және саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге сайлау барысы туралы жедел ақпараттар беріп отырады. Сағат 10-00-ден бастап, әрбір екі сағат сайын сайлаушылардың дауыс беруге келуі бойынша брифингтер өтеді. Сондай-ақ Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де брифингтер ұйымдастырады»,-деді ОСК хатшысы.

 Оның сөзінше, осы шаралармен қатар «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен сайлау барысы туралы тікелей эфирден хабар береді. «Баршаға мәлім, еліміздің «Сайлау туралы» заңында халықаралық байқаушылар институтының қызметі қарастарылған. Мәжіліс депутаттарының сайлауында Орталық сайлау комиссиясы барлығы 819 халықаралық бақаушыны тіркеді. Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 155 өкілін тіркеді. Олар республиканың барлық аймақтарында сайлаудың барысын бақылауда. Дауыс беру шарасы осы уақытта қалыпты жағдайда белсенді өтіп жатыр»,-деді Б.Мелдешов.

15.01.2012 / 09:08

Алғаш рет дауыс беру мен үшін үлкен мәртебе болды - Б.Уәлиев, БҚО

ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биылғы сайлауда алғаш рет дауыс беру мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл туралы Қазталов ауданындағы №17 кәсіптік лицей оқушысы Біржан Уәлиев мәлім етті.

«Мен орта мектепті бітіріп, қазір ауылымдағы кәсіптік лицейде білімімді жалғастырудамын. Тәуелсіз елімізде жастардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Біздер осыны пайдалана отырып, қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне үлес қосуымыз қажет деп ойлаймын. Бүгінгі таңда «Дипломмен - ауылға», «Жастар резерві» сынды бағдарламалар арқылы жастарды ауылға тарту бағытында көптеген жұмыстар жасалуда. Жұмыспен қамту мен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы қайтадан оқып, қосымша мамандық алуға болады. Қысқасы, білімімді жетілдіремін, еңбек етемін деген адамға мүмкіндік мол. Біздің мақсатымыз да осы болуы тиіс», деді ол.

15.01.2012 / 09:15

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астана қаласының №2 сайлау учаскесінде дауыс берді

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін сағат 9:00 кезінде Астана қаласының №2 сайлау учаскесінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар мен мәслихат депутаттары сайлауына  дауыс берді.

Аталған сайлау учаскесіне Үкімет басшысы зайыбымен және кіші қызы Сарамен бірге келді.

 Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерінше, бүгінгі сайлауда Астана мен Алматы қалаларында сайлаушыларға 2 бюллетеньнен ал республиканың қалған аймақтарындағы сайлау учаскелерінде 3 бюллетеньнен беріледі. Бюллетеньдердің бірінде сайлаушылар Мәжіліс депутаттарының сайлауына түсетін саяси партиялардың атауы көрсетілсе, екінші бюллетеньде азаматтар облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары үшін, үшінші бюллетеньде аудандық мәслихат депутаттары үшін дауыс береді.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында құрамында 335 өкілі бар 7 саяси партия өзара бақ сынасуда. Олар «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның Патриоттар партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы және «Әділет» демократиялық партиясы.

Сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, К. Мәсімов дауыс берген №2 сайлау учаскесіне 13 байқаушы тіркелген. Олардың арасында ЕҚЫҰ, ТМД байқаушылар миссиясының, АҚШ елшілігінің, «Ақжол» партиясының, сондай-ақ бірқатар қағамдық бірлестіктердің өкілдері бар. Сағат 9:00  кезінде аталған сайлау учаскесінде тіркелген 2 463 сайлаушының 100-ге жуығы дауыс берді.

15.01.2012 / 09:20

Ақтөбеде 125 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

АҚТӨБЕ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде 125 сайлау учаскесі әнұранның орындалуымен  ашылды. .

Ақтөбе қаласында жалпы 125 сайлау учаскесі жұмыс істейді, облыстық мәслихат депутаттығына дауыс беру үшін 15 сайлау округі,  қалалық мәслихат депуттатығына дауыс беру үшін 23 сайлау округі құрылған.

 №1 учаскенің төрағасы Айна Иманбаеваның сөзіне қарағанда, бұл учаскесінің тізімінде 2702 адам тіркелген, олардың 65-і денсаулығына байланысты үйлерінде дауыс береді.

79 жастағы зейнеткер Төлеген Ақажанов сайлауға өзімен бірге 18 жасар немересін еріте келген. Олар дауыстарын беріп болған соң, ҚазАқпарат тілшісінің қойған сұрақтарына жауап берді.

«Мамандығым бойынша мен мұғаліммін, сондықтан болар ерте келіп, өзіммен бірге бірінші рет дауыс беретін немеремді де ерте келдім», - дейді Төлеген Ақжанов.

Т. Ақажанов атап өткендей, сайлау мемлекет үшін, халық үшін маңызды.

15.01.2012 / 09:31

Қазалы ауданында сайлауға келушілердің қарқыны жақсы - Қызылорда облысы

  ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданында да сайлау бүгін таңертең қызу басталды.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жаппарберген Жалғасбайдың айтуынша, қазірге дейін сайлау учаскелеріне 9 100 сайлаушы келіп, өздерінің таңдауларын жасап үлгерген. Жалпы аудандағы сайлау учаскелерінде 38 840 сайлаушы тіркелгенін ескерсек, әзірге бұл жаман көрсеткіш емес. Ауданда бұл күні 38 учаскелік,15 округтік және 3 аймақтық сайлау учаскелері жұмыс жасап жатыр. Барлық сайлау учаскелерінде байқаушылар сайлаудың өту барысын мұқият қадағалап отыр.

15.01.2012 / 09:33

Сенат Төрағасы Қ. Мәми 2012 жылғы Парламент сайлауы әділ өтетіндігіне сенімді

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми 2012 жылғы Парламент сайлауы әділ өтетіндігіне сенімді.

«Электоралды кезең өте әділ, тең жағдайда өтіп жатыр», - деді бүгін таңертең №3 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар мен мәслихат депутаттары сайлауына дауыс берген Сенат Төрағасы.

 «Бүгінгі сайлаудың ерекшелігі, Қазақстанда бірінші рет кепілденген түрде көппартиялы Парламент пайда болайын деп отыр. Ол біздің еліміздің даму жолында демократияны таңдап алғандығының тағы бір белгісі», - деп атап өтті ол.

 Оның айтуынша, көппартиялы Мәжіліс заң шығарушы орган - Парламенттің басқа билік тармақтары ішіндегі беделін, орнын одан әрі көтере түспек.

 «Мен сайлау барысымен күн сайын танысып отырдым. Көптеген сайлау байқаушыларымен кездестім. Электоралды кезең өте әділ, тең өтіп жатыр. Бүгінгі сайлауда да сол әділдік, теңдік сақталады деп ойлаймын», - деп түйіндеді сөзін Қ. Мәми.

15.01.2012 / 09:39

Павлодар облысында 588 сайлау учаскесі ашылды

ПАВЛОДАР. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодар қаласының тұрғындары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығы мен жергілікті мәслихат депутаттығына дауыс беру үшін ертеден қамданды.

 

«Қалалар мен ауылдарда 588 сайлау учаскелері ашылды. Аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау үшін 5700 адам жұмылдырылған 206 сайлау округтері жұмыс істеп жатыр. Сайлаушылардың тізімінде 480 мың адам бар», - деп атап өтті облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әлия Сабырханова.

 Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депуттарының мандатына әр депутаттық орынға 3- 4 адамнан 438 кандидат ұсынылып отыр.

15.01.2012 / 09:43

БҚО-да сайлаушылардың 6,9 пайызы дауыс беріп үлгерді

  ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 523 сайлау учаскесі болса, оларда 397735 сайлаушы тіркелген.

Облыстық сайлау комиссиясынан хабарлағанындай, таңертеңгі сағат 9.00-ге дейін соның 27531-і сайлау бюллетеньдерін алып, дауыс берді. Бұл - барлық сайлаушылардың 6,9 пайызы.

Сайлау барлық жерде қалыпты өтуде.

15.01.2012 / 09:52

Жаңақорғандық сайлаушылар белсенділік танытуда - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы сайлаушылар да еліміздің аса маңызды саяси науқаны - ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлауда белсенділік танытуда.

Бұл туралы баяндаған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Изатулла Нәрзілдаев ауданда 37 654 сайлаушы тіркелгенін айтты. Қазіргі таңда олардан 10 150 сайлаушы өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, өздері қалаған партия мен кандидатқа дауыс беріп болды. Сайлау таңсәріде уақытылы, өзінің тиісті тәртібі бойынша қанат жайған. Ал сайлау ауданда 40 учаскелік, 15 округтік және 3 аймақтық сайлау учаскелерінде өтіп жатыр.

15.01.2012 / 10:06

Қазақстан халқы болашағымыз, еліміздің тыныштығы үшін, тәуелсіздігінің баянды болуы үшін дауыс береді деп сенемін - Елбасы

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат / Марлан Жиембай/ - Қазақстан халқы болашағымыз, еліміз, еліміздің іші мен сыртының тыныштығы үшін, тәуелсіздігінің баянды болуы үшін дауыс береді деп сенемін», - деді бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №182 сайлау учаскесінде дауыс берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Құрметті отандастар, достар. Бүгін міне елімізде үлкен саяси науқан өтіп жатыр. Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқаны бұл Қазақстан халқының бірінші рет өткізіп отырған сайлауы емес. Өзінің демократиялық құндылықтарын қолданып бүгін еліміз  дауыс береді», -  деді ҚР Президенті.

 Елбасының пайымынша, Қазақстан халқы бұған дейінгі сайлауларда да еліміздің тыныштығы, жұртымыздың амандығы, халқымыздың болашағы, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін әрқашан дауыс беріп келді. Өткен жылы президент сайлауында да дәл осы бағытта ҚР Президентіне дауыс берген болатын.

«Сондықтан  барлығымыз ел болып, тағы да болашағымыз үшін, еліміз үшін, еліміздің іші мен сыртының тыныштығы үшін, тәуелсіздігінің баянды болуы үшін дауыс береміз деп сенемін», -  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, ол үшін барлық жағдай жасалған, әрі елімізге бұл үлкен сын. Мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауларын бақылау үшін дүниенің түкпір - түкпірінен 1000-нан астам халықаралық байқаушы келді. 

15.01.2012 / 10:09

Исламабадтағы ҚР Елшілігінде №138 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де ашылды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат Исламабадтағы  Қазақстан Республикасының Елшілігінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де №138 сайлау учаскесі ашылды,

деп хабарлайды елшіліктен.

 Сайлау таңғы сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Пәкістанда тұрып жатқан барша Қазақстан азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатыса алады.

15.01.2012 / 10:16

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы ешқандай заңбұзушылықтарсыз өтіп жатыр - ІІМ

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы ешқандай заңбұзушылықтарсыз, тыныш өтіп жатыр.

Бұл туралы бүгін сайлаудың барысына байланысты журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің Басқарма бастығы Марат Жексенбеков мәлім етті.

 «Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес, 15-ші қаңтарда Ішкі істер органдары үшін жұмыс күні болып табылады. Сонымен қатар 10-20 қаңтар аралығында ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режімде қызмет етуде. Біз елдегі барлық сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудеміз»,-деді басқарма бастығы.

 Оның сөзінше, «Сайлау туралы» заңға сәйкес, ішкі істер органының қызметкерлері дауыс берілетін ғимаратқа кірмейді. Тәртіп сақшылары тек сайлау комиссиясының шақыртуымен ғана дауыс беру ғимаратына кіре алады және полиция қызметкері ғимарат ішіндегі тәртіпті қалыпқа келтіргеннен соң бірден сыртқа шығуы тиіс. «Сайлау тыныш әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр. Елде сайлау заңнамаларын бұзу жағдайлары орын алған жоқ. Еліміздің барлық аймақтарында халықаралық байқаушылардың өтініші бойынша кездесулер өтіп, онда сайлау барысындағы заңдардың орындалуын бақылау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері сөз болуда»,-деді М.Жексенбеков.

15.01.2012 / 10:24

Біздің белсенді сайлаушыларымыздың құрамы жасарып келе жатыр - №482 сайлау учаскесінің төрайымы

  АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сайлау кезінде әдеттегідей аға буын жастарға үлгі-өнеге көрсетуде.

 Алматы қаласы Әуезов ауданы Қалқаман ықшамауданындағы №15 сайлау округіне қарасты №482-ші сайлау учаскесінің төрайымы Эльвира Орақбаеваның айтуынша, сайлауда  жасы 30-дан асқан аға буын өкілі белсенділік танытуда.

«Біздің  учаскемізде 1999 сайлаушы бар. Оның 10-ы ғана учаскеге өз бетімен келіп дауыс бере алмайды. Сондықтан олар өз таңдауын білу үшін үйіне барып, дауыс беру рәсімін өткіземіз. Бүгін сайлау үдерісі кезінде таңғы сағат 8-ге дейін 36 сайлаушы учаскеге кеп өз қалауын білдірді. Ал 9-да олардың саны елуге дейін жетті», - дейді Эльвира Жетпісбайқызы. Ондағы сайлаушылардың дауыс беру барысын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы мен Жалпыұлтық социал-демократиялық партияның байқаушылары бақылауда.

Осымен екінші рет учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы болып отырған Ж. Орақбаеваның айтуынша, 2011 жылдың 3-сәуірі күні өткен ҚР Президенті сайлауында 1900 сайлаушының 1632-сі дауыс беруге қатысқан.  Сайлау комиссиясы мүшелері биыл да дауыс берушілердің бәрін тізім бойынша аралап шақыру қағазын таратып шыққан.

«Біздің ауданда негізінен ауылдық жерден көшіп келген тұрғындар тұрады. Сондықтан қаланың өзге тұрғындарына қарағанда біздің сайлаушыларымыздың саяси белсенділігі әрдайым жоғары болып жүр. Былтыр   40 жастан жоғарылар  үлкен белсенділік көрсеткен еді. Бұл жолы оның құрамы 30-жасқа дейін жасарып отыр», - дейді Э. Жетпісбайқызы.

15.01.2012 / 10:37

Бірінші рет дауыс беруге қатысып отырғанымды мақтан тұтамын - қазалылық сайлаушы А. Лапшина

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - «Таяуда ғана өзінің құрылғанына 20 жыл толуын лайықты атап өткен егемен еліміздің ересек азаматы ретінде бүгін бірінші рет дауыс беруге қатысып отырғанымды мақтаныш етемін».

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы №63 Ерелепесов сайлау бүгін таңертең ертемен келіп, бірінші рет дауыс берген 18 жасар Анастасия Лапина осылай деді.

- Біз нағыз тәуелсіз Қазақстанның төл ұландарымыз, - деді ол. - Себебі, біз еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін дүниеге келген ұрпақтың өкіліміз. Міне, сол сүйікті еліміздің келешегі үшін біздің өз даусымызды беретін кезіміз келді. Осыдан жүрегімді қуаныш кернеген мен де өз таңдауымды жасадым. Ол Қазақстанның болашағы үшін берілген дауыс деп білемін.

15.01.2012 / 10:42

Сайлауға байланысты кез келген өтініш немесе шағым құзырлы органға түскен сәттен бастап, жедел түрде қаралады - ІІМ

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауымен байланысты кез келген өтініш немесе шағым құзырлы органға түскен сәттен бастап, жедел түрде қаралады.

Бұл туралы бүгін сайлаудың барысына байланысты журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Жексенбеков мәлім етті.

 Оның сөзінше, сайлау учаскелеріндегі қандай да бір оқиғалар мен заңбұзушылықтарды дер кезінде тыю мақсатында әрбір ауданда немесе қалада 2-3 жедел тергеу топтары құрылған. Аталмыш топтың құрамына прокуратура органының өкілдері де кіріп отыр. «Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде дауыс беруге құқы бар 1 мың 800 адам отыр. Олардың конституциялық құқықтарын сайлау комиссияларымен келісілген түрде қамтамасыз ету мақсатында арнайы мекемелерде сайлау учаскелері ашылды»,-деді басқарма бастығы.

Ішкі істер органдары сайлау күні және одан кейін де  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде барлық шараларды қолға алады. 

15.01.2012 / 10:45

Қарағанды облысының әкімі өз таңдауын жасады

ҚАРАҒАНДЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов бүгін таңертең, Қарағанды қаласындағы №46-ншы сайлау учаскесінде болып, ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сондай-ақ, аталмыш сайлау учаскесінде Қарағанды облысының прокуроры Мурат Ахметов  дауыс берді.

Комиссияның берген ақпараты бойынша, №46-ншы сайлау учаскесінде 2 105 сайлаушы тіркелген.

«Белсенділік жоғары. Сайлаудың алғашқы 2 сағатында шамамен 60 адам дауыс берді», - деп апат өтті учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жанат Ысқақов.

Айта кетейік, сайлау учаскесінде мерекелік концерт пен шағын жәрмеңке ұйымдастырылды.

Сайлаудың барысын партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің 10 байқаушысы көруде.  

15.01.2012 / 11:06

Қызылорда қаласы сайлауға қатысу бойынша Сыр өңірінде бірінші орында келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, Қызылорда қаласының сайлаушылары сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру көрсеткіші жөнінен Сыр өңірі бойынша алда келеді.

 Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаұлы мәлімдеді.

Қызылорда қаласында бүгінгі сайлауға 139 957 сайлаушы қатысады деп күтілуде. Солардың 39 320-сы қазірдің өзінде сайлау учаскелерінде болып, дауыс беріп үлгерді. Бұл жалпы сайлаушылардың 28,9 пайызы. Ал екінші орында 24,2 пайыздық көрсеткішпен Шиелі ауданының сайлаушылары, үшінші орында 23,5 пайызбен - Арал, төртінші орында 23,43 пайызбен - Қазалы аудандарының электораты келеді. Көштің соңында - Сырдария ауданы. Сайлаушы қауымының саны жөнінен ең аз көрсеткішке ие ауданда бұл деңгей қазір 15,8 пайыздан қайырылады.

Жалпы облыс бойынша құрылған 343 сайлау учаскесінде 388 515 сайлаушы тіркелген, солардың 92 303-і осы сәтке дейін өз таңдауларын жасап үлгерді. Бұл - дауыс берушілердің 23,76 пайызы.

Дегенмен, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаушылардың дені түске дейін келіп үлгереді деп болжауда.

15.01.2012 / 11:07

Сағат 10.00-дегі мәліметтер бойынша, сайлау бюллетеньдерін 1 миллион 471 мың 473 адам алды - ОСК

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаңтардың 15-і күнгі сағат 10.00-дегі мәліметтерге қарағанда, облыстық және Астана мен Алматы қалаларындағы сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша сайлау бюллетеньдерін 1 миллион 471 мың 473 адам алған.

 Бұл елдегі барлық сайлаушылардың 15,8 пайызы. Аталмыш деректерді бүгін сайлау барысына байланысты өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос жария етті.

 Астанда сайлаушылардың 4,2 пайызы, Алматыда 2,1 пайызы, Ақмола облысында 16,3 пайызы, Ақтөбе облысында 13,9 пайызы, Алматы облысында 32,3 пайызы, Атырау облысында 37 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында 24,7 пайызы, Жамбыл облысында 14,6 пайызы дауыс берген. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының сайлаушыларының 6,9 пайызы, Қарағанды облысында 12,4 пайызы, Қостанай облысында 27,8 пайызы, Қызылорда облысында 23,8 пайызы, Маңғыстау облысында 2,5 пайызы, Павлодар облысында 13,9 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында 25,3 пайызы, Оңтүстік Қазақстан  облысында 4,9 пайызы өз таңдауларын жасаған. «Дауыс беру елімізде жұмыс істеп жатқан 9 мың 764 сайлау учаскесінде жүзеге асырылуда»,-деді В.Фоос.

15.01.2012 / 11:19

Бакуде №140-ыншы сайлау учаскесі ашылды

БАКУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Бүгін Бакуде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де Әзірбайжан елінде тұрып жатқан қазақстандықтар үшін Әзірбайжан Республикасындағы ҚР Елшілігінде құрылған №140-ыншы сайлау учаскесі ашылды.

Сайлау учаскесі ашылысымен бірінші болып ӘР-ғы ҚР-нің Төтенше және Өкілетті Елшісі Серік Прімбетов жұбайымен, Елшіліктің дипломаттары, Бакуде уақытша тұрып жатқан Қазақстанның ұлттық компанияларының дипломаттары дауыс берді.

«Мәжіліс сайлауы қазақстандық қоғамды және біздің саяси жүйемізді демократияландырудың жаңа кезеңі болуы тиіс», - деді United Grain Inspection (Баку қаласындағы Қазақстан-Әзірбайжан теңіз портының астық терминалы) компаниясының қызметкері Диана Ибраева.

Дауыс беру таңғы сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

15.01.2012 / 11:30

Шанхайда, Гонконг пен Үрімшіде ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау жүріп жатыр

БЕЙЖІҢ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстан Республикасы Бас консулдығының Шанхай мен Гонконг қалаларындағы сайлау учаскелері таңғы сағат 7-ден жұмыс істеп жатыр. 

Аталмыш учаске аясында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үрімші қаласына дауыс беретін жылжымалы бекет ұйымдастырылды.

ҚазАқпаратқа Шанхай қаласындағы ҚР бас консулы Ғабит Қойшыбаев мәлім еткендей, Шанхай қаласында оқитын қазақстандық студенттердің дені қазіргі уақытта Қазақстанда демалыстарын өткізіп жатқандықтарына қарамастан, жастар кезектен тыс ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауына белсенді қатысуда.

Мәселен, Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулдығының  №238-інші  сайлау учаскесінде Шанхай қаржы-экономикалық университетінің бірінші курс студенті Ақсұңқар Тоққазы бірінші болып және алғашқы рет дауыс берді. Оның сөзіне қарағанда, дауыс беру әрбір қазақстандық азаматтың парызы.

15.01.2012 / 11:32

Бішкекте №142-нші дауыс беру учаскесінде ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау жүріп жатыр

БІШКЕК. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасындағы Елшілігінде (№142-нші дауыс беру учаскесі) ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау жүріп жатыр.

Дипмиссияның берген ақпараты бойынша, Бішкекте 275 сайлаушы тіркелген. ҚазАқпаратқа сайлау комиссиясының басшысы Қалыбек Қобландин, дауыс беру учаскесі өзінің таңғы сағат 7-дегі ашылуына толық дайын болғандығын айтты. 

Учаскеге жергілікті байқаушылар мен аккредитациядан өткен БАҚ өкілдері де келді. Таңғы сағат 9-дағы ақпарат бойынша, тіркелгендердің 10-15 пайызы дауыс беріп үлгерді.

15.01.2012 / 11:37

Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр - Т.Рахымжанов, учаскелік сайла комиссиясының төрағасы, Орал

ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы №30 орта мектепте орналасқан №522 сайлау учаскесінде дауыс беру ойдағыдай өтіп жатыр.

Бұл туралы сайлау комиссиясының төрағасы Толыбай Рахымжанов мәлім етті.

Оның айтуынша, учаскеде барлығы 2620 сайлаушы тіркелген. Жергілікті сағат 10-ға дейін солардың 215-і дауыс беріп үлгерді.

Цветочная көшесі 13/1 үйде тұратын 1959 жылғы Роза Иқсанова бірінші болып дауыс берді. Сондай-ақ алғаш дауыс беруші, студент Әлима Мұқашеваның бүгін туған күні екен. Бұл адамдарға шағын сыйлықтар табыс етілді.

15.01.2012 / 11:45

Сайлау қалыпты өтуде, халықтың белсенділігі жоғары - №117 сайлау учаскесінің төрайымы Р. Бөлекбаева

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласы Әуезов ауданы №117 сайлау учаскесінде  сайлау қалыпты өтуде.

Аудан тұрғындарының да, ел іргесін ұстар жастардың да  белсенділігі жоғары. Бұл туралы №117 сайлау учаскесінің төрайымы Райхан Бөлекбаева мәлім етті.

 "Біздің учаске де таңғы 07:00-ден бастап, өз жұмысын бастады. Сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Олардың дауыс беру барысын тәуелсіз байқаушылар жіті бақылауда.  Біздің сайлау учаскесі бойынша барлығы 2183 сайлаушы бар. Оның ішінде үшеуі іссапарларына байланысты  келе алмайтындығы туралы арыз беріп кетті, 11-і  денсаулығына байланысты үйде дауыс береді, жазылған арыздары бар. Таңертеңнен әрбір келген сайлаушыларымыз өзінің қалаған кандидаттарына дауыс беріп жатыр.  Осы сағатта сайлаушылардың 150-і келіп, дауыс беріп кетті. Сайлау учаскесі тыныш, өте жақсы жағдайда өтіп жатыр. Халық көңілді, халыққа ешқандай қысым жасалып жатқан жоқ",-деді  ол.

"Сайлауға келу әрбір азаматтың азаматтық борышы болуы керек деп санаймын.  Сондықтан да бүгінгі сайлауға келіп,  дауысымды бердім. Біз үшін ең бастысы,  халық жақсы өмір сүріп, еліміз аман, жұртымыздың тыныш болуы ",-дейді аудан тұрғыны Қанат Нұрғазиев.

 Естеріңізге сала кетсек, Алматыда 472 учаскелік, 37 округтік, 7 аймақтық сайлау комисиясы бар. Қала бойынша сайлаушылардың жалпы саны  960 мыңдай. Әрбір учаскеде шамамен 1,5-2,5 мың адам дауыс береді.

15.01.2012 / 12:01

Сайлауға отбасыммен келіп, дауыс бердім - І.Мұқанов, 84 жаста, БҚО

ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы №30 орта мектепте орналасқан №522-нші сайлау учаскесіне бүгін отбасыммен келіп, дауыс бердім.

Бұл туралы Орал қаласында тұратын ардагер, 84 жастағы Ізім Мұқанов айтты.

«Әрине, осы жасымда талай сайлауға қатыстым. Бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Додаға түсіп жатқан партиялар мен үміткерлер баршылық. Солардың арасынан өзімнің ойымнан шыққанын таңдауға тырыстым. Бала-келінім Мұрадым мен Толқын да келіп, дауыс берді. Халықтың бәрі де өз еркін, таңдауын білдіріп жатыр», деді ақсақал.

15.01.2012 / 12:07

Жамбыл облысының әкімі еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуі үшін дауыс берді

ТАРАЗ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат  /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев парламенттік сайлауға қатысып, Тараз қаласында Жамбыл атындағы орта мектепте орналасқан №37-нші сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Өз елінің азаматы ретінде, мен Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуін қамтамасыз ететін партияға дауыс бердім», - деді облыс әкімі.

Облыстық аймақтық сайлау комиссиясының берген ақпараты бойынша, қазіргі уақытта өңірдегі 450 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде.

15.01.2012 / 12:10

Германия байқаушысының пікірінше, Қазақстандағы бұдан кейінгі сайлауларда халықаралық байқаушыларды шақыру қажет емес

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандағы бұдан кейінгі сайлауларда халықаралық байқаушыларды шақыру қажет емес.

Бұл туралы бүгін Астанада байқаушы ретінде баспасөз мәслихатын өткізген Германияның «Аспен» институтының аға сарапшысы Маттиос Дорнфельд мәлім етті.

«Сайлау үдерісінде Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізген. Менің ойымша, бұдан кейінгі сайлауларда халықаралық байқаушылардың қатысуы міндетті емес секілді. Себебі, Қазақстан мұндай қадамдарға дайын және дұрыс бағытта келе жатыр. Атап айтқанда, мен қатысқан басқа елдердегі сайлау үдерістерімен салыстырғанда, Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру деңгейі мен осы үрдістің ашықтығында айырмашылық айтарлықтай жоғары»,-деп атап өтті ол.

 «Сайлау барысында мен 4 сайлау учаскесін аралап өттім. Бұл учаскелерді сайлаушылар белсенді түрде қатысуда. Меніңше, Қазақстандағы сайлау айтарлықтай жақсы өтуде»,-деді ол.

Германиялық байқаушының сөзіне қарағанда, аталған сайлау учаскелерінде ЕҚЫҰ мен ТМД-ның және жергілікті байқаушылар болды.

«Менің пайымдауымша, бұл сайлау сәтті өтеді»,-деп түйіндеді сөзін ол.

15.01.2012 / 12:10

Бүгін халық қалаулылары алдында айтарлықтай қиын және жауапты міндеттер тұр - Ақтөбе әкімі

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы барысында өзінің азаматтық борышын Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те орындады, ол №65-інші сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ал қалалық Оқушылар сарайындағы №77-нші сайлау учаскесінде қала әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков дауыс берді. Әкім сайлауға жұбайымен бірге келді. Н.Әбдібеков журналистердің сауалдарына жауап бере келе, оның балалары бүгін іссапарда жүргендігін, сол себепті, бір ұлы есептен шығару талоны бойынша - Астанада, екіншісі Алматыда дауыс беретіндігін айтты.

Қала әкімі атап көрсеткендей, бүгінгі сайлаулар - қоғамның, экономиканың одан әрі дамуына және ел Президентінің «Қазақстан - 2030»  ұзақмерзімді стратегиясында және өзге де бағдарламаларда белгілеген міндеттеріне қол жеткізу.

Қалалық мәслихаттың болашақтағы депутаттар корпусының алдында қандай міндеттер тұрғандығы туралы сұраққа әкім: «бұл мемлекеттің экономикалық қуатын арттыру, әлеуметтік саланы, қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша айтарлықтай қиын және жауапты міндеттер», - деп жауап қайырды.

«Қалалық мәслихаттың жаңа құрамы жұмысқа бейім, ең бастысы, жауапты болады деп сенемін. Депутаттар сайлауалды кампания барысында азаматтардан алған өтініштерді орындаумен айналысады деп ойлаймын», - деп түйіндеді әкім.

15.01.2012 / 12:15

Семейде Даулет Тұрлыханов Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс берді

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқапарт - Қазақстандық атақты спортшы, «Астана» СК-ның бас директоры Даулет Тұрлыханов өзінің жұбайымен бірге Парламент  Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру үшін Семейге келді. 

Бүгін ол Семей қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс берді, деп хабарлады «Семей қаласындағы әділ сайлау үшін» бастамашыл азаматтық тобы.

«Барлығымыз, еліміздің азаматтары, біз таңдаған билік органдары экономиканы дамыту, Қазақстанның әл-ауқатын арттыру бағытында жұмыс істеуіне мүдделіміз. Сондықтан, жексенбілік демалысқа қарамастан, Семей қаласының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда» , - деді Д. Тұрлыханов.

Сонымен қатар ол, сайлауалды кампания кезінде қалада барлық саяси партиялар мен депутаттыққа кандидаттар үшін тең дәрежелі жағдайлар жасалғандығын атап өтті.

15.01.2012 / 12:16

Сайлауда заңбұзушылық байқалып отырған жоқ - С.Сүлейменов, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан байқаушы, БҚО

ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мен Орал қаласындағы №522 сайлау учаскесінде жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан байқаушы ретінде сайлауға дауыс беру барысын қадағалаудамын,

деп мәлім етті  Сайлау Сүлейменов.

«Учаскеде таңғы сағат 6.30-дан бері бәрі біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Бірінші сағаттың өзінде 78 адам дауыс берді. Алғаш дауыс берушілерге сыйлықтар жасалды. Менен басқа да байқаушылар бар. Әзірге заңбұзушылықтар байқалған жоқ. Дегенмен ұсақ-түйек олқылықтар бар. Мәселен, сайлаушылар тізімінде бір үйден анасы бар да, баласы болмай шыққан жағдай кездесті. Сол сияқты биыл М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектебінен жаңа учаске ашылып, бірқатар сайлаушылар сондағы тізімде екен.  Жалпы, халықтың қатысуы жақсы, ұйымшылдық танытуда», деді С.Сүлейменов.

15.01.2012 / 12:28

Сайлау үдерісі тәртіп бойынша өтуде - Түрік тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы байқаушылары тобының жетекшісі

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттарын сайлау үдерісі қалыпты әрі тыныш жағдайда өтуде.

Түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы байқаушылары тобының жетекшісі Халук Ипек бүгін баспасөз мәслихаты кезінде осылай айтты.

«Біздің делегацияның  құрамында Әзербайжан мен  Түркия Парламентінің депутаттары бар. Бүгін Алматыда 3 сайлау учаскесінде болдық. Сайлау үдерісі басталған кезде алғашқы учаскеде дауыс беру баяу жүріп жатқан еді, екіншісіне келген кезде жоғары белсенділікті байқадық. Онда дауыс беру үшін кезекте тұрған жастар мен егде адамдар көп екен», - дейді Х. Ипек. Ол сайлау учаскелерінің бәрінде  саяси партиялардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардан келген әріптес байқаушыларды көрген. Дауыс берушілермен де сұхбаттасқан шетелдік бақылаушылар сайлаудың сәтті өтетіне зор үміт артып отыр. Өйткені онда сайлау үдерісінің ойдағыдай өтуіне барлық жағдай жасалған.

15.01.2012 / 12:28

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Талдықорғанда дауыс берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №872-нші сайлау учаскесінде дауыс берді.

Облыс бойынша 906 сайлаушы тіркелген, барлық 918 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден бастап жұмыс істеуде. Таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша, облыста сайлаушылардың 32 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісіне кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға кезекті сайлаулар басталды. Дауыс беру ҚР-ның барлық аймақтарында, 9 764 сайлау учаскесінде кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

ОСК-ның берген ақпараты бойынша, Қазақстанда 9 328 805 сайлаушы тіркелген.

Парламент сайлауына 7 партия, атап айтқанда,  «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның Патриоттар партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы және «Әділет» демократиялық партиясы қатысады. Жергілікті мәслихат орындарына 8 726 кандидат ұсынылып отыр.

15.01.2012 / 12:30

БҚО-да 87893 адам дауыс берді

ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жергілікті сағат 11.00-ге дейін 87893 адам дауыс берді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абай Хамзиннің хабарлағанындай, бұл - барлық сайлаушылардың 22,1 пайызы. Өңірде барлығы 523 сайлау учаскесінде 397735 сайлаушы тіркелген.

Халықтың белсенділігі жоғары, сайлау қалыпты өтуде.

15.01.2012 / 12:39

Қазақстандағы сайлау демократиялық талаптарға сәйкес ашық өтуде - шетелдік байқаушы пікірі

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандағы сайлау демократиялық талаптар мен заңнамаға сәйкес ашық өтуде.

Бұл туралы бүгін Астанада байқаушы ретінде баспасөз мәслихатын өткізген чехиялық байқаушы Влчек Милислав мәлім етті.

«Мен Қазақстанға тәуелсіз байқаушы ретінде келіп отырмын.  3 сайлау округінде болдым. Түстен кейін тағы 3 сайлау учаскесінде боламын. Мен аралап шыққан учаскелердегі сайлау үрдісі демократиялық талаптар мен заңнамаға сәйкес ашық өтуде»,-деп тоқталды чехиялық байқаушы.

Оның сөзіне қарағанда, сайлау учаскелерінде байқаушылардың отырған жері мен комиссия мүшелерінің орналасуы және сайлашылардың сайлау үрдісіне қатысатын орындары жақсы орналасқан. «Атап айтқанда, байқаушылардың жұмысына ешбір кедергілер жасалған жоқ»,-деп түйіндеді сөзін В. Милислав.

15.01.2012 / 12:45

Мен елдің әрбір азаматы сияқты біздің қоғамымызда бейбітшілік пен тұрақтылық болуы үшін дауыс бердім - Алматы әкімі

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - "Мен бүгін, елдің әрбір азаматы сияқты, біздің қоғамымызда бейбітшілік пен тұрақтылық болу үшін, жүйелі түрде елдің,

халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жүргізіліп келе жатқан реформалардың жалғасын таба беруі үшін   дауыс бердім",-дейді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. 

     Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы бойынша мәслихат депутаттығына үміткерлерлікке 201 өтініш келіп түскен болатын. Тіркеу аяқталған, 20 желтоқсан күні  185 үміткер тіркелді, оның 16-ы өз арыз-талабы бойынша сайлау додасынан шықты. Нәтижесінде, бүгін мәслихат депуттаттығына сайлауға 37 округ бойынша 89 үміткер түсуде.  

15.01.2012 / 12:47

Брюссельде, Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде сайлау учаскесі ашылды

БРЮССЕЛЬ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Бүгін ортаеуропалық жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де Бельгия Королдігінде Қазақстан Елшілігі жанында құрылған №199 сайлау учаскесі ашылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның бірқатар азаматтары өздерінің сайлау құқықтарын пайдаланып үлгерген. Брюссель сайлау учаскесі уақытша Брюссельде және Люксембургте тұрып жатқан қазақстандық 200-дей сайлаушыларды қабылдауға дайын. Олардың ішінде қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасылары, еуропалық институттар жанында аккередитациядан өткен журналистер, шығармашылық, ғылыми қоғамдық, бизнес пен студент жастарының  интеллигенциясы бар.

Брюссель сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы, Бельгиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-елшісі Ержан Қыстафин учаске заңнамалық талаптарға сәйкес техникамен жабдықталғанын және сайлауға дайын екендігін атап өтті. Сайлау комиссиясының мүшелері қажетті рәсімдерді орындай отырып сайлаушыларды күтуде.

Сайлау заңнамасына сәйкес, Брюссельде сайлау Бельгиядағы ҚР Елшілігінде ортаеуропалық жергілікті уақыт бойынша кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.  Сайлау аяқталысымен және дауыстарды санап біткен соң ҚР Орталық сайлау комиссиясына тиісті хаттама жіберіледі

15.01.2012 / 12:48

Әскерилер сайлауға белсенді қатысуда

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Қазақстандық Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Мәжіліс сайлауында белсенділік танытуда.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қарулы Күштердің дауыс берулері белсенді және барлық ережелер сақтала отырып жүзеге асты. Сайлаудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары ведомствоның және әскери бөлімдер мен түрлердің, әскери оқу мекемелерінің орталық апрататтарындағы арнайы топпен жүзеге асты», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Мәліметтерге қарағанда, аталмыш салада алғашқылардың бірі болып мерзімдік әскери қызметтегілер мен курсанттар сайлау учаскелеріне барып, дауыс берген.

«Әскерилер сайлауда 100 пайыз қатысуымен және дауыстарды санаудың шапшаңдығымен ерекшеленеді. Астанадағы әскери бөлімдердегі десант-жауынгерлер де өздерінің белсенділігін танытты. Сайлау учаскесіне ерте келген 68665 әскери бөлім қызметкерлері өздерінің таңдауын 10 сағат 30 минутта-ақ жасап бітті. Бұндай жағдай Қарулы Күштердің барлық мекемелері мен әскери бөлімдер жанындағы басқа да 27 сайлау учаскелерінде көрініс тапты», - делінген баспасөз айғағында.

15.01.2012 / 12:50

Жамбыл облысында күннің бірінші жартысында сайлаушылардың 38 пайызы дауыс берді

ТАРАЗ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында күннің бірінші жартысында сайлаушылардың 38 пайызы дауыс берді. Бұл туралы облыстық аймақтық сайлау комиссиясынан мәлім етті.

«503 227 адамның 200 мыңы өз таңдауларын жасады», - деді облыстық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Әбдуәлі.

Аталмыш комиссиясының ақпаратына сәйкес, облыста сайлау 450 дауыс беру учаскесінде өтіп жатыр.

15.01.2012 / 12:51

Қазақстандықтардың дауыс беруге деген зор ынтасы байқалады - «Украина» телеарнасының тілшісі Андрей Кузаков

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Украинада көптеген сайлау науқандары өтті. Бірақ Қазақстанда азаматтардың дауыс беруге деген зор ынтасы айрықша байқалады.

Астанадағы сайлау науқанын бақылап жүрген «Украина» телеарнасының тілшісі Андрей Кузаков осындай пікір білдірді.

«Әрине, мен, ең алдымен, халықтың белсенділігін ерекше атап өтер едім. Себебі біз Украинаның өзінде сайлау науқандарының біразына қатыстық. Онда да белсенділік болды. Сөз жоқ. Бірақ Қазақстанда азаматтардың дауыс беруге деген зор ынтасы айрықша байқалады.

«Украина» телеарнасының тілшісі атап көрсеткендей, бүгінде Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық қауымдастығы арасында тұрған Украина екіжақтың сайлау саласындағы тәжірибесін зерттеуге мүдделі.

15.01.2012 / 12:56

Мен елімізде 1937 жылдан бері өтіп келе жатқан барлық сайлауға қатысып келе жатырмын - ғалым Әдібай Табылдиев

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  «Бір қоғамда өмір сүріп отырғандықтан онда болып жатқан үдерістен ешкім тыс қалмау керек», 

дейді педагогика ғылымының докторы, профессор Әдібай Табылдиев.  2-ақпанда 86 жасқа толғалы отырған ғалым Алматыдағы Медеу ауданындағы №240 сайлау учаскесінде өзінің азаматтық парызын өтеді.

Мен 1937 жылдан бері елімізде өтіп келе жатқан түрлі деңгейдегі  барлық сайлауға қатыстым. Тәуелсіздік жылдарында болған сайлаулардың ішінде 1995 жылы Президент сайлауындағы дауыс берушілердің белсендігі ерекше есімде қалды», - дейді 120-дан астам ғылыми  мақалалардың, 10-нан астам ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының  авторы.

15.01.2012 / 12:58

Мәскеуде №143-інші сайлау учаскесінде ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау жүріп жатыр

МӘСКЕУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмагұлов/ - Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде (№143-інші сайлау учаскесінде) ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Бірінші болып дауыс бергендердің қатарында Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков бар. «Мен барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтағым келеді. Бүгін барлығы өз болашағы үшін дауыс береді», - деп атап өтті дипмиссияның  басшысы.

«РФ-да тұрып жатқан отандастар да өздерінің конституциялық парыздарын орындай алады. Ресейдің төрт қаласында - Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы және Астрахань қалаларында сайлау учаскелері жұмыс істеуде», - деді З.Тұрысбеков.

Дипмиссия басшысы, Мәскеуде сайлау учаскелері ашылған таңертеңгі сағат 7-ден бастап қазақстандық азаматтардың белсенді ағыны байқалып отырғандығын атап өтті.

15.01.2012 / 13:02

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов №188 сайлау учаскесінде дауыс берді

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ -  Бүгін Қызылорда облысының әкімі Б.Қуандықов отбасымен бірге облыс орталығындағы №198 орта мектепте орналасқан №188 сайлау учаскесіне барып,

дауыс берді.

Қазіргі таңда қызылордалықтар сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

15.01.2012 / 13:18

Қазақстандағы сайлау үдерісі Еуропадағыдай жүріп жатыр - Нидерландиялық байқаушы

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Мен Алматыда өзім болған 3 сайлау учаскесінен  жанға жағымды атмосфераны байқадым».

 Бүгін Нидерландиядан келген халықаралық байқаушы Ласло Мараш баспасөз мәслихаты кезінде осындай пікір білдірді.

«Қаланың байырғы аудандарындағы бұл сайлау учаскелері ҚР Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттарын сайлауға жақсы дайындалыпты. Дауыс беру үдерісі өте жақсы ұйымдастырылған. Онда жанға жайлы атмосфералық ахуал орнаған. Бұл жағдайдан кейін мен Қазақстандағы сайлау үдерісі Еуропа елдеріндегідей жүріп жатқанына көзім жетті», - дейді Л. Мараш. Қазақстанға алғаш келіп отырған  ол бұл сайлаудан өзге Еуропа елдерінен көрмеген 2 үлкен ерешелікті байқағанын да айтты. Оның біріншісі, сайлауға алғаш рет қатысып дауыс берген жастарға сайлау комиссиясы тарапынан жасалған шағын сыйлықтар. Екіншісі, сайлау учаскелерінде музыка ойнап тұруы.

«Бұл сыйлықтардың көлемі үлкен емес. Ол дауыс беру барысына еш әсер етпейді. Ол ынталандырудың бір жолы. Музыканың ойнауы да солай. Ол жақсы үлгі. Бізден де одан өнеге алсақ артық болмасы анық. Өйткені демократияның салтанат құруы шынында да үлкен мереке ғой», - дейді Ласло Мараш.

15.01.2012 / 13:21

Дауыс беру - кез келген азаматтың құқығы әрі ел алдындағы міндеті - М. Жолдасбеков

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстандықтар ел болашағына бейтарап қарамауы тиіс. Бүгін Астана қаласындағы №3 сайлау учаскесінде дауыс берген Президенттік мәдениет орталығының директоры,

қоғам қайртакері Мырзатай Жолдасбеков осылай айтты.

«Бүгін - ел тарихында аса бір елеулі күндердің бірі. Бүгін біз Парламент Мәжілісінің депутаттарына, сондай-ақ мәслихат депутаттарына дауыс беріп жатырмыз. Бұл - әрбір азаматтың құқығы ғана емес, ел алдындағы міндеті. Сондықтан осындай құқығы мен міндеті бар кез келген азамат бейтарап қалмай, дауыс беруі тиіс. Сондықтан мен бүгін келіп, өз қалауымды білдірдім. Болашақ үшін дауыс бердім», - дейді М.Жолдасбеков.

15.01.2012 / 13:27

Сағат 12.00-ге дейін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында 3 миллион 185 мың 546 тұрғын дауыс берді - ОСК

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -  Астана мен Алматы қалаларының және облыстық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, бүгін, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында сағат 12.00-ге дейін барлығы 3 миллион 185 мың 546 адам дауыс берді.

Бұл туралы бүгін сайлаудың барысына қатысты өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Үсен Жетенов мәлім етті.  

Оның деректеріне қарағанда, сайлаушылардың Астанада 10,9 пайызы, Алматыда - 6,4, Ақмола облысында - 44,7, Ақтөбе облысында - 31,1, Алматы облысында - 57,1, Атырау облысында - 45,1, Шығыс Қазақстан облысында - 43,5 және Жамбыл облысында 38 пайызы дауыс берді. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы электоратының 22,1 пайызы, Қарағанды облысының 31,4, Қостанай облысының - 56,2, Қызылорда облысының - 55,6, Маңғыстау облысының - 23,3, Павлодар облысының - 33,3, Солтүстік Қазақстан облысының - 47,3 және Оңтүстік Қазақстан облысының 19,4 пайызы өз таңдауларын жасаған.

Дауыс беру 9 мың 764 сайлау учаскесінде жүзеге асырылуда.

15.01.2012 / 13:28

«Голос Республики» басылымы журналистерінің Жаңаөзендегі сайлау учаскелерін аралауына рұқсат берілді

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - «Голос Республики» басылымы журналистеріне Жаңаөзен қаласындағы сайлау учаскелерін аралауына рұқсат берілді,

деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

 «Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановтың атына «Голос Республики» журналистеріне Жаңаөзен қаласындағы сайлау барысын насихаттауға қатыстыру туралы өтініш түсті. Ол Жаңаөзен қаласының комменданты Аманжол Қабыловқа жіберілді. Аталмыш журналистерді Жаңаөзен қаласындағы сайлау учаскелерін аралауына рұқсат беру туралы шешім қабылданды», - деп атап көрсетілген әкімдіктің хабарламасында.

15.01.2012 / 13:33

Ресей Мемлекеттік Думасы Қазақстандағы Мәжіліс сайлауының жоғары деңгейде өтуіне мүдделі

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ресей Мемлекеттік Думасы Қазақстан Парламентімен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

Бұл туралы бүгін Астанада байқаушы ретінде баспасөз мәслихатын өткізген Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Олег Савченко мәлім етті.

 «Біз болған сайлау учаскелерінде елеулі кемшіліктерді байқамадық. Тек,  шамалы ескертулер бар»,-деп тоқталды депутат.

 Атап айтқанда, бұл ескертулер азаматтардың аты-жөніндегі қателіктерге байланысты. «Шын мәнінде бұл жеңіл түзетілетін шаралар және бұл ескертулер сайлау нәтижесіне әсер етпейді»,-деп тоқталды  байқаушы.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның сайлау заңнамасы барлық халықаралық құқық нормаларына сай келеді.

«Сайлауға дайындық жұмыстары тыңғылықты атқарылған. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларды ақпараттандыру үшін тиісті жұмыстарды өз деңгейінде өткізді»,-деді депутат.

«Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары Қазақстан Парламентімен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Сондықтан біз Қазақстандағы сайлау жоғары деңгейде өтуіне мүдделіміз»,-деп түйіндеді О. Савченко.

15.01.2012 / 13:39

Апатқа ұшыраған «Коста Конкордиа» кемесінен құтқарылған қазақстандықтар Римде сайлауға қатысуда

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Италияның жағалауындағы Жерорта теңізінде қайырға тұрып қалып, апатқа ұшыраған «Коста Конкордиа» круиздік кемесінің бортында Қазақстанның үш азаматы болған еді.

Кеме апатқа ұшырағаннан кейін Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлім қызметкерлері жерлестерімізбен байланыс орнатты.

«Қазақстан азаматтарының шетелдерде құқы мен мүддесін қорғау шеңберінде, сондай-ақ кеме бортында басқа да жерлестеріміздің болу мүмкіндігі туралы толық ақпарат алысымен қазақстандық консулдық қызметкерлері апатқа ұшыраған кеменің қызметкерлері эвакуацияланған Монте-Арджентариоға (Римнен 170 шақырым) барған болатын. Монте-Арджентарио қаласына келісімен Қазақстанның тағы да 4 азаматының жапа шеккені анықталды. Олардың барлығы Монте-Арджентарио мен Фиюмичино қалаларындағы қонақ үйлерге орналыстырылды», - делінген Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев таратқан баспасөз хабарламасында.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық дипломаттар аталған апатты жағдай бойынша Қазақстанның 7 азаматының жеке бастары туралы мәліметтерді анықтады. Олар: Агеев Рустам, 12.09.1968 ж.;  Агеева Лола, 24.05.1984 ж.; Барбашева Виктория, 07.04.1983 ж.; Ряднова Кира, 30.09.1978 ж.; Корсунский Александр, 13.01.1979 ж.; Корсунский Владимир, 14.02.1981 ж.; Корсунская Наталья, 12.03.1955 ж.

СІМ ресми өкілінің хабарлауынша, қазақстандықтардың жағдайы қанағаттанарлық, олардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, тек ақша қаражаттары мен жеке заттары кеме бортында қалған. Консулдық қызметкерлері апатқа ұшыраған кеменің операторы болып табылатын «Costa Cruises» өкілдерімен, жергілікті билік өкілдерімен және жағалау күзетімен кездесу өткізіп, әңгімелесті. «Дипломаттарымыздың көмегімен қазақстандықтар Римге оралды. Оларға Елшілік барлық қажетті көмектерді көрсетті. Қазіргі кезде кеме апатынан құтқарылған Қазақстан азаматтары Римдегі Қазақстан Елшілігі жанынан құрылған сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысуда. Олар 15 қаңтар күні кешке Ыстамбұл арқылы Қазақстанға келеді. Туроператорлар олардың жол шығындарын өтейтін болады», - дейді А. Әбибуллаев.

Естеріңізге сала кетейік, 17 палубалық итальяндық «Коста Конкордиа» кемесі 13 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10 шамасында Джильо аралына жақын жерде құм қайраңында саязға отырып қалды. Қолда бар мәліметтер бойынша, соққы кезінде кеменің корпусы бүлініп, қисайған. Апат кезінде оның бортында 3200-ге жуық жолаушы мен мыңнан астам экипаж мүшелері болды.

Бұған дейін БАҚ-тар оқиғаның сегіз құрбаны туралы хабарлаған болатын.

15.01.2012 / 13:45

Бүгін 27 жас бірінші рет дауыс берді - учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Г.Жаналиева, БҚО

ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралға қарасты Серебряков кентіндегі орта мектепте орналасқан №526 сайлау учаскесінде барлығы 1114 сайлаушы тіркелген,

11.00-ге дейін солардың 345-і дауыс берді. Бұл туралы учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Жаналиева мәлім етті.

«Дауыс беру заңға сәйкес уақтылы басталды. Бірінші болып дауыс берген жиырма шақты адамға шағын сыйлықтар берілді. Мұның сыртында алғаш рет дауыс беріп жатқан 27 жас бар. Оның үстіне ауыл тұрғындары Зиға Қызылбасова мен Нұржан Мырзағалиевтің бүгін туған күні екен. Оларды да қалыс қалдырмадық. Бұл, әрине, ықылас білдіру есебінде ғой. Әйтпесе халықтың көңіл-күйі онсыз да көтеріңкі, өз таңдауларын жасап жатыр», деді Г.Жаналиева.

15.01.2012 / 13:57

«Жайлы сайлаулар - 2012» Семейдегі акция

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Семейде өтіп жатқан «Жайлы сайлаулар - 2012» акциясының аясында сайлаушылар тұрғылықты жерлерінен дауыс беру учаскелеріне дейін тегін жеткізілуде.

Бұл туралы «Семей қаласында әділ сайлау үшін» бастамашыл азаматтық тобынан хабарлады.

«Біз республиканың әрбір азаматы секілді өзінің азаматтық борышын, өзінің таңдауын әрбір сайлаушы жеңіл жасауына мүдделіміз», - деп атап өтті ерікті Медет Смағұлов.

Акция «Семей қалалық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен Семей қаласының Орыс әлеуметтік-мәдени орталығының бастамасымен өтуде.

15.01.2012 / 14:00

Алғашқы үш сағатта Мәскеудегі дауыс беру учаскесінде сайлаушылардың 50 пайыздан астамы өз таңдауларын жасады

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Алғашқы үш сағатта Мәскеудегі дауыс беру учаскесінде сайлаушылардың 50 пайыздан астамы өз таңдауларын жасап үлгерді.

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде құрылған №143-інші учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Сейтімов мәлім етті.

«РФ аумағында бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы бойынша Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы, Астрахан қалаларында жұмыс істеп жатқан - төрт учаскелік сайлау комиссиясы құрылған. Мәскеуде №143-інші сайлау учаскесі ашылды, онда жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10.00-ге дейін дайындалған тізім бойынша сайлаушылардың елу пайыздан астамы дауыс берді», - деп атап өтті ол. 

Н.Сейтімов сондай-ақ, Мәскеу үшін сайлаушылардың денін - дипломаттар мен олардың отбасылары, РФ-да өкілдіктері бар қазақстандық фирмалар мен мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан отандастырымыз құрайтынын атап өтті.

Сонымен қатар ол, дауыс беру учаскелері іссапарға, демалу мақсатында және тағы басқа жағдайлармен Мәскеуге келгендер үшін ашық екендігін жеткізді. Өздерін қосымша тізімдерден таба алмағандар жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы таңдауларын жасай алады.

Онымен қоса, сайлау заңнамасына сәйкес, объективті себептермен сайлау учаскесіне өздігімен келе алмайтындар үшін дауыс беру учаскелерінде тасымалданбалы жәшіктер қарастырылған.  

15.01.2012 / 14:03

Бесарық ауылының тұрғындары да өз таңдауларын жасады - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласына қарасты Бесарық ауылының тұрғындары да еліміздің ертеңі үшін дауыс беру үшін таңалакеуімнен сайлау учаскелеріне келіп,

өз таңдауларын жасады. Жалпы №148 Бесарық сайлау учаскесінде 1310 сайлаушылар тіркелген.

Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында орналасқан №175 сайлау учаскесінде тәңертеңгі 7.00-ден бастап сайлаушылар өз таңдауын жасауға асықты. Олардың ішінде бірінші болып және алғаш рет таңдау жасау құқығына Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 1-курс студенті Ақкенже Қалтайқызы ие болды. Ол осы округ бойынша тұңғыш рет сайлауға қатысатын 15 жастың қатарынан.

- Ел тағдырына салғырт қарай алмаймыз, біздің таңдауымыз - біздің болашағымыз. Сондықтан бүгін сайлауға келіп, қатысып жатқаныма қуаныштымын,-дейді А. Қалтайқызы.

Осы сайлау учаскесіне ертемен келіп, өз таңдауын жасағандардың бірі - Ұлы Отан соғысының ардагері Тәнеш Оразов та дауыс беру - азаматтардың басты парыздарының бірі болуы тиіс дейді.

Жалпы, №175 сайлау учаскесінде 19 көп қабатты үй, 363 жеке сектордағы үй тұрғындары тіркелген. Сайлауға дейін электоратты маңызды науқанға белсенділікпен қатысуына шақырдық,-дейді учаске төрағасы Асқар Әділбеков.     

15.01.2012 / 14:05

Павлодар облысының әкімі Кенжекөл ауылында дауыс берді

ПАВЛОДАР. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кенжекөл ауылының тұрғындары дауыс беру жағынан жоғары белсенділік танытып отыр, деп хабарлады №50-інші учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Кунгурова.  

Осы учаскеде Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұбайымен бірге дауыс берді. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн. Сайлаулар - бұл демократия мерекесі, бұл азаматтың заңнамалық конституциялық құқығы».

Кенжекөлде сағат 9-ға дейін 170 адам дауыс берді. Дауыс берушілердің тізімінде барлығы 1580 адам бар. Учаскелерде сайлауға түсуші барлық партиялар мен ҮЕҰ-лардың байқаушылары жұмыс істеуде.

15.01.2012 / 14:30

Астанада сайлау тыныш жағдайда өтіп жатыр - елорда әкімдігі

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астана қалалық мәслихатының депутаттығына 77 адам үміткер.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Астанада сағат 6.00-де 183 сайлау учаскесі ашылды. Халықаралық және отандық байқаушылардың, сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен сайлау жәшіктері ашылып, бюллетеньдер саналды. 20-30 минуттан соң алғашқы сайлаушылар келе бастады. Бірақ сайлау сағат 7.00-де Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған соң басталды.

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің конституциялық құқығын Қазақ гуманитарлық заң университетінде орналасқан №193-інші сайлау учаскесінде жүзеге асырды.

Жалпы алғанда, Астанада сайлау тыныш жағдайда өтіп жатыр, сайлаушылар белсенділігі жоғары деңгейде. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.

Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылғы 15 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындағаны белгілі. Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына үміткерлерді ұсыну 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан аралығында жүргізілді. Астана қалалық мәслихатының депутаттығына 77 адам үміткер.

15.01.2012 / 14:42

Еуропарламент байқаушылары Қазақстандағы сайлауда айтарлықтай заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Еуропарламент байқаушылары Қазақстанда өтіп жатқан Парламент және мәслихат сайлауларында айтарлықтай заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ.

Бұл туралы Еуропарламент депутаты Александр Мирский айтты.  

«Астанадағы 4 сайлау учаскесінде болдық. Біздің арамызда сайлау үдерісімен келіспейтіндер болған жоқ. Барлығы тыныш өтуде, наразылық танытқан адамдарды көргеніміз жоқ. Халықтың билікке деген көзқарастары жақсы және оның жұмысына көңілдері толады. Жалпы Қазақстан туралы бізде өте жағымды пікір қалыптасты», - деп атап көрсетті ол. 

Оның айтуынша, сайлау барысында Еуропарламент өкілдері айтарлықтай заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ.

«Мен Еуропарламент атынан 8-9-ыншы рет сайлау науқанын байқау миссиясына қатысып келемін. Бірақ Қазақстандағы сайлау науқанында көрген жылылықты, кеңпейілдік пен кішіпейілдікті мен ешбір елде көрген емеспін. Барған барлық елде саяси тайталастар, төбелестер мен ұрыстар орын алып жатты. Ал мұнда өте жағымды, тұрақты саяси жағдай қалыптасқандығы көрініп тұр. Қазақстандықтар өте ашық, тілектес халық және олар бейбіт қоғамда өмір сүруде. Себебі мемлекеттегі жағдай тұрақты, саясаты сараланған. Сайлауда адамдар бір-біріне кішіпейілділік танытуда. Ешқандай агрессия жоқ», - дейді А. Мирский

Еуропарламент миссиясының өкілі Қазақстанның көппартиялы парламентті құру қадамына да оң баға берді.   

«Сөз жоқ, парламентте бірнеше «жанды» партия болуы шарт. Қандай мықты, мінсіз партия деп танылғанымен, оппозиция болмаса, ол партия құлдырауға ұшырайды. Біз парламентте жұмысқа бейімді, пікірталастыра алатын партияның мейлінше көп болуын құптаймыз. Себебі тек осы жағдайда парламент ортақ пікірге, халық үшін қажет ортақ ақиқатқа қол жеткізе алады», - деп түйіндеді сөзін Еуропарламент депутаты.

15.01.2012 / 14:54

Жаңадан сайланатын Мәжіліс өміршең заңдарды өмірге әкеледі деп сенемін - Қ.Салауатов, БҚО

ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жаңадан сайланатын Мәжіліс өміршең заңдарды өмірге әкеледі деп сенемін.

Бұл пікірін Қазталов аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария, кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Қайрат Салауатов білдірді.

«Еліміз жыл сайын дамып, көркейіп келеді. Әсіресе, ауылдың тұрмысы жақсарып, халықтың әл-ауқаты артуда. Мәселен, «Таза су», «Ақбұлақ» бағдарламалары арқылы ауылдарға су келсе, табиғи газ құбыры да тартылуда. Қораға мал толуда. Мал басын өсіру үшін мемлекеттен қолдау-көмек көрсетіліп жатыр. Бұл ретте, өткен жылы Қазталов ауданы тұрғындары да біраз несие алды. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Қазақстан саяси-құқықтық жағынан да жаңара түсуде. Соның бір дәлелі - биылғы сайлауға партиялар өз үміткерлерін қосып жатыр. Парламент көп партиялы болса, одан ұтары анық. Қалай болғанда да іргелі істердің жалғасатыны анық. Мұны бүгінгі сайлаудың беталысынан, халықтың белсене қатысуынан көруге болады», деді Қ.Салауатов.

15.01.2012 / 14:56

Иорданиядағы ҚР Елшілігінде ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау жүріп жатыр

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін 15 қаңтарда, таңғы сағат 7-ден Иордания Хашимит Корольдігіндегі ҚР Елшілігінде №222 сайлау учаскесінде Иорданияда уақытша немесе тұрақты тұратын ҚР азаматтарының Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру жүріп жатыр.

Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

15.01.2012 / 15:02

Түске дейін Оңтүстік Қазақстан облысының 20 пайыз тұрғындары дауыс беріп үлгерді

ШЫМКЕНТ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Түске дейін Оңтүстік Қазақстан облысының 235 мың 236 мың тұрғыны дауыс беріп үлгерді, деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясы. Бұл жалпы сайлаушылар санының 19.42 пайызы.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда,  дауыс беруде түскі сағат 12-дегі жағдай бойынша Арыс ауданы белсенділік танытып, бірінші орында тұр, екінші орында - Түркістан, ал үшінші орында - Бәйдібек ауданы орналасты.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы дауыс берудің барысы туралы екі сағат сайын ақпарат беруде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ОҚО-да еліміздің облыстары бойынша сайлаушылардың көбісі осында орналасқан. Дауыс берушілердің тізімінде 1 млн. 211 мың 500 адам бар.

 

15.01.2012 / 15:13

Қызылордалық сайлаушылар дауыс беру жөнінен республика бойынша алдыңғы үштікте

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Осы сағаттардағы жағдай бойынша Қызылорда облысының сайлаушылары дауыс беру жөнінен алда келе жатқан үш өңірдің қатарында.

Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаұлы мәлім етті.

Дәл осы уақытқа дейін, облыстың 343 сайлау учаскесінде тіркелген 388 513 сайлаушының 278 952-сі бюллетеньдерді толтырып, дауыстарын берді. Бұл облыстағы сайлаушылардың - 71,8 пайыз. Ал аудандар арасында Шиелі алда келеді. Онда электораттың 77,9 пайызы дауыс берді. Одан кейін, таңертеңгілік уақытта ең соңғылардың қатарында болған Сырдария ауданы тұр. Оның көрсеткіші - 77,1 пайыз. Сайлаушылардың белсенділігі бойынша алдыңғы үштіктің қатарында сондай-ақ, 76 пайыздық көрсеткішпен Қазалы ауданы бар. Ал сайлау үдерісі басталысымен алдыңғы орында болған Қызылорда қаласы кестенің соңына сырғыды.

15.01.2012 / 15:20

Қостанайда сайлаушылар дауыс беруде белсенділік танытып отыр

ҚОСТАНАЙ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда таңғы сағат 7-де сайлау учаскесі ашылды.

№18 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Светлана Лихобабина сайлау барысын жақсы деп бағалайды. «Қазір осы түс уақытында сайлаушылар аса белсенділік танытып отыр. Әсіресе зейнеткерлер мен жастар көптеп келуде», - деді С. Лихобабина.

Сайлаудың барысында учаскелерде сайлауға түсуші барлық партиялар, халықаралық және жергілікті бақылаушылар жұмыс істеуде. Сондай-ақ баспасөз өкілдерінің жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасалған. Қостанайлықтардың көбісі сайлауға отбасыларының мүшелерімен бірге келіп жатыр.

15.01.2012 / 15:29

Сайлаушылардың белсенділігі жағынан Алматы облысы көш бастап тұр - ОСК

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін, сағат 14.00-дегі мәліметтер бойынша, Мәжіліс пен мәслихат депутаттары үшін ең көп дауыс берген аймақ Алматы облысы болып отыр. Облыста тұрғындардың 74,1 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерді.

Бұл туралы журналистерге арнап өткізілген брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.

М.Сәрсембаев ұсынған деректерге сәйкес, сайлаушылардың белсенділігі жағынан Алматы облысынан кейін, тұрғындарының 72,9 пайызы дауыс берген Қостанай облысы және  71,8 пайыз көрсеткішпен Қызылорда облысы тұр. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, сонымен қатар, елорда тұрғындарының 21,3 пайызы, Алматы тұрғындарының - 14,1, Ақмола облысы тұрғындарының - 69,2, Ақтөбе облысы сайлаушыларының - 47,1, Атырау тұрғындарының - 67,5, Шығыс Қазақстан облысы сайлаушыларының - 65,6, Жамбыл облысының - 58,1, Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының - 55,8, Қарағанды облысы тұрғындарының - 51,2, маңғыстаулықтардың - 54,7, Павлодар облысы азаматтарының - 60,6, Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының - 59,7 және Оңтүстік Қазақстан сайлаушыларының 56,8 пайызы өздері қалаған азаматтар мен партияға дауыс берді.

Осылайша, сағат 14.00-ге дейін республика бойынша барлығы 5 миллион 162 мың 922 адам дауыс берді. «Бұл ел халқының 55,5 пайызы»,-деді ОСК мүшесі.

15.01.2012 / 15:32

Сайлауға қатысу - болашағымызға деген қамқорлығымыздың белгісі - 80 жастағы сайлаушы

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астанадағы №3-інші сайлау учаскесінде елорданың 80 жастағы тұрғыны Әхлима Бейсенова Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында өзінің дауысын берді.  

«Сайлауға келіп, дауыс беру - болашағымызға деген қамқорлығымыздың белгісі, халық саналылығының үлгісі. Сондықтан, сайлау сынды науқанға қатысу әрбір қазақстандық үшін абыройлы іс болуы шарт», - дейді ол.  

Денсаулығы еркін жүріп-тұруына мүмкіндік бермесе де, кейуана бүгінгі сайлауға келуге үлкен қажырлық танытты.

«Өзімнің денсаулығым сыр беріп, жүруге қиналсам да, сайлауда дауыс беру үшін өзім сұранып келдім. Елде қанша сайлау болды, солардың барлығына қатысып келемін», - дейді Ә. Бейсенова.

Ақмолада туып-өскен қарт әже, қосағынан 40 жасында айырылған.

«Бес баланы өсіріп, оларға жоғары білім бердім, аяққа тұрғыздым. Олардың барлығы осы Астанада тұрады. Сегіз немерем бар. Жоқшылық уақытты да көрдік, қазір заман жақсы. Зейнетақымызды уақытында аламыз. Балаларымның барлығы баспаналы болып отыр. Өз басымда 3 бөлмелі үйім бар. Елдегі тұрақтылық  - біздің мемлекетіміздің ең басты құндылығы. Халқымыздың арасы ашылып, шырқы бұзылмаса екен деп тілеймін», - деді ол.   

15.01.2012 / 15:36

Сайлау демократиялық нормалардан ауытқусыз өтуде - К. Прускене

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Сайлау демократиялық нормалардан ауытқусыз өтуде.

Бүгін елімізде өтіп жатқан сайлауға байланысты пікірін білдірген халықаралық байқаушы, Литваның экс-премьері, «Литва халық партиясының» төрайымы Казимир Дануте Прускене журналистермен болған баспасөз мәслихатында осылай мәлімдеді.

«Мен Қазақстанда бірінші рет емеспін, дегенмен, бұл елдегі сайлауға байқаушы ретінде алғаш рет қатысып отырмын. Мен 5 сайлау учаскесінде болдым. Сайлау менің ойымша жақсы деңгейде және барлық елдерде, соның ішінде менің елімдегі секілді өтуде. Сайлаушылардың белсенділігі жеткілікті түрде жоғары. Қарапайым демократиялық нормалардан еш ауытқушылық байқалмайды», - деді халықаралық  байқаушы.

Сайлау учаскелеріндегі жағдайға да тоқталған К.Д. Прускене ханым, онда барлық партиялардың өкілдері, тәуелсіз ұйымдар өкілдері қатысып отырғанын жеткізді.

«Өз басымда қандай да бір сыни ескертпелер жоқ және басқа да байқаушылармен әңгіме барысында да бұл сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны айтылды. Мен елдің барлық өңірінде де сайлау осы деңгейде өтіп жатқан болар деп ойлаймын», - деді байқаушы. 

15.01.2012 / 15:43

Парижде дауыс берудің алғашқы сағатында сайлаушылардың 8 пайызы өзінің таңдауын жасады

ПАРИЖ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Жергілікті уақыт сағат сегізден бастап Франциядағы Қазақстан елшілігі жанында ұйымдастырылған №124 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қазақстандық дипломатиялық мекемеден хабарлады.

Париж сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы, Франциядағы ҚР елшілігінің елшісі-кеңесшісі Жан Ғалиев «алғашқы сағатта Қазақстанның 13 азаматы дауыс берді, бұл учаскеде тіркелген сайлаушылардың 8 пайызын құрайды» деп атап өтті.  

Париж сайлау учаскесі Францияда тұрып жатқан және уақытша жүрген 160-қа тарта қазақстандық сайлаушыларды қабылдауға әзір. Олардың арасында - қазақстандық дипломаттар және олардың отбасылары, шығармашалық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық, бизнес және студент жастар өкілдері бар.

Сайлау туралы заңнамаға сәйкес Парижде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ға дейін Франциядағы Қазақстан елшілігінің ғимаратында өтеді. Дауыс беру аяқталып, дауыстар саналып біткен соң ҚР Орталық сайлау комиссиясына тиісті хаттама жіберіледі.

15.01.2012 / 15:44

Республика аумағындағы 164 сайлау учаскесінде «Экзит-пул» зерттеуі жүргізілуде

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Республика аумағындағы 164 сайлау учаскесінде «Экзит-пул» зерттеуі жүргізілуде.

Бұл туралы бүгін елордада Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, әлеуметтік ғылымдар докторы Айгүл Сәдуақасова мәлім етті.

«Бүгін таңғы сағат 8.00-ден бастап, Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты жалпы Қазақстан бойынша сайлаушылар дауыс беру учаскелерінен шыққан кезде сауалнамаларды алуды бастады. Жобамен Қазақстан бойынша 164 сайлау учаскесі қамтылды. Оған республика бойынша 198-ге жуық адамды жұмылдырдық. «Экзит-пул» зерттеуіне барлық облыстар мен Астана  және Алматы қалалары, қалалық, ауылдық сайлау учаскелері енді. Жалпы кешке дейін, біздің сауалнамаға республика бойынша 41 мың респондент қатысады.  Ал түнгі сағат 12-ден кейін осы зерттеуіміздің нәтижесін жариялаймыз», - деді А.Сәдуақасова.

Оның атап өтуінше, сайлаушылар дауысын беріп шыққаннан кейін оларға «Мәжіліс сайлауында қай партияға дауысыңызды бердіңіз?», - деген сауал қойылады.

«Сағат 15.00-ге дейін іріктеу межесінің, яғни 41 адамның 50 пайызынан сауалнама алынды», - деді ол. 

15.01.2012 / 16:00

Сайлау заңдарының бұзылғандығы жөнінде байқаушыларымыздан ешқандай ақпарат алғанымыз жоқ - ТМД ПА үйлестірушісі

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Біз өзіміздің байқаушыларымыздан сайлау заңдарының бұзылғандығы жөнінде ешқандай ақпараттар алғанымыз жоқ.

Егер дауыс беру осы қалыппен жалғасса, біз аралық есебіміздің қорытындысын кешкі сағат 9 шамасында шағыратын боламыз», - деді бүгін Орталық сайлау комиссиясында журналистерге берген сұхбатында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы тобының үйлестірушісі Александр Торшин.

Оның сөзіне қарағанда, ТМД миссиясының өкілдері кешкі 21.00-ден соң бас қосып, пікір алмасады. «Осы уақытта біз Қазақстанның өзге де аймақтарындағы өкілдерімізбен байланысқа шығамыз. Осы қорытынды бойынша, біз ертең арнайы баспасөз мәслихатын өткіземіз», - деді Ассамблея өкілі.

Оның айтуынша, Ассамблея миссиясынан Жаңаөзен қаласына ешкім бармаған. «Алайда, біз ол аймақтан қажетті ақпараттарды алып отырмыз. Осы уақытта Жаңаөзен қаласында тұрғындардың шамамен 52 пайыздан астамы дауыс берді», - деп қосты А.Торшин.

15.01.2012 / 16:16

Қазақстанда экономикалық-ауқаттылық әлеуетімен қатар демократиялық ілгерілеушілік те байқалады - К. Прускене

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда экономикалық және ауқаттылық әлеуетімен қатар демократиялық ілгерілеушілік те байқалады.

Бүгін елімізде өтіп жатқан сайлауға байланысты пікірін білдірген халықаралық байқаушы, Литваның экс-премьері, «Литва халық партиясының» төрайымы Казимир Дануте Прускене журналистермен болған баспасөз мәслихатында осылай мәлімдеді.

«Көп жылдар бойы саясатта жүрген мен үшін, қазақстандықтардың сайлауға қандай көңіл-күймен келгенін байқау қызықтырақ болды. Менің байқағаным, сайлауға елордалық көпшілік отбасымен келгенді ұнататын секілді. Жас ұрпақтың белсенділігі, тіпті ата-аналарының сәбилерді де сайлауға ала келуі қызықтырақ көрінеді екен. Бұл да демократияның сабақтары деп білемін. Бұндай жайлы әрі жағымды атмосферамен сайлауға бару кімге де болса жақсы әсер қалдырады», - деді халықаралық  байқаушы.

Казимир Прускененің айтуынша, сайлауға белсенділік жоғары. Әсіресе, түске қарай елорда жұртшылығының белсенділігі білінген.

«Конституциялық норма бойынша Қазақстан көппартиялық жүйеге қадам басады. Бұл ретте, мен қазақстанда демократиялық үдерістердің алға жылжып отырғанын айтқым келеді. Экономикалық әлеуетпен, ауқаттылық әлеуетімен бірге демократиялық үдерістің әлеуеті де қоздай түсуде. Оның үстіне, сайлауға қатысушылардың белсенділігі барлық жерде де Қазақстандағыдай емес. Тіпті, еуропалық елдердің өзінде сайлауға қатысу 50 пайыздан да төмен болып жатады. Сондықтан да, осы жағынан жағымды пікір қалыптастыра алды», - деді К. Прусекене.  

15.01.2012 / 16:19

Алматы қаласында сайлау әділ, ашық және заңға сәйкес өтіп жатыр - қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазіргі уақытта заңға қайшы келетін әрекеттер, байқаушылар тарапынан ескертулер тіркелген жоқ. Алматы қаласында сайлау әділ, ашық және заңға сәйкес өтіп жатыр.

Бұл туралы Алматы қаласы сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанна Асанова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Алматы қаласында 1,5 млн. халық бар. Оның 450 мыңға жуық адамы сайлау тізіміне енді. Барлық учаскелер сайлауға жан-жақты дайындалды. Қала бойынша 470 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.  Сайлау науқанын отандық және шетелден келген байқаушылар көруде. Әр учаскеде 2 жарым мыңға жуық адам дауыс бере алады. Қазіргі уақытта демалыс күніне қарамастан, сайлаушылар толассыз келіп жатыр. Насихат автокөліктері де таңертеңнен бері көше аралап, тұрғындарды сайлауға шақыруда", - деді Ж.Асанова.

15.01.2012 / 16:28

Сайлау ашық әрі таза өтуде - халықаралық байқаушы Теодорос Харалампедис

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның елордасындағы сайлау ашық әрі таза өтуде.

Бүгін елімізде өтіп жатқан сайлауға байланысты брифинг барысында пікірін білдірген халықаралық байқаушы, грекиялық өкіл Теодорос Харалампедис осылай мәлім етті.

Афины қаласы мэрінің орынбасары өз сөзінде, Қазақстанға байқаушы ретінде келгенін айтып, бұл өзіне аса қуанышты жағдай екенін жеткізді.

«Тәуелсіз байқаушы ретінде маған ұсынылған мүмкіндік үшін Қазақстан Үкіметіне алғысымды білдіремін. Бұнда болған екі күн барысында елдің ерекше қарқыны таңқалдырды. Ал сайлауға келетін болсам, біз бүгін үш сайлау учаскесінде болдық. Байқаушы ретінде, сайлау үдерісінің ұйымдастырушылығы көңілімнен шықты. Азаматтармен әңгіме барысында да ешқандай келіспеушілік, кемшіліктер туралы айтылған емес. Қандай да бір азаматтар үшін белгілі бір кемшіліктер бар шығар, ал толықтай алғанда сайлау ашық, таза өтіп жатыр.  Жалпы кемшіл мәселелерді бүгінгі күні байқамадық», - дейді Т. Харалампедис.

Сонымен қатар, байқаушы Қазақстанда жүргізіліп жатқан шаралардың баршасы халық игілігі үшін атқарылып жатқандығына да тоқталды. «Мен де осы киелі мекеннің тумасымын, Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келдім. Қазір жырақта болғаныммен, туған елімнің көркеюіне аса қуаныштымын. 26 жылдан кейін елге байқаушы ретінде аяқ басып, Астанадан көрген қуаныштарым мол. «Қазақстан жасасын!», - деуден басқа айтарым жоқ», - деп түйіндеді халықаралық байқаушы.

15.01.2012 / 16:36

Брюссельде алғаш рет дауыс берген сайлаушыларға кәдесыйлар тапсырылуда

БРЮССЕЛЬ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельде алғаш рет дауыс берген сайлаушыларға кәдесыйлар тапсырылуда.

Бұл туралы №119 Брюссель сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы, ҚР-ның Бельгиядағы елші-кеңесшісі Ержан Қыстафин айтты.  

Қазақстандық дипломаттың айтуынша, кәдесыйлардың арасында - күнтізбелер, Қазақстанның көріністері бейнеленген қабырғаға жапсыратын плакаттар, біздің республикамыздың туристік және мәдени картасы, кітаптар және ұлттық ескерткіш сыйлықтар бар.

Біздің отандасымыз Дамира Ділмұхамедова «мен үшін бүгінгі күн өте маңызды, өйткені мен өз өмірімде алғаш рет дауыс беріп отырмын. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз елі алдындағы борышын өтеп, тиісті өз таңдауын жасауы тиіс, өйткені  ел болашағы соған байланысты» деп атап өтті.

Алғашқы рет өзінің сайлау құқығын пайдаланған Тоғжан Нұрғалиева «Отанымнан шет жүрсем де, елімнің болашағы үшін  дауыс бергеніме қуаныштымын»  деп өз пікірімен бөлісті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Бельгия Корольдгіндегі Қазақстан Елшілігінде ұйымдастырылған №119 сайлау учаскесі ашылды.  Сайлау заңнамасына сәйкес, Брюссельде сайлау Бельгиядағы ҚР Елшілігінде ортаеуропалық жергілікті уақыт бойынша кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.  Сайлау аяқталысымен және дауыстарды санап біткен соң ҚР Орталық сайлау комиссиясына тиісті хаттама жіберіледі.

15.01.2012 / 16:45

Солтүстікқазақстандықтар еліміздің бейбітшілігі, тұрақтылығы және дамуы үшін дауыс беруде

ПЕТРОПАВЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында барлық облыстардағыдай ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергіікті мәслихаттарға депутаттар сайлау жүріп жатыр.

ҚазАқпараттың тілшісі С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ғимаратында орналасқан №727 сайлау учаскесіне барып, сайлау барысымен танысып қайтты.

№727 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Лилия Глазкова сайлаушылардың белсенділігін жақсы деп бағалап отыр. Осы учаске бойынша 1272 сайлаушы тіркелген. Түскі сағат 12-ден 20 минут кеткенге дейін 366 сайлаушы дауыс беріп үлгерген.

 «Дауыс беру бойынша зейнеткерлердің аса белсенділік танытып отырғандығын атап өткім келеді. Осы жерде сайлауға түсуші барлық партиялардың бақылаушылары мен депутаттар кандидатының сенімді өкілдері қатысып отыр. Әзірге халықаралық бақылаушылар келген жоқ. Кеше Ұлыбританиядан бақылаушылар келген еді. Олар сайлау учаскесін аралап шықты».

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 971 сайлау комиссиясы құрылған. Оның қатарында 15 аумақтық, 271 округтік және 739 учаскелік комиссия бар. Учаскелерде шамамен 400 мың сайлаушы тіркелген.

15.01.2012 / 16:57

Сайлау заңнамаларының бұзылғаны жөнінде прокуратура органдарына 18 арыз-шағым түсті - Бас прокуратура

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Осы уақытта елімізде өтіп жатқан Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында заңбұзушылықтардың орын алғаны жөнінде прокуратура органдарына 18 арыз-шағым келіп түскен.

 Дегенмен, прокуратура тексеруді аяқтаған арыздардың ешқайсысы расталмады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.  

Оның деректеріне қарағанда, таңғы сағат 10 шамасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы прокуратурасының сенім телефонына облыстық мәслихат депутаттығынан үміткерлердің бірінің сайлау штабынан осы аудандағы №348, №376, №354-інші сайлау учаскелерінде алдын ала белгі қойылған бюллетеньдердің таратылып жатқандығы жөнінде ақпарат түскен. «Осы ақпарат бойынша жедел түрде ұйымдастырылған тексеру барысында - деректер расталмады. Яғни, сенім телефонына түскен ақпарат жалған болып шықты», - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ оның айтуынша, осы тектес шағым Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына да түсті. Шағымданушының сөзінше, Ғ.Мүсірепов ауданының Имантау кентінде орналасқан Имантау аграрлық колледжінің 212-ші тобының жетекшісі Колесников, студенттерге дауыс беруге бармаған жағдайда шәкіртақысынан айыратындығын айтқан.

«Алайда тексеру барысында бұл ақпарат та дәлелденбеді. Тіпті, аймақта Имантау деген кенттің де ешқандай колледждің де жоқ екендігі белгілі болды. Осыған ұқсас тағы бір жағдай тіркелді.  Петропавл қаласының №10 мектебінде Райса Волкова атты ұстаздың оқушылардың ата-аналарына «Нұр Отан» партиясына дауыс беру туралы өтініш жазып жібергені туралы айтылады. Алайда бұл мектепте Р.Волкова атты ұстаздың жұмыс істемейтіндігі анықталды, шағымда көрсетілген факті расталмады», - деді Н.Сүйіндіков.

Оның айтуынша, прокуратура органдарына түскен өзге арыз-шағымдар бойынша тексеру шаралары жалғасуда. «Арыз-шағымдар ең көп түскен аймақтардың алдында Алматы қаласы тұр. Бұл қаладан - 6, Шығыс Қазақстан облысынан - 5, ал Солтүстік Қазақстан мен Алматы облысынан - 2 арыздан түсті. Қызылорда, Ақмола, Қарағанды облыстарынан бір-бір шағымнан тіркелді. Олардың барлығы  мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты болып отыр», - деді ресми өкіл.

15.01.2012 / 17:03

Біз болған сайлау учаскелерінде өрескел кемшіліктер орын алмады - Литва Сеймінің депутаттары

  АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елімізде өтіп жатқан сайлауға байланысты пікірін білдірген халықаралық байқаушылар, Литва Сеймінің депутаттары Эдмундас Пупинис пен Юлиус Сабатаускас сайлау учаскелерін аралап, онда ешқандай да өрескел кемшіліктер болмағанын жеткізді.

«Мен бұған дейін 4 жыл бұрынғы сайлауға да, Президент сайлауына да байқаушы ретінде қатысқан болатынмын. Меніңше, бұл жолы сайлауға түсетін партияларға бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану бойынша тең құқықтар берілді. Партиялардың бағдарламаларының халыққа жеткендігі қуантады» - дейді литвалық депутат Эдмундас Пупинис.

Сонымен қатар, Астана маңындағы елді-мекендердегі сайлау учаскелерінде болып қайтқан байқаушылар, ауылды өңірлерде көптеген партиялардың байқаушылары болмағанына таңданыс білдірді. «Бұл партиялардың қателігі. Мейлі, сайлау учаскесі көп емес болса да, байқаушылар болуы тиіс еді. Өйткені, партиялардың өздері байқаушы ретінде араласпаса сайлаудан кейінгі әңгіме дұрыс болмайды. Сондықтан да, саяси партиялар сайлау үдерісінің аяғына дейін қатысулары керек», - деді Э. Пупинис.

Сонымен қатар, Юлиус Сабатаускас алдағы сайлаушылар дауысын санаудың да маңызды мәселе екендігіне тоқталды.

«Мен де әріптесім секілді бұдан бұрынғы сайлауларға қарағанда прогресстің болып отырғанын айтқым келеді. Біз болған учаскелердегі белсенділік айтарлықтай», - деді Ю. Сабатаускас.

15.01.2012 / 17:08

Республиканың соттарына мәслихаттар сайлауына қатысты 6 талап-арыз түсті

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін, сағат 15.00-дегі деректер бойынша, республиканың соттарына мәслихаттар сайлауына қатысты 6 талап-арыз түсті.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Ресми өкіл келтірген мәліметтер бойынша, осы уақытта 5 талап-арыз қаралуда, 1-еуін қараудан бас тартылды. «Себебі  талап-арызда көрсетілген мәселелер азаматтық іс-жүргізу тәртібінде қаралуға жатпайды. Яғни талап-арыз берген адам мемлекеттік басқару органының лауазымды тұлғасын тәртіптік жауапқа тарту туралы мәселе қойған. Ал мұндай мәселені сот шешпейді. Тәртіптік жауапқа тарту мәселесін жауапқа тартылатын тұлғаның басшылығы шешеді»,-деді.

Н.Сүйіндіков атап көрсеткендей, талап-арыздың үшеуі Шығыс Қазақстан, қалған үшеуі Оңтүстік Қазақстан облыстарынан түсті.

15.01.2012 / 17:12

Қызылорда облысы тұрғындарының 79,6 пайызы дауыс берді

  ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ -  Қазіргі таңда Қызылорда облысы тұрғындарының 79,6 пайызы өз дауыстарын берді.

Республика бойынша алғашқы үштіктің қатарында келе жатқан Сыр өңірінің Шиелі, Қазалы, Арал, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласының 80 пайыздан астам сайлаушысы өз таңдауларын жасап, белсенділік танытты.

Сайлаушылардың 100 пайыз келуімен байланысты облыстың 24 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.

15.01.2012 / 17:19

Алматыда өнер майталмандары да сайлауға белсенді қатысуда

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы еліміздегі өнер майталмандары көп шоғырланған шаһар.

Өнер саласына еңбектерін сіңіріп жүрген қоғам қайраткерлері бүгінгі саяси науқаннан тыс қалмай, таңертеңнен дауыс беруде.

Сайлау учаскесіне бірінші болып келіп, дауыс берген азаматтардың арасында белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі - Секен Тұрысбеков, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, танымал әнші Мақсат Базарбаев, күйші, республикалық байқаулардың жеңімпазы Нұркен Әшіров те болды.

"Еліміздің тағдыры шешілер тұста бүгінгі жалпыхалықтық шараға біркісідей қатысу әрбір азаматтың парызы, патриоттық борышы болуы керек", - деді  № 310-ыншы сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған "қазақтың бұлбұлы" Бибігүл Төлегенова. "Мен үшін әр сайлау өте маңызды. Бұл өзімізге керек дүние. Біздің даусымыздан ертеңгі елдің болашағы айқындалады. Сондықтан, бұл жауапты да, маңызды саяси шараға немқұрайлы қарамау керек", - деді ол.

"Әрқайсысымыздың алдымызға қойған мақсаттарымыз бар, тіпті, зейнетке шыққан адамның да тіршілігі таусылмайды, оның бала-шағасы, жұрты-халқы өсіп келе жатыр. Сондықтан, сайлаудың да міндеті сол. Болатын экономикалық саяси өзгерістердің барлығы осы сайлауға тікелей байланысты. Сондықтан, ол әр азаматтың міндеті", - деп атап өтті Нұрғали Нүсіпжанов.

Ал, ел мәдениеті мен өнерінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген күйші Нұркен Әшіров, Көкқайнар ықшам ауданында орналасқан № 470-інші сайлау учаскесіне барып, өз дауысын берді. Оның айтуынша, сайлауға қатысу Қазақстанның әрбір азаматының борышы, перзенттік парызы. "Мен өз даусымды болашағымыз үшін, еліміз үшін, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін бердім, таңдауымды жасадым. Жаңа Парламент үмітімізді ақтайтынына сенемін",-деді ол.  

15.01.2012 / 17:20

Қарағанды облысында ауылдық электорат сайлауда белсенділік танытып отыр

ҚАРАҒАНДЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысында түскі сағат 14.00  бойынша кейбір ауылдық аймақтарда сайлауға қатысып отырғандардың көрсеткіші 77 пайызды құрады. Бұл туралы облыстық аумақтық комиссия хабарлады.

«Облыста түскі сағат 14.00 бойынша тіркелген 805 453 сайлаушылардың 51,2 пайызы дауыс беріп үлгерді. Әсіресе ауыл аймақтарының тұрғындары белсенділік танытып отыр», - деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясында.

Сайлауға қатысып, аса белсенділік танытып отырғандардың ішінде Жаңаарқа ауданы 75,29 пайыз көрсеткішімен бірінші орында. Шет ауданында сайлауға 71,8 пайыз, Бұқар жырау ауданында 68,8 пайыз, ал ауылдық аймақтарда 60 пайыз сайлаушы қатысып отыр. Сондай-ақ Саран қаласының тұрғындары 72,4 пайыздық көрсеткішпен, Қарағанды қаласы 42,4 пайыздық көрсеткішпен белсенділік танытып отыр.

Қарағанды облысында 773 сайлау учаскесі жұмыс стейді. Облыстық және жергілікті мәслихат депутаттығына  661 кандидат тіркеліп отыр.

15.01.2012 / 17:24

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сайлауда әрдайым белсенділік танытады - СҚО әкімі Серік Біләлов

ПЕТРОПАВЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауында өңір басшысы Серік Біләлов біріншілердің қатарында болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Петропавлдағы облыстық балалар мен жасөпірімдер шығармашылық үйінде орналасқан №736 сайлау учаскесінде дауыс берген еді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Серік Біләлов: «Бүгін елімізде маңызды оқиға болып жатыр. Солтүстікқазақстандықтар сайлауда белсенділік көрсетіп отыр. Біздің облыстың тұрғындары сайлауда әрдайым белсенділік танытады», - деді.

«Мен де таңертең сайлау учаскесіне келіп, еліміздің болашағы мен өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім», - деді өңір басшысы.

15.01.2012 / 17:29

Бішкектегі сайлау учаскесінде өтіп жатқан сайлау барысын қырғызстандық бұқарат ақпарат құралдарының өкілдері талқылап жатыр

БІШКЕК. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бішкектегі біздің тілшіміз хабарлағандай, ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттар сайлау барысын қырғызстандық бұқарат ақпарат құралдарының өкілдері  қызу талқылап жатыр.

Қазіргі уақытта учаскеде әртүрлі телелидар, ақпарат агенттіктері мен баспасөз басылымдарынан шамамен 15 журналист жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ сайлаудың әділ өтуін қырғызстандық бақылаушылар бақылап отыр.

15.01.2012 / 17:31

Мен үшін сайлау күнгі емес сайлау науқаны барысындағы үдеріс маңызды - ұлыбританиялық байқаушы

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат  /Ерлік Ержанұлы/ - Мен үшін сайлау күнгі емес сайлау науқаны кезіндегі үдеріс маңызды.

Бұл пікірін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар сайлауын көру үшін Қазақстанға келген Ұлыбританияның халықаралық байқаушысы Роберт Де Круз білдірді.

«Бұл менің шолушы ретіндегі алғашқы тәжірибем. Түске дейін 3 сайлау учаскесінде болдым. Барлығы жоғары кәсіби деңгейде өтіп жатыр», - дейді Роберт Де Круз.

Халықаралық байқаушы, сайлау учаскелерінде жастарды аса көп байқамағанын, сайлаушылардың көпшілігі зейнет жасындағы адамдар болғанын атап көрсетті.

Оның айтуынша, мұндай жағдай Еуропа елдеріне де тән. Лондондық заңгер сайлау аяқталғанға дейін тағы бірнеше учаскені араламақ.

15.01.2012 / 17:34

Сайлау нәтижесіне қарамастан, алдағы парламенттің көппартиялы болатыны қуантады - Литва Сеймінің депутаттары

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/ - Сайлау нәтижесіне қарамастан, алдағы парламенттің көппартиялы болатыны қуантады.

Бүгін елімізде өтіп жатқан сайлауға байланысты пікірін білдірген халықаралық байқаушы, Литва Сеймінің депутаты Эдмундас Пупинис осылай мәлімдеді.

Сөз арасында байқаушы, сайлауға дейін бірқатар партия өкілдерімен жүздескенін, олардың тарапынан бағдарламаларын БАҚ арқылы насихаттауда қандай да бір арыз-шағымдар болмағанын жеткізді.

«Жалпы сайлаудың нәтижесіне қарамастан, заң жүзінде көппартиялық Парламент болатыны қуантады. Саяси партиялардың заңды пікірталас алаңына шығуға мүмкіндік алуының маңызы зор. Саясаттың жоғарғы саласында оппоненттердің болуы шын мәнінде маңызды. Бұл партиялардың, оның ішінде басқа партиялардың мүмкіндігі үшін ғана емес, оппозиция өкілдерінің өздерін бақылай алуы тұрғысынан да маңызы зор», - деді Э. Пупинис.

Оның айтуынша, көппартиялылық нәтижелерінің қоғамға берер пайдасы да зор болмақ. «Сондықтан да, Қазақстанда демократиялық ілгерілеушілік байқалады», - деді Э. Пупинис.

15.01.2012 / 17:40

Қазақстанның Жапония мен Кореядағы Елшіліктерінде сайлаушылардың дауыстарын санау басталды - СІМ

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Жапония мен Корея Республикаларындағы Елшіліктері жанынан құрылған учаскелік сайлау комиссияларында сайлаушылардың дауыстарын санау басталды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаментінің директоры Қайрат Саржанов айтты.

Оның деректеріне қарағанда, шет мемлекеттерде дауыс беруі тиіс 9 мың сайлаушы бар. «Шет мемлекеттерде сайлау ұйымдасқан түрде, тыныш өтуде. Жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, шет елдерде Қазақстанның 4 мың 521 азаматы дауыс берді. Бұл дауыс беруі тиіс сайлаушылардың 50 пайызы. Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де Бейжіңде, Шанхайда, Гонконгта, Куала-Лумпурда, Ұлан-Баторда және Сингапурда дауыс беру аяқталады», - деді ол.

«Уақыт айырмашылықтарына қарай Канададағы сайлау учаскесіндегі дауыс беру осы минуттарда басталып, ертең Астана уақыты бойынша таңғы сағат 6.00-де аяқталады. Ал Нью-Йорктегі және Вашингтондағы дауыс беру шарасы бүгін , Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де басталып, ертең таңғы сағат 7.00-де аяқталады», - деп түйіндеді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

 

15.01.2012 / 17:48

Бұл сайлау Қазақстанды жаңа деңгейге көтереді деп санаймыз - Түркияның тәуелсіз байқаушылары

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бұл сайлау Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдері үшін де маңызды.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының үдерісі жайында өз пікірлерін білдірген Түркияның тәуелсіз байқаушылары айтты.

«Қазақстанды Орталық Азияның жарқыраған жұлдызы деп санаймыз. Бауырлас болған соң өзге Еуропа елдері сияқты 1-2 байқаушыдан емес, бүтін бір делегациямен келіп отырмыз. Қазақстан әрдайым біздің басты назарымызда тұрады. Өйткені, қоғамның әртүрлі саласындағы ел азаматтары бауырлас елдің дамуына зор қызығушылық танытып отыр», - дейді Кюршад Зорлу.

Ал Исмайл Таштың айтуынша, түркиялық тәуелсіз байқаушылар №187,190, 221 сайлау учаскелерінде болып, дауыс берушілермен, байқаушылармен және сайлау комиссиясы өкілдерімен сұхбаттасты.

«Кеше кейбір саяси партиялардың өкілдері өздерінің байқаушылары кейбір сайлау учаскелерінде болмайтындығын айтқан еді. Бірақ, бүгін біз барған учаскелердің бәрінде олардың өкілдері екі-үштен отырды. Олармен сұхбаттасқан кезде барлық учаскеде өз өкілдері отырғанын айтты. Жалпы сайлау үдерісі демократиялық тұрғыда өтіп жатыр», - дейді Абдуллах Кавук.

15.01.2012 / 17:56

Шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтары үшін әлемнің 18 елінен қосымша 21 сайлау учаскесі ашылды - СІМ

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шет елдердегі азаматтары өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру үшін барлық жағдайды жасады.

Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаментінің директоры Қайрат Саржанов мәлім етті.

Оның айтуынша, шет мемлекеттердегі барлық сайлау учаскелері қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілді. Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлері еліміздің шет мемлекеттердегі консулдық тіркеу аймағында тұратын Қазақстан азаматтарын сайлаудан хабардар ету мақсатында ауқымды шаралар атқарды.

«Сондай-ақ министрлік Орталық сайлау комиссиясымен және Астана әкімдігімен бірлесіп, бұрыннан бар 35 сайлау учаскесіне қосымша әлемнің 18 елінен жаңа 21 сайлау учаскесін ашты. Осылайша, еліміздің шет мемлекеттердегі сайлау учаскелерінің саны 56-ны құрап отыр. Бүгінде Ресейдің Мәскеумен қатар Санкт-Петербор, Омбы, Астрахань, қалаларында, Ал Қытайдың Бейжіңмен қатар Шанхай, Гонконг сияқты қалаларында сайлау учаскелері ашылды»,-деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

15.01.2012 / 18:00

Қазақстанда көппартиялық парламенттің тууы айтулы прогресс- Француз байқаушысы О. Дительер

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Қазақстанда көппартиялы парламенттің тууы айтулы прогресс.

Бүгін елдегі сайлау науқанына байланысты агенттік тілшісіне өз пікірін білдірген Франциядан келген халықаралық байқаушы Оливье Дительер осылай мәлім етті.

«Сайлау учаскелерін аралау барысында бізге ешқандай проблемалар байқалмады. Мені керісінше сайлаушылардың белсенділігі таңғалдырды. Әрине, бұл бүкіл сайлау барысындағы жағдайды білдірмесі анық. Дегенмен, бүгінгі уақыттағы дауыс беру барысына қатысты қандай да бір заңбұзушылықтарды байқамағанымызды айтқым келеді», - деді франциялық халықаралық өкіл.

Сонымен қатар, О.Дительер Қазақстандағы бұл сайлаудың демократиялық қырларына да тоқталып, оның жағымды нәтижелерін алға тартты. «Қазақстанда көппартиялық парламенттің тууы - бұл аса үлкен, айтулы прогресс», - деді ол.

Сонымен қатар, өкіл бүгінгі сайлаудың өткізілу барысы туралы қорытындысы ертең дауыстарды санаудан және сайлаудың қорытындысы жасалғаннан кейін ұсынуға мүмкіндік болатынын жеткізді. 

15.01.2012 / 18:09

Қызылордада сайлаудың құрметіне орай жәрмеңке ұйымдастырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылорда қаласында сайлаудың құрметіне орай азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері.

Қызылордалық сайлаушылар өзге өңірлерге қарағанда азаматтық белсенділіктерін танытуда. Қазіргі таңда облыс сайлаушыларының 71,8 пайызы өз таңдауларын жасады. Қызылорда қаласы мен аудандардағы тұрғындардың мерекелік көңіл-күйлері жақсы. Барлық сайлау учаскелерінде радиоконцерттер қойылып, облыс орталығында ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде ауылшаруашылығы өнімдері нарықтағыдан 20-25 пайызға төмен бағалармен сатылды.

15.01.2012 / 18:25

Сағат 14.00 бойынша ОҚО-ның 56,7 пайыз тұрғыны дауыс беріп үлгерді

ШЫМКЕНТ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Сағат 14.00 -ге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының сайлау учаскесіне дауыс беру үшін 687 мың 631 тұрғын келді. Бұл сайлаушылар тізімінің 56,7 пайызы, деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сағат 14.00 бойынша дауыс беру нәтижесі бойынша 57,6 пайыз көрсеткішпен Бәйдібек айданы бірінші орынға шықты. Екінші орында 57,5 пайызбен Ордабасы ауданы. Түркістан және оның маңындағы ауылдарда сайлаушылардың 55,6 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Дауыс бергендердің ішінде Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев та бар. Ол Шымкент қаласындағы №76 сайлау учаскесінде дауыс берген. «Сайлауға міндетті түрде келу керек. Бұл біздің мемлекет, және де біздің дауысымыз маңызды», - деп атап өтті сайлаудан кейін Арман Жетпісбаев.

Бүгін Шымкентте 29 округтік комиссиядан тұратын 169 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

15.01.2012 / 18:26

ОСК: Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары үшін дауыс беруде белсенділігі ең төмен аймақ - Алматы қаласы

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін, сағат 16.00-дегі мәліметтер бойынша, Мәжіліс пен мәслихат депутаттары үшін дауыс беруде ең төменгі белсенділік - Алматы қаласында. Шаһарда сайлаушылардың небәрі 21,9 пайызы ғана дауыс берген.

Аталмыш мәліметтерді бүгін журналистермен болған брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова жария етті.

Ол келтірген деректер бойынша, дауыс беру жағынан ең белсенді аймақ Алматы облысы болып отыр. Бұл өңірде сағат 16.00-дегі мәліметтер бойынша, сайлаушылардың 84,5 пайызы дауыс берген.

Ал елордада сайлаушылардың 30,5 пайызы, Ақмола облысында 74,6 пайызы, Ақтөбе облысында 63,7 пайызы, Атырау облысында 80,3 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында 71,5 пайызы, Жамбыл облысында 70,8 пайызы дауыс берген. Сондай-ақ,  Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың 67,7 пайызы, Қарағанды облысында - 65,4, Қостанай облысында - 84,2, Қызылорда облысында - 79,6, Маңғыстау облысында - 60,4, Павлодар облысында - 67,8 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында - 78,3 және Оңтүстік Қазақстан облысында 75,7 пайызы өз таңдауларын жасады.

Осылайша, сағат 16.00-ге дейін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында Қазақстан электоратының 6 миллион 223 мың 525-і дауыс берді. «Бұл елдегі жалпы сайлаушылардың 66,9 пайызы»,-деді ОСК мүшесі.

 

15.01.2012 / 18:41

Беларусь және Ресей одағы Парламенттік жиналысының өкілдері: біздің міндет - сайлау үдерісінің қазақстандық заңнамаға сәйкестігін байқау

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Саяси партияларға бағаны біз емес дауыс берушілер береді.

Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауларының үдерісіне қатысты брифинг өткізген Беларусь және Ресей одағы Парламенттік жиналысының байқаушылары мәлім етті.

«Байқаушылардың міндеті - сайлау үдерісінің қазақстандық заңнамаға сәйкестігін байқау. Саяси партияларға бағаны дауыс берушілердің өздері беруі тиіс», - дейді Евгений Артюшенко.

Оның айтуынша, сайлауда қажетті дауыс жинай алмаған партиялар оған ешкімді кінәламауы тиіс. Халықаралық байқаушылар, өздері болған сайлау учаскелерінде барлық саяси партиялардың байқаушыларын көрмегендігін айтты.  

Делегация жетекшісі Экзам Губайдуллинің сөзіне қарағанда, олар Алматы облысы мен Алматы қаласындағы 9 сайлау учаскесін аралап көрді.  Оның бәрінде дауыс беру жаймашуақ мерекелік көңіл-күйде өтіп жатты.  

15.01.2012 / 18:41

Өскемен қаласынан егіздер алғаш рет дауыс берді

ӨСКЕМЕН. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - № 88 қалалық сайлау учакесінде алғаш рет дауыс берген 62 жас адамның арасында ағайынды егіздер Рустам мен Руслан Жанғожановтар болды.   

Қаңтардың 8-і күні ұлдар 18 жасқа толды. Олар жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері, кәсіби-техникалық лицейде ағаш шеберлері мамандығын игеруде.

Ұлдардың егіздер болғандығына қарамастан, әрқайсысы өзі шешім қабылдайды.

 «Сайлау қарсаңында біз қала әкімі Ислам Әбішевтің оған қатысуға шақыру қағазын алдық. Осындай оқиғаны ескермеуге болмайтынын шештік», - деді Руслан.

Өскемендегі парламенттік сайлау бүгін тыныш, іскер жағдайда өтіп жатыр.

 «Ариадна» қоғамының бақылаушысы Любовь Рыжованың айтуынша, дауыс беру бұзушылықтарсыз өтуде.

Сайлау шығармашылық бастамашылықтарсыз де өтпеуде - сайлаушылар үшін өз сыйлығын «Вдохновение» ансамблінің әртістері дайындады, олар бүгін учаскеден учаскеге көшіп, арнайы дайындаған төрт шумақты өлеңдерімен жұртшылықтың көңілін көтеріп жүр. 

15.01.2012 / 18:49

Сайлаушылар өз құқықтарын белсенді қолдануына толық мүмкіндік болды - Мажар делегациясы

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -  Қазақстан Парламентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылар өз құқықтарын белсенді қолдануына толық мүмкіндік болды.

Бүгін елдегі сайлау науқанына байланысты журналистерге арналған брифингте Мажарстан делегациясының өкілі Давид Шомфаи Кара осылай мәлім етті.

Сөз алдында Давид Кара мырза ресми Астанаға байқаушы ретінде қабылдаулары үшін делегация атынан алғысын жеткізді. Оның айтуынша, Мажарстан Еуропалық Одақтың толыққанды және халықаралық құрылымдардың белді мүшесі бола отырып, Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әрі стратегиялық әріптес мемлекеті санайды.

«Бүгінгі өтіп жатқан кезектен тыс Парламент сайлауын байқауымыздың қорытындылары бойынша сайлау халықаралық стандартарға сай өтті деп мәлімдейміз. Сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылық пен кері әрекет байқамадық. Сайлаушылар өз құқықтарын белсенді қолданды және барлық демократиялық қоғамдағыдай дауыс беру құқығының әділдігінде толықтай мүмкіндіктер болды. Еуропалық Одақ Еуропалық аймақтық комиссиясының Шығыстық әріптестік комитетінің мүшесі ретінде айтатынымыз, сайлау қорытындысы бауырлас Қазақстан парламентаризмінің одан әрі өз үлесін қосып, саяси плюрализмге жол ашады деген үміттеміз», - деді Давид Кара.

15.01.2012 / 18:53

Қызылорда облысындағы 24 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы бойынша 24 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаұлы.

Дауыс беруді толық аяқтағандар арасында Қызылорда қаласындағы 18 учаске, Арал және Қазалы аудандарының әрбіріндегі 3 учаскеден бар. Осы сағаттарда облыс тұрғындарының 79,60 пайызы дауыс берді. Бұл облыстағы 338 513 сайлаушының 309 259-ы сайлау учаскелеріне келіп, бюллетень толтырғанын білдіреді. Аудандар ішінде дауыс беру бойынша 82,00 пайыздық көрсеткішпен Шиелі бірінші орында тұр. Екінші орындағы Қазалы ауданының көрсеткіші 81,88 пайыз болса, үздік үштікті тұйықтап отырған Сырдария ауданының деңгейі 81,64 пайыздан қайырылады.

 

15.01.2012 / 19:08

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өрескел заңбұзушылықтарсыз қалыпты жағдайда өтуде - Бас прокуратура

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтың айтуынша, Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өрескел заңбұзушылықтарсыз қалыпты жағдайда өтуде.

Бұл туралы ол бүгін Орталық сайлау комиссиясында журналистермен болған брифингте айтты.

Ресми өкілдің сөзінше, сайлау жарияланған күннен бастап, азаматтардың сайлау процесіне қатысты өтініштері, арыздары мен шағымдары Қазақстанның «Сайлау туралы» конституциялық заңымен белгіленген ерекше тәртіптен қабылданып, қаралуда. «Азаматтардың өтініштерін қысқа мерзімде қарау осы ерекше тәртіптің ең басты негізі.  Сондай-ақ дауыс беру күнінен бес күн бұрын және дауыс беру күні түсетін арыз-шағымдар жедел қаралуға жатады»,-деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, Бас прокуратураның өкімі бойынша Бас прокуратурада және аймақтық прокуратураларда сайлау үдерісі басталған кезден-ақ прокуратураның ең тәжірибелі қызметкерлерінен құралған жұмыс топтары қызмет етуде. «Прокуратураға түсіп жатқан арыз-шағымдарды осы топ мүшелері қарауда.  Прокуратура органдары өздері атқарған істер мен сайлау процесіндегі заңдылықтың сақталуы туралы мәліметтерді арнайы шолу етіп халыққа жариялап отырады. Бүгінгі күнге дейін прокуратура органдары осындай 3 шолу жасады. Онда көтерілген мәселелермен Бас прокуратураның ресми сайтынан танысуға болады»,-деді Н.Сүйіндіков.

15.01.2012 / 19:11

Берлинде сайлаушылардың 30%-ы дауыс берді

БЕРЛИН-БРЮССЕЛЬ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Ортаеуропалық уақытпен сағат 11:30-да Берлин қаласындағы Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің № 125 сайлау учаскесінде сайлаушылардың 30%-ы дауыс берді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Берлин қаласының учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, ҚР-ның ГФР-дағы Елшілігінің кеңесші уәкілі Әділбек Әлжанов хабарлады.

«Берлин қаласындағы сайлау учаскесі Германияда тұратын немесе онда уақытша жүрген 100-ге жуық қазақстандық сайлаушыларды қабылдауға дайын, олардың арасында қазақстандық дипломаттар, олардың отбасыларының мүшелері, шығармашылық интеллигенция, бизнес, студент жастар өкілдері, сондай-ақ қазіргі кезде ГФР-да жүрген ҚР азаматтары бар», - деді қазақстандық дипломат.

Германияда «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жүрген шәкіртақы иелері, алғаш рет дауыс беріп жатқан Айгерім Смағұлова мен Лейла Асқарова Отанына алыс болғандарына қарамастан, өздерінің азаматтық парызын іске асыруға берілген мүмкіндікке қуанышты екендерін білдірді.

А.Смағұлованың атап өтуінше, бұл сайлау Тәуелсіз Қазақстан тарихында маңызды кезең болады, және жаңа Парламентте аз дегенде екі партия болатыны Қазақстан халқының мүддесіне қандай да бір ымыра шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Дауыс берген сайлаушыларға күнтізбелер мен кәдесыйлар түріндегі естелік сыйлықтар табысталды.

15.01.2012 / 19:12

Бүгін мерекелік көңіл-күй барынша сезілді - ЕурАзЭҚ байқаушысы

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Маған учаскелік сайлау комиссияларының ұйымдастыру жұмыстары қатты ұнады.

Олар барлық жерлерде сайлауды мереке ретінде өткізуге тырысты. Бүгін сол мерекелік көңіл-күй барынша сезілді. Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық қауымдастығы Парламентаралық ассамблеясының жауапты хатшысы, байқаушы Петр Зверев осылай айтты.

«Шынымды айтсам, біз сайлау учаскелерін таңдаған жоқпыз. Бір көшеге түсеміз де, жолда кездескен учаскелерге кіріп, ол жердегі сайлау науқанын бақылап көрдік. Маған учаскелік сайлау комиссияларының ұйымдастыру жұмыстары қатты ұнады. Олар барлық жерлерде сайлауды мереке ретінде өткізуге тырысты. Бүгін сол мерекелік көңіл-күй барынша сезілді. Сайлаудың тура осындай жағдайда өтіп жатқаны бізді қуантады», - деді П.Зверев.

15.01.2012 / 19:19

Брюссельде сайлаушылар қатысуының жоғары деңгейі байқалуда

БРЮССЕЛЬ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельде сайлаушылар қатысуының жоғары деңгейі байқалуда.

Бұл туралы № 119 Брюссель сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің кеңесші уәкілі Ержан Қыстафин айтты.

Қазақстандық дипломаттың атап өтуінше, «таңертеңнен бастап сайлаушылар көптеп келіп жатыр, бұл процесс күні бойы сақталады деп ойлаймын. Жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де тіркелген 200 қазақстандық сайлаушылардың 80-нен астамы дауыс берді, бұл шамамен 40%-ды құрайды».

ҚазАқпараттың бұрын хабарлауынша, брюссельдік сайлау учаскесі Бельгияда және Люксембургте тұрып жатқан немесе уақытша жүрген қазақстандық сайлаушыларды қабылдап жатыр. Олардың арасында - қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасыларының мүшелері, еуропалық институттарда аккредитациядан өткен журналистер, шығармашылық интеллигенция, ғылыми бірлестік, бизнес өкілдері, студент жастар бар.

15.01.2012 / 19:22

Қызылордадағы Қарттар үйінің 120 тұрғыны дауыс беруде тасымалданбалы жәшіктерді пайдаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйінің жанынан ашылған №198-інші сайлау учаскесінің электораттары саяси додада белсенділік танытты.

Сайлау басталған екі жарым сағаттың өзінде-ақ мұндағы тұрғындар сенім артқан үміткерлеріне таңдау жасады.

Аталмыш сайлау учаскесінде 12 ұлттан құралған 178 қарт пен 1-інші және 2-нші топтағы мүгедектер дауыс беруге құқылы. Дәл қазір 177 тұрғын сенім артқан үміткерлерін таңдады. 1 сайлаушы өз дауысын емханада береді.

«Интернат үйінің тұрғындары саяси науқанға белсенділікпен қатысты. Мұндағы электораттың 120-сы дауыс беруде денсаулық жағдайларына байланысты тасымалданбалы жәшіктерін пайдаланды. Жалпы науқан басталған екі жарым сағатта тұрғындардың барлығы таңдауын жасап үлгерді, - дейді сайлау комиссиясының төрайымы Сапура Сәрсенбаева.

15.01.2012 / 19:47

Жаңаөзен қаласында сайлаудың өткізілуіне аса қуаныштымын - Финляндияның бақылаушысы

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Мен Жаңаөзен қаласында сайлаудың өткізілуіне аса қуаныштымын. Бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлау науқанын бақылаушы, Финляндия Республикасы Сыртқы істер министрінің Аймақтық бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Киммо Кильюнен осылай айтты.

«Мен бір ғана нәрсені ерекше атап өтетін едім. Ол - Жаңаөзен қаласында орын алған төтенше жағдайға қарамастан, ол жерде сайлау науқанын өткізу туралы шешімнің шығарылуы құптарлық іс болды. Мен Жаңаөзен қаласында сайлаудың өткізілуіне аса қуаныштымын. Бас кезінде ол жақта саяси доданы өткізу-өткізбеу аясында болған пікірталастарға қарамастан, Қазақстан өте салиқалы шешім қабылдады», - деп атап көрсетті К.Кильюнен.

 Айта кетейік, Финляндия Республикасы Сыртқы істер министрінің  Аймақтық бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі  Киммо Кильюнен бұған дейін Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларус, Македония сияқты елдерде өткен сайлау науқандарын бақылаған болатын.

15.01.2012 / 19:51

Австриядағы сайлау құқы бар қазақстандық азаматтардың белсенділігі жоғары - СІМ

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -  СІМ хабарлауынша, Қазақстанның Австриядағы Елшілігінде жергілікті уақыт 14:00-дегі  (Астана уақыты 19:00) жағдай бойынша Австрияда уақытша тұрып жатқан және дауыс беру құқықтары бар 105 Қазақстан азаматының 93-і дауыс беруге қатысты. Сайлауға қатысу - 93%.  

Сондай-ақ, Берлиндегі Қазақстан Елшілігінде жергілікті уақытпен сағат 14:00-тегі (Астана уақыты 19:00)  жағдай бойынша Германияның шығыс бөлігінде тіркелген және тұрып жатқан, сондай-ақ дауыс беру құқығы бар 81 адамның 39-ы дауыс берді, қатысу - 50%.  

Ал Литвадағы Қазақстан Елшілігінде жергілікті сағат 15:00-те (Астана уақыты 19:00) Шығыс Литвада тіркелген және тұрып жатқан, сондай-ақ дауыс беру құқы бар 80 азаматтың 66-сы сайлауға қатысты. Қатысу көрсеткіші  - 82,5%.  

Қазақстанның Италиядағы Елшілігінде Астана уақытымен 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 46 азаматы дауыс берді. Дауыс берушілердің арасында  апатқа ұшыраған «Коста Конкордия» кемесінен құтқарылған 7 Қазақстан азаматтары да болды.

15 қаңтарда Софияда да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау өтті. Жергілікті уақытпен 14:00-дегі жағдай бойынша №232 сайлау учаскесінде 30 сайлаушы дауыс берді.

Түркиядағы Қазақстан Елшілігі жанында ұйымдастырылған № 230 сайлау учаскесіне осы елде жүрген Қазақстан азаматтарының саяси партиялардың бірін таңдап дауыс беруі жүзеге асырылды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де Түркиядағы дауыс берген Қазақстан азаматтарының саны 102 адамды құрады. Бұл аталған елде тіркелген және тұрып жатқан, сондай-ақ сайлау құқы бар сайлаушылардың жалпы санының шамамен  30 пайызын құрайды.

15.01.2012 / 19:55

Атырау облысындағы теңіз аралдарында 3 мың вахталық қызметкерлер дауыс берді

АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Бүгін Атырау облысында «Аджип ККО» компаниясының жасанды аралдарында жұмыс істейтін 3 мыңнан астам вахта қызметкері сайлауға қатысты.

Қашаған кен орнына екі сайлау учаскесінің комиссия мүшелерін тікұшақпен жеткізді. Дауыс беруге қатысуға бірінші болып бес жасанды аралдың ішіндегі ең үлкені болып табылатын «Д» аралында жұмыс істейтін вахта қызметкерлері мүмкіндік алды. Бұл жерде эксплуатациялық технологиялық кешен, теңіз нысандары бар, олардың арқасында әлемдегі ең ірі теңіз мұнайлық кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік өңделуі жүргізіледі. Бірінші кезеңде кен орнында тәулігіне 300 мың баррель мұнай өндіріледі.

Сайлау күні аралда 3 мыңға жуық қазақстандық азамат болды. Олардың барлығы дауыс беруге арналған тізімдерге енгізіліп, сайлауға белсенді қатысты. «Д» аралында дауыс беру аяқталған соң, сайлау комиссияларының мүшелері көршілес жатқан, одан ұсақ аралдарға барды. Оларда 20-дан 130-ға дейін адам жұмыс істейді. Олардың барлығы өздерінің азаматтық парызын орындап, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарына дауыстарын берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қашаған кен орнында алғашқы мұнайды өндіру ағымдағы жылдың желтоқсанында басталуы керек. Өндірілу жоғарғы деңгейге жеткен соң, Каспий теңізінің қайраңы қазақстандық секторында тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін мұнай өндірілетін болады.

15.01.2012 / 20:03

Бішкекте сайлаушылардың 75 пайыздан астамы дауыс берді

БІШКЕК. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, Қазақстанның Бішкектегі Елшілігі ұйымдастырған № 142 учаскеде сағат 18.00-де 75 пайыздан астам сайлаушылар дауыс берді.

Сайлау комиссиясының төрағасы Қалыбек Қобыландин дауыс берудің тыныш өтіп жатқанын хабарлады. Бішкек қаласындағы сайлау учаскесі 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қазіргі кезде Қазақстанның 200-ден астам азаматтары дауыс берді, олардың көбі Қырғызстанда тұрып жатқан немесе онда уақытша жүрген отандастарымыз болып табылады.

15.01.2012 / 20:07

Атырауда 22 «жабық» сайлау учаскесі жұмыс істеді

АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда бүгін 22 «жабық» сайлау учаскелері жұмыс істеді.

Атырау облыстық сайлау комиссиясыеың хатшысы Әнуарбек Тәшеновтың хабарлауынша, таңертеңнен бастап сайлау учаскелері клиникаларда, перзентханаларда, шипажайларда, аймақта орналастырылған әскери бөлімдерде, сондай-ақ уақытша тергеу абақтысында ашылған.

Облыста бүгін қалалық, аудандық және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша барлығы 9 аумақтық, 134 округтік және 236 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеп жатыр. Аймақта 291 мың 722 сайлаушы тіркелген.

15.01.2012 / 20:10

Қызылордада бақылаушылар сайлаудың өту барысына оң баға беріп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада бақылаушылар сайлаудың өту барысына қанағаттанарлық баға беріп отыр.

Жалпы, бүгінгі күнге еліміздегі ең  маңызды науқан   сайлауды  бақылап,  есеп беру үшін облысымызға 15 шетелдік байқаушы  келген.  Олардың 10-ы аудандарда жүр. 5 байқаушы облыс орталығындағы  сайлау  округтерінің тәртібін бақылауда.   

Виталий Пономарев - ТМД байқаушылар миссиясының  өкілі.  Оның бұл істе тәжірибесі мол. Ол облысымыздағы саяси сайыстың өту барысына қанағаттанарлық баға беріп отыр.

Халықаралық байқаушының айтуынша, сайлау өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл уақытқа дейін ешқандай заңбұзышылықтар тіркелген жоқ.               

Виталий Пономарев: «Мен сайлау  басталардан бұрын үш  күн бұрын осында келдім.  Алдымен Байқоңыр   қаласында  болып,    ондағы 11 сайлау округінің жұмыстарымен таныстым. Сайлау алдындағы дайындық өте жоғары екен. Сайлаушылардың дауыс беру кабиналарына  кіріп шығуына ешқандай кедергілер жоқ. Бүгін сайлау басталғаннан бері де бірнеше сайлау округтерінде болдым. Заң   бұзушылық жоқ. Халықтың белсенділігі қуантып отыр мені», - деді.

№191 сайлау округінде 1888 сайлаушы тіркелген. Осы уақытқа дейін мұнда 600-дің үстінде сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерген.     Қала тұрғыны Мариям Әбілқайырова да "арнайы шақыртуды күтіп отыра алмадым.   Құқымды ескеріп, елдің жанашыры болады деген партия мен халық қалаулысын таңдадым ", -дейді. 

15.01.2012 / 20:14

ОСК: Еліміздің көптеген аймақтарында Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс беру аяқталды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Осы уақытта еліміздің көптеген аймақтарында Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс беру аяқталды.

Енді учаскелік комиссия мүшелері берілген дауыстарды санауға кіріседі», - деді бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының оранбасары Владимир Фоос журналистермен болған брифингте.

Оның айтуынша, еліміздің батыс өңірлерінде атап айтқанда, Ақтөбе,  Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 21-00-ге дейін жалғасады. «Сонымен қатар дауыс беру бірқатар шет мемлекеттердегі сайлау учаскелерінде де жалғасуда», -деді В.Фосс.

15.01.2012 / 20:17

Бұл сайлаудың кемшін тұстарын байқамадым - Ұлыбританияның байқаушысы

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Мен бұл сайлаудың қандай да бір кемшін тұстарын байқаған жоқпын.

Бүгін Қазақстандағы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау науқанына қатысты өз пікірін білдірген Орталық Азия Кембридж қорының төрағасы, бақылаушы Сидхарт Саксена осылай айтты.

«Бүгін мен жеті сайлау учаскесін аралап шығып, қандай да бір заң бұзушылықтар немесе комиссиялар жұмысындағы кемшіліктерді байқаған жоқпын. Сайлауға алғаш рет қатысып жатқан азаматтардың сәл-пәл бөгелгендігін көрдім. Бірақ комиссия мүшелері оларға барынша көмектесуге тырысты. Бұл - өте дұрыс. Жалпы, мен бұл сайлаудың қандай да бір кемшін тұстарын байқамадым», - деп атап көрсетті С.Сексена.

 

15.01.2012 / 20:20

Бакуде дауыс бергендердің жоғары пайызы атап өтілді

БАКУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Бакуде ӘР-да тұратын қазақстандықтар арасында дауыс бергендердің жоғары пайызы атап өтілді.

Бұл туралы Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігінің № 140 сайлау учаскесі учаскелік комиссиясының төрағасы, ҚР Елшілігінің кеңесші уәкілі Бағыт Әбілғазин айтты.

 «Жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де сайлаушылардың келуі 113 адамды құрады, бұл елде тұратын Қазақстан азаматтарының жалпы санының 70 %-ы болып табылады», - деп атап өтті дипломат.

Бұрын хабарланғандай, Баку қаласындағы № 140 сайлау учаскесі Әзірбайжанда тұрып жатқан немесе онда уақытша жүрген қазақстандық сайлаушыларды қабылдауда.

15.01.2012 / 20:23

Қызылордада сайлауға дауыс берген белгілі спортшы учаске төрайымының арнайы сыйлығын алды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада сайлау науқаны аяқталып келеді.

Қаланың №181 сайлау учаскесі осы уақытқа дейін өз сайлаушыларының түгелге жуығын қабылдап үлгірген. Қосымша білім беру орталығында орын тепкен учаскеге қаланың бес ірі көшелерінің тұрғындары дауыс береді. Халықтық таңдауға қатысушылардың ішінде өнер және спорт майталмандары, солардың бірі - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова. Отандық рухани саланың үздіксіз дамып-жетілуіне мүдделі өнерпаз сайлауды халықтық мереке деп біледі.

Сырда ауыр атлетиканың мызғымас мектебі қалыптасқандығын әлемге паш етуші спортшының бірі Рүстем Сыбай бүгін алғаш рет саяси процеске қатысты. Жасөспірімдер арасындағы барлық әлемдік додаларда жүлдегер атанған зілтемірші сайлау учаскесінің төрайымынан арнайы сыйлық алды.

15.01.2012 / 20:26

ШҚО-да 6617 бақылаушы жұмыс істеп жатыр

ӨСКЕМЕН. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстандағы сайлау учаскелерінде  өтіп жатқан сайлауды барлық саяси партиялар мен көптеген қоғамдық ұйымдардан 6617 бақылаушы бақылап жүр.

Сондай-ақ оның ішінде халықаралық деңгейдегі 31 бақылаушы бар, оның 20-сы - ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары Бюросының өкілдері болып табылады.

Сағат 17-де аймақта сайлаушылардың 75,6 %-ы дауыс берді. Қалалар арасында Өскемен көш бастап келеді - 193 412 адам, содан кейін Семей -  188 688 және Риддер қаласы - 33 136 адам.

Аудандар арасында бұл сағатта сайлау учаскелеріне келген адамдар бойынша алда келе жатқандар арасында Абай - 98,6 %, Қатон-Қарағай - 98,5 %, Тарбағатай - 98,1 % және Күршім - 95,7 % аудандары бар.

15.01.2012 / 20:31

Қытайда ҚР Парламенті Мәжілісіне дауыс беру аяқталды

БЕЙЖІҢ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 20-да (Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де) Бейжің, Шанхай және Гонконг қалаларындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды.  

ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің № 135 учаскесі учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, Бейжің қаласында 330 адам дауыс берді, бұл сайлаушылардың жалпы санының 81,48 пайызын құрайды. Шанхай және Гонконг қалаларының бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде де қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысты. Шанхайда 82 адам дауыс берді.

Қазіргі кезде дауыстарды санау басталып кетті.

15.01.2012 / 20:34

Атырауда сайлауды ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД атынан келген байқаушылар бақылауда

АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында сайлау барысын бүгін ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД миссиясынан байқаушылар бақылап жатыр.

Атырау облыстық сайлау комиссиясының хатщысы Әнуарбек Тәшеновтің хабарына қарағанда, аймақта ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан екі бақылаушы - Каха Инаишвили мен Александра Вон Арк жұмыс істеп жатыр. Сайлауға дейін екі күн бұрын Атырау облысына тәуелсіз шетелдік бақылаушылар - АҚШ азаматтары Маргарита Ассенова-Стамова мен Ричард Вейтс келді. Бұдан басқа, Норвегия елінен бір тәуелсіз бақылаушы - Френк Томлиссон келген.

Дауыс беру процесін сондай-ақ ТМД миссиясынан үш халықаралық байқаушы бақылау үстінде - бұлар Ресей Федерациясының азаматтары, көршілес Астрахан облысы Мемлекеттік думасының мүшелері. 

15.01.2012 / 20:38

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс беру жағынан Алматы, Қостанай және Атырау облыстары белсенділік танытып келеді

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сағат 18-00-дегі мәліметтер бойынша, Мәжіліс пен мәслихат депутаттары үшін ең белсенді дауыс берген аймақтар Алматы мен Қостанай және Атырау облыстары болып отыр.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың журналистермен болған брифингте таратқан мәліметтерінен мәлім болды.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының мәліметтері бойынша, Алматы облысында сайлаушылардың 91,29 пайызы дауыс берсе, Қостанайда сайлаушылардың 84,7 пайызы өз таңдауларын жасаған. Ал Атырауда бұл көрсеткіш 83,52 пайызға жетіп отыр. Сонымен қатар елорда азаматтарының 40,31 пайызы таңдауларын жасаса, Алматы қаласындағы сайлаушылардың небәрі 29,15 пайызы ғана сайлауға қатысқан. Бұл ретте Алматы қаласының дауыс беру жағынан ең төменгі көрсеткішке ие болғандығын атап өту керек.

Ал Ақмола облысында сайлаушылардың 77,96 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 76,93 пайызы, Жамбыл облысында сайлаушылардың 79,44 пайызы, Батыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 71,2 пайызы, Қарағанды облысында сайлаушылардың 72,79 пайызы, Қызылорда облысында сайлаушылардың 80,82 пайызы, Маңғыстау облысында сайлаушылардың 62,4 пайызы, Павлодар облысында сайлаушылардың 70,5 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында сайлаушылардың 79,68 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысында сайлаушылардың 78,62 пайызы дауыс берді. Республика бойынша дауыс берген азаматтар саны 6 миллион 694 мың 199. Бұл елдегі жалпы сайлаушылардың 71,98 пайызы.

15.01.2012 / 20:41

Қызылордада мүмкіндіктері шектеулі 21 адам үйлерінде дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен науқас жандардың сайлауда дауыс берулеріне жағдай жасалуда.

Мұндай жандардың үйден дауыс беруге мүмкіндігі бар. Сайлау өткізу заңдылығына сәйкес учаскеге келуге жарамайтын мүгедектер, науқас кісілер үйден дауыс береді. №216 сайлау учаскесінде осындай 21 сайлаушы тіркелген болатын және өз таңдауын жасап болды. Бұл сайлау учаскесі бойынша барлығы 792 сайлаушы болса, олардың 80 пайызы түске дейін дауыс беріп, өз таңдауын жасаған.

 

15.01.2012 / 20:48

Қазақстанда өтіп жатқан сайлауда қандай да бір заңбұзушылықтарды байқамадық - ТМД миссиясының басшысы

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстанда өтіп жатқан сайлауда қандай да бір заңбұзушылықтарды байқамадық.

Біздің байқаушыларымыз сайлау науқанын тыныш, қалыпты жағдайда өтіп жатыр деп бағалап отыр. Ал Орталық сайлау комиссиясының өкілдері кәсіби әрі сауатты жұмыс істей білді деген ойдамыз»,-деді бүгін ТМД байқаушылары миссиясының жетекшісі Владимир Гаркун Орталық сайлау комиссиясында журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүгін басты назар учаскелік сайлау комиссияларының жұмысында болды. «Менің өзім бүгін 13 сайлау учаскесінде болдым. Кешке дейін тағы бірнеше учаскеде болсам деген ойдамын. Мұнда менің байқағаным, қалада дауыс беру учаскелері жақсы таңдап алынған, өте ыңғайлы ғимараттарда орналасқан. Бұл өте дұрыс шешім болған. Өйткені Мәжіліс депутаттарының сайлауы өте маңызды саяси шара. Екіншіден, біз болған учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы жақсы ұйымдастырылған. Комиссия мүшелері де өте сауатты жұмыс істеп жатыр», - деді миссия басшысы.

Сондай-ақ оның сөзінше, миссия өкілдері өз жұмыстарын таң ата бастап, түс қайта сайлаушылар белсенділігінің арта түскенін байқады. «Кейбір сайлау учаскелерінде тіпті ұзын-сонар кезек болды. Барлық учаскелік сайлау комиссияларында байқаушылар мен саяси партиялардың сенімді өкілдері болды. Біз олармен де тілдестік. Бірақ олардың ешқайсысы қандай да бір заңбұзушылықтарға немесе әділетсіздікке шағымданған жоқ. Меніңше бұл да өте маңызды көрсеткіш», - деді В.Гаркун.

15.01.2012 / 21:09

Мұнайшылар тұрғылықты жерлері бойынша дауыс берді - Атырау

АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында ««ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалында ауысымда жұмыс істеген барлық мұнайшылар дауыс беруге қатысты. 

Облыстық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, компания көлік санының  жеткілікті болуын алдын ала ойластырды. Ауысымда жұмыс істеп жүрген бұрғышылар, өндіру және мұнай ұңғыларының жерасты жөндеу операторларына, басқа да мамандық иелеріне тұрғылықты жерлері бойынша  кезекпен баруға мүмкіндік берілді.

Осылайша, «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-ның қызметкерлері Доссор ауылында, «МақатМұнайГаз» қызметкерлері - Мақатта, «ЖайықМұнайГаз» қызметкерлері - Аққыстауда дауыс берді.

15.01.2012 / 21:36

Ресейдегі сайлау учаскелерінде 2 500-ден астам Қазақстан азаматы дауыс берді

МӘСКЕУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмагұлов/ - Ресейдің төрт қаласы бойынша сайлау учаскелерінде 2 500-ден астам Қазақстан азаматы дауыс берді.

Бұл туралы агенттік тілшісіне Мәскеу қаласындағы № 143 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Сейтімов хабарлады.

 «Жергілікті уақытпен сағат 17-дегі мәліметтер бойынша Ресейдің төрт қаласы - Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы және Астраханьдағы сайлау учаскелеріне келу 2500 сайлаушыны құрады», - деп атап өтті сайлау учаскесінің төрағасы. 

Н.Сейтімов азаматтардың ҚР Парламентіне қазіргі сайлауына келуінің жоғары белсенділігін атап өтті.  Осылайша, мәскеу уақыты бойынша сағат 14-те РФ-да сайлауға жалпы қатысу дайындалған тізімдердегінің 85 пайызынан асты.

15.01.2012 / 21:38

Сағат 20-00-дегі мәліметтер бойынша, еліміздің прокуратура органдарына 43 өтініш келіп түсті

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сағат 20-00-дегі мәліметтер бойынша, еліміздің прокуратура органдарына Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты 43 өтініш келіп түсті.

Олардың біреуі ғана тікелей  Бас прокуратураға түскен. Қалған 42 арыз-шағым аумақтық прокуратураларға жолданды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. 

Оның деректерінше, арыз-шағымдардың 3-уі Қызылорда облысының прокуратурасына, 1 шағым Ақмола облысының прокуратурасына, 2-уі Алматы облысының прокуратурасына, 5-уі Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасына жолданды. Сонымен қатар 6 шағым Қарағанды облыстық прокуратурасына, 2 арыз Павлодар облыстық прокуратурасына, 2-уі Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасына, 1-уі Ақтөбе облыстық прокуратурасына, 3-уі Жамбыл облыстық прокуратурасына,  6-уы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасын түсті. Ал Астана қаласына 2, Алматы қаласына 9 шағым түсті.

«Бұл арыз-шағымдарда сайлау заңнамасының бұзылуы туралы жекелеген деректер көрсетілген. Арыз-шағымдар «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес, қаралып шешілуде. Олардың 16-ы құзырлы органдарға жолданып, 1-уі қарсы өтініш бойынша қараусыз қалдырылды, 6-ын қанағаттандырудан бас тартылды, 6-уы бойынша заң талаптары түсіндірілді. Ал 15 шағым әлі қаралу үстінде», - деді ресми өкіл.

15.01.2012 / 21:50

Біз Қазақстанның бүкіл әлемге танымал гүлденген, өркениетті мемлекетке айналғанын көріп отырмыз - «Болашақ» бағдарламасының стипендианты

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі елден тысқары жерлерде өтіп жатқан сайлаулар туралы ақпараттарды ұсынады.

Венгрия

Қазақстанның Будапешттегі Елшілігінде орналасқан №121 сайлау учаскесінде өтіп жатқан парламенттік сайлауда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де  Венгрияда тұрып жатқан 65 Қазақстан азаматы өз дауыстарын берді.

Дауыс берушілердің қатарында іскер топ өкілдері, венгерлік әріптестермен қызметтестер, жергілікті университеттерде білім алып жатқан студенттер, сондай-ақ еуропалық елдерде тұрақты тұрып жатқан азаматтар бар.

Қалыптасқан дәстүрге сай кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет шетелдік өкілдік атынан дауыс беруге келушілерге естелік кәдесыйлар тарту етілді.  Олардың қатарында венгер жоғары оқу орнында халықаралық бизнес қыр сырын үйреніп жүрген  «International Business School» (IBS) білім ошағының бірінші курс студенті Уәлихан Әбдіразақ бар.

«Бүгін мен үшін ерекше күн - мен алғаш рет парламенттік сайлауға қатысып отырмын әрі бұл шетелде өтуде. Мен Отанымыз Қазақстандағы бейбітшілік пен тыныштық үшін дауыс бердім. Оқуымды тәмамдағаннан кейін Отаныма оралып, осы жерде алған білімімді елімінің игілігі үшін кәдеге жарататын боламын», - дейді У.Әбдіразақ.

Пәкістан

Пәкістанның Исламабад қаласындағы №138-ші сайлау учаскесінде жергілік уақыт бойынша сағат 19:00-де 43 адам дауыс берді, оның 33-і сайлаушылар тізімімен (тізім бойынша 100 пайыз), 10-ы - қосымша тізіммен дауыс берді.

Түркия

Анкарада (Түркия) жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-де 165 адам дауыс берді, бұл сайлаушылардың жалпы санының 54%-ын құрайды.

Анкара тұрғындары болып табылатын қазақстандық азаматтардан басқа, сайлау учаскесіне Эскишехир, Конья және Кайсери қалаларының сайлаушылары да келді.

Таяушығыс техникалық университетінің (Анкара) докторанты Ардақ Қашқынбаевтың айтуынша, сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы болып табылады. А.Қашқынбаев сайлау қорытындысы бойынша ҚР Парламентіне бірнеше партия ұсынылып, осы арқылы оның Қазақстан саяси жүйесіндегі рөлінің өсетініне сенімін білдіреді. Осы арқылы, бұл ҚР-дағы бұдан әрі қарай демократиялық өзгерістердің кезекті айғағы болады.

Ыстамбұл қаласының №133 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Қазіргі кезде №133 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының мәлімденген 644 сайлаушының 358-і дауыс берді.

Австрия

Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінің ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісін сайлауға дауыс беру үшін №118 сайлау учаскесі ашылды.

Комиссия құрамында сайлау күні 7 адам жұмыс жасауда. Учаске техникалық жағынан парламент сайлауын ұйымдастыру және өткізуге заңнама талаптарына сәйкес толық жарақтанған. «Сайлау учаскесінде, пунктінде дауыс беру үшін бөлмелерді жарақтандыру туралы» ОСК қаулысына  соңғы өзгерістер мен толықтырулар да ескерілген. Австриялық өкімет орындары елшілік аумағында ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауын өткізу туралы хабардар етілген. Қазақстандық азаматтарын партиялар және олардың сайлау бағдарламалары туралы ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету жөнінде кешенді жұмыстар жүзеге асырылды.   

Сайлаушылар тізіміне Австрияда тұратын және уақытша жүрген 100-ден астам қазақстандық азаматтар, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, қазақстандық дипломаттар және олардың отбасы мүшелері, бизнес өкілдері мен студенттер енгізілді. Олардың ішінде алғашқы рет дауыс берушілерге ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Вена қаласының Техникалық университетінде оқитын «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Роза Демейсінова: «Мен «Болашақ» стипендиаты ретінде сайлау үдерісіне зор көңіл бөлемін. Өйткені ол үлкен жауапкершілік - өзіңнің белгілі бір партияға дауысыңды беріп, таңдау жасау деген сөз. Шетелде білім ала отырып, біз өзіміздің біліміміз бен тәжірибемізді Қазақстанның игілігіне пайдаланбақпыз. Біз - елдің болашағымыз және бізге жүктелген үмітті ақтауға тиіспіз», деп атап өтті.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы хатшылығының қызметкері Ержан Біртанов: «Біз Қазақстан азаматтары тағдыр еркімен өз елімізден сыртта жұмыс жасап жүргендер, өз Отанымызды сағынамыз. Біз қазір әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасап отырамыз. Сондықтан да сайлау біз үшін - мереке. Бұл өз жерлестерімізді көру, патриоттық сезімдерімізді білдіру мүмкіндігі», - деді.

Вена дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Австриядағы Қазақстантық студенттер қоғамдастығының төрағасы  Темір Асанов та дауыс беруге қатысты. «Шетелде білім ала жүріп, біз Қазақстанның одан әрі дамуына өзіміздің жекелей үлесімізді қоса алатынымызға сенеміз. Сондықтан да сайлау құқығымызды пайдалана отырып, Қазақстанның болашағы үшін дауыс береміз» - деген пікірін білдірді.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-те №118 сайлау учаскесінде сайлаушылардың 93 пайызы дауыс берді.

15.01.2012 / 22:03

Ақтөбе облысында сағат 19-да сайлаушылардың келуі шамамен 80 пайызды құрады

АҚТӨБЕ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссиясы ақтөбелік бөлімшесінің  мәліметтеріне сәйкес, сағат 19.00-де облыс бойынша сайлаушылардың келуі шамамен 80 пайызды құрады.

Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссиясы филиалының жетекшісі Халел Құсайыновтың айтуынша, 340 мың ақтөбелік азамат дауыс берген, бұл сайлаушылардың жақсы келуін көрсетіп отыр. 

 «Тұрғындар сайлауға белсенді барып жатыр, 20.00-ге дейін келу қорытындысы одан да жоғары болады. Біздің бақылаушыларымыз отырған учаскелерде бұзушылықтар анықталған жоқ», - дейді ол. 

Ақтөбедегі сайлауды бақылау бойынша қоғамдық комиссиясы филиалында 50 бақылаушы жұмыс істеуде, олар 20 сайлау учаскелеріне ауысыммен келіп жүр.

15.01.2012 / 22:14

Прокуратура ЖСДП мүшелерінің "Шаңырақ" тұрғындары мінген автобусты тоқтатуы фактісін тексеруде

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Алматы қалалық прокуратурасы Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы мүшелерінің 2 мың теңге үшін «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге ниет білдірген «Шаңырақ» ықшам ауданының тұрғындары бар автобусты тоқтатқаны туралы ақпарат тексерілуде», - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Оның деректерінше, бұқаралық ақпарат құралдарында аталған факті жайлы хабарлаған Болат Әбілевтен прокуратура органдарына ауызша немесе жазбаша арыз түспеген. «Тексерудің алдын ала нәтижелері бойынша, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының тоқтатылған адамдары бар автобусқа қатысы бар екені расталған жоқ. Сондай-ақ автобустағы жолаушылардың сайлау учаскелеріне дауыс беру үшін бара жатқаны туралы ақпарат та дәлелденбеді. Аталған факті бойынша тексеру шаралары жалғасуда», - деді ресми өкіл.

15.01.2012 / 22:14

Жамбыл облысында сайлау процесінде бұзушылықтар анықталмады

  ТАРАЗ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында сайлау процесінде бұзушылықтар анықталған жоқ, деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясында.

«Бүгін сайлау барысында болды деген бұзушылықтар жоққа шығарылды, ресми түрде бұзушылықтар туралы ешқандай хабарламалар алған жоқпыз», - деп түсіндірді Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Әбдуәлі. 

Бүгін Жамбыл облысында сайлау 450 сайлау учаскесінде өтті. Барлығы 503 227 сайлаушы тіркелген. «Қазіргі кезде дауыстарды санау өтіп жатыр», - деді А.Әбдуәлі.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, аудандық және облыстық мәслихаттардағы 205 орынға депутатқа кандидат болған 457 адам үміттеніп отыр.

15.01.2012 / 22:29

Қырғызстанда ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауына дауыс беру аяқталды

БІШКЕК. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бішкек қаласындағы Қазақстан Елшілігінің № 142 сайлау учаскесінде сағат 20-да ҚР Парламенті Мәжілісіне дауыс беру аяқталды.

Дауыс беруге 275 сайлаушының 235-і қатысты. Осы арқылы, келу шамамен 85 пайызды құрады. Қырғызстан аумағында дауыс беруге көршілес елде уақытша тұрып жатқан  Қазақстан азаматтары қатысты. Олар көбінесе дипломатиялық миссия, қазақстандық өкілдік қызметкерлері, олардың отбасыларының мүшелері, сондай-ақ отандық студенттер болып табылады.

Дауыс беру тыныш жағдайда, қырғыздық БАҚ-тың кеңінен жария етуімен өтті. 

15.01.2012 / 22:45

Жамбыл облысының сайлау учаскелерінде 22 халықаралық байқаушы мен шетелдік баспасөздің 18 өкілі болды

ТАРАЗ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының сайлау учаскелерінде 22 халықаралық байқаушы мен шетелдік баспасөздің 18 өкілі болды, деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясы.

«Жиырма халықаралық бақылаушы ұзақ мерзімді, тағы екеуі - қысқа мерзімді мәртебеге ие», - деп нақтылады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Әбдуәлі.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның атынан келген халықаралық бақылаушы Карэн Райнхардтың айтуынша, ешқандай бұзушылықтар анықталған жоқ. «Сайлауды өткізгеннен кейін екі айдан соң ЕҚЫҰ өзінің бақылаулары бойынша толық есебін береді», - деп қосты ол.

Бұдан басқа, сайлау учаскелеріндегі сайлау процесінің барысын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің 130 өкілі бақылады.

Жамбыл облысында бүгін 450 сайлау учаскесі жұмыс істеді, аймақтағы сайлаушылардың жалпы саны - 503 227 адам, бұл аймақ тұрғындарының жартысына жуығын құрайды. Аудандық және облыстық мәслихаттардағы 205 орынға 457 депутатқа кандидат үміттеніп отыр.

15.01.2012 / 22:53

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беруге қатысу 75, 07 пайызды құрады

  АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру аяқталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, осы сайлауда республикадағы 9 миллион 300 мың сайлаушының 75,07 пайызы дауыс берді. Бұл 6 миллион 980 мың адам. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, шет мемлекеттерде орналасқан 56 сайлау учаскелері бойынша мәліметтер кейін түседі. «Ал Астана қаласы бойынша сайлаушылардың 53,32 пайызы, Алматы қаласы сайлаушыларының 41,38 пайызы, Ақмола облысы сайлаушыларының 78,01 пайызы, Ақтөбе облысы сайлаушыларының 78,4 пайызы, Алматы облысы сайлаушыларының 92,6 пайызы, Атырау облысы сайлаушыларының 83,55 пайызы, Шығыс Қазақстан облысы сайлаушыларының 80,21 пайызы, Жамбыл облысы сайлаушыларының 80,83 пайызы, Батыс Қазақстан облысы сайлаушыларының  71,9 пайызы, Қарағанды облысы сайлаушыларының 75,2 пайызы дауыс берді. Сондай-ақ Қостанай облысы сайлаушыларының 84,83 пайызы, Қызылорда облысы сайлаушыларының 80,95 пайызы, Маңғыстау облысы сайлаушыларының 74,2 пайызы, Павлодар облысы сайлаушыларының 71 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысы сайлаушыларының 80,7 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысы сайлаушыларының 78,76 пайызы өз таңдауларын жасады.

«Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың дауыстарын санау жүріп жатыр. «Сайлау туралы» заңға сәйкес, сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты, санау шарасы басталған уақыттан бастап, 12 сағаттан аспауы керек», - деді ОСК төрағасы.

15.01.2012 / 22:58

Бакуде ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында сайлаушылардың дауыстарын санау басталды

БАКУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Жергілікті уақыт бойынша сағат 20-да (Астана уақыты бойынша 22.00-де) Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігінің № 140 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бағыт Әбілғазиннің айтуынша, Баку қаласында сайлаушылардың негізгі тізімінде болған 167 адамнан 131 адам дауыс берді, бұл 78%-ды құрайды.

Қазақстан азаматтары сайлау учаскесіне келу барысында учаскелік сайлау комиссиясы жұмысты жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны, қонақжайлылығы мен Қазақстанның көрнекі орындары мен табиғи көріністері бейнеленген плакаттар, күнтізбелер және бүктемелер түрінде ұсынған сыйлықтары үшін ризашылықтарын білдіргендерін атап өткен жөн.

Қазіргі кезде сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыстарын санауға кірісті, одан кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясына тиісті хаттама жіберілетін болады.

15.01.2012 / 23:19

Шөберелерімнің болашағы үшін дауыс беремін - 94 жастағы тараздық Анна Зубкова

ТАРАЗ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы № 36 сайлау учаскесіне 94 жастағы Анна Филимоновна Зубкова өзінің немерелері, шөберелерімен бірге келді.

«Қоғамнан тыс болғым келмейді. Бүкіл өмір бойы біз жұмыс істедік, белсенді, қоғамшыл болдық, бүгінгі күні де мен еліміздің саяси өмірін бақылаудамын, немерелерім айтып отырады. Дауыс беруге де келіп тұрмын, өйткені өз дауысымды Қазақстан гүлденсін деп, немерелерім мен шөберелерім жақсы өмір сүрсін деп бергім келеді», - деді ол.

№ 36 сайлау учаскесінің төрағасы Орын Сыйлыбаеваның айтуынша, учаскеде барлығы 1 575 адам тұрып жатыр, олардың арасында 52 ардагер және алғаш рет дауыс беріп жатқан 16 жас адам бар.

 «Осында келген барлық ардагерлерге, сондай-ақ алғаш рет дауыс беріп жатқан 18 жасар азаматтарға сыйлықтар берілді», - деді О.Сыйлыбаева.

Жамбыл облысында сайлау барысында 450 сайлау учаскесі жұмыс істеді, сайлаушылардың жалпы саны - 503 227 адам, бұл аймақ тұрғындарының шамамен жартысына жуығын құрайды.

15.01.2012 / 23:25

Қызылорда облысының барлық сайлау учаскелерінде дауыс санау басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру толығымен аяқталып, сайлау бюллетеньдерін санау жұмыстары басталды, деп хабарлайды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаұлы.

Бюллетеньдерді санау барысын шетелдік және жергілікті байқаушылар бақылап отыр. Айта кету керек, аймақта 343 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Жалпы сайлаушылардың 80,95 пайызы сайлауға қатысып, дауыс берді.

15.01.2012 / 23:32

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақтөбе облысында сайлауға келу 78,3 пайызды құрады

АҚТӨБЕ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі бір сағат бұрын аяқталды. Қазір сайлау комиссиялары дауыстарды санаумен айналысуда.

Сайлауды бақылау бойынша республикалық комиссия филиалының жетекшісі Халел Құсайыновтың айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша, Астана уақытымен сағат 21.00-де Ақтөбе облысында сайлаушылардың 78,3 пайызы, немесе 340 049 адам сайлауға қатысты.

15.01.2012 / 23:40

Тбилисиде сайлаушылардың дауыстарын санау аяқталды

БАКУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - ҚазАқпарат тілшісіне ҚР-ның Грузиядағы Елшілігінде хабарлағандай, жергілікті уақыт бойынша сағат 20-да (Астана уақыты бойынша сағат 22.00-де) Тбилисидегі Қазақстан Республикасының № 221 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.

 «Биылғы жылы Тбилисиде Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінде сайлау учаскесі алғаш рет ашылды, бүгін мұнда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы болып өтті. Дауыс беруге Грузия аумағында орналасқан Қазақстан компанияларының қызметкерлері қатысты. Дауыстарды санау қорытындысы бойынша, сайлаушылардың келуі 79,6%-ды құрады», - деп хабарлады учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрғиса Рысымбетов.