Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, еліміздегі сайлау барысын байқау үшін 1 мыңнан астам шетелдерден және халықаралық ұйымдардан байқаушылар келеді. «Қазіргі кезде 789 шетелдік байқаушы тіркелді. Атап айтқанда, бұл аккредитациялау тізімі бұдан әрі қарай жалғасады», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық сайлау комиссиясы шетелдік байқаушыларды тіркеу шараларын 9 қаңтарда сағат 24.00-ге дейін жалғастырады