Қазақстандағы сайлау оқыс оқиғасыз өтті - молдовалық байқаушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сайлау оқыс оқиғасыз өтті. Бұл туралы бүгін Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Светлана Гуту айтты.

«Қазақстандағы сайлаудың өте тыныш өткендігін, адамдардың барынша достық пейілде болғанын атап өткім келеді. Ешқандай тосын оқиға болмады, бәрі өздерінің дауыстарын берді. Біз болған сайлау учаскесінде кезек мол болды. Бірақ, адамдар сайлау заңнамасын бұзбай, тыныш жағдайда дауыстарын беріп жатты. Өзіңді қызықтырған сәтті білуге де мүмкіндік бар. Барлық адамдарға бірден жауап беріліп отырды», - деді ол ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар Светлана Гуту сайлаудың халықаралық стандартқа сай жоғары деңгейде өткендігін баса атап өтті.

«Сіздер оған лайықсыздар. Қазақстан жайында тіпті посткеңестік кеңістіктен де тысқары жерлерде сөз қозғалуы тегін еместігіне көз жеткіздік», - деді С.Гуту.